Жыл қорытындысы: өткенге – есеп, болашаққа – жоспар
Новости
10.01.2018, 15:13
Қаңтар айының екінші аптасын Қазақстан теміржолшылары өткен 2017 жылдағы жұмыстарын қорытындылап, биылға нақты жоспарлар құрумен бастады. Ұлттық компанияның бас ғимаратында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен және барлық құрылымдық бөлімшелер, еншілес ұйымдар басшыларының қатысуымен өткен алқалы жиында теміржолдың негізгі шаруашылықтарының былтырғы атқарған жұмыстары кеңінен талқыланып, ең бір өзекті мәселелер ортаға салынды.
Өткеннен сабақ ала отырып, алдағы күндерге жоспар бекітілді. Жеткен жетістіктер деңгейін одан әрі арттырып, сол дәрежені сақтап қалу жайы айтылды. Әдеттегідей алғаш сөз алған «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ басшысы Оралхан Кулаков былтырғы өндірістік қызмет қорытындысы бойынша эксплуатациялық көрсеткіштерді орындауда оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Қаржылық көрсеткіштер мәселесінде ол шығындар бойынша бюджеттік параметрлар толық орындалғанын жеткізді. Бүгінде 47 901 қызметкер еңбек ететін «ҚТЖ-ЖТ» компаниясында еңбек жоспары да жүйелі жолға қойылған.
Мақсат – жүк айналымын 214 млрд ткм-ге жеткізу
–Бір айта кетерлігі, «Келісім-шарттық және коммерциялық жұмыстар» автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде біздің шамамен 20 мыңдай жүк жөнелтушіміз барлық ЖТ бөлімшелері бойынша жүк жөнелтуді ГУ-12 электронды өтінімдерін ресімдеу арқылы осы АСУ ДКР, яғни, ККЖ АБЖ көмегімен жоспарлайды. Бұл жүйе бүгінгі таңда 456 станцияда қосылған. Жүйеде жұмыс істеуге бес мыңдай қызметкер жұмылдырылған. Уақыт пен шығынды үнемдеуде тиімділігі зор жүйені дамытып, алдымызға қағазсыз тасымал географиясын арттыру міндетін қойып отырмыз, – деді О. Кулаков.
Компания 2018 жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, қатал бәсекелестік және жылжымалы құрам жетіспеушілігі, сонымен қатар әлемдік тауар нарығындағы жағымсыз жағдайлардың болуы, іргелес елдер дамуының баяулауына байланысты биыл тасымал қызметінің тұрақты және оң динамикасын сақтап, шығынды азайту, еңбек өнімділігі мен еңбек ақыны индекстеуді арттыру қажеттілігін жақсы түсінеді. Соны ескере келе биыл, жүк айналымын 214 млрд ткм деңгейінде орындау немесе былтырғыдан 2,5 пайыз арттыруды жоспарлап отыр. Сол сияқты транзиттік тасымалды 17,1 млн. тонна көлемге жеткізу көзделуде. 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасындағы Қазақстан аумағы арқылы Қытай –Еуропа бағытындағы транзиттік контейнерлер пойыздарының жылдамдығын тәулігіне 1150 км-ге арттыру бойынша тапсырмалар жүзеге асырылу керек. Қосымша жүк айналымын тарту үшін ҚР аумағы бойынша транзиттік жүк тасымалы саласында ыңғайлы тариф саясатын ұстану жалғаса бермек. Сонымен бірге астық, қара металл, ағаш, көмір, өсімдік майы тасымалы үшін қолайлы тариф жағдайы жасалмақ.
Тиімді техникалық саясат – еңбек өнімділігінің кепілі
Темір жол компаниясының өндірістік қауіпсіздік және техникалық саясатын жүзеге асыру жағдайы туралы Ұлттық компанияның бас инженері Батыр Қотырев баяндады. Өткен жылғы қауіпсіздік жағдайына кеңінен тоқтала келе ол, жарақаттанушылықтың негізгі үш себебін бөліп қарастырды. Ол өндірісте болған барлық жағымсыз жайларға әсер еткен себептерді ұйымдастырушылық, техникалық және сыртқы орта ықпалы деп үш топқа бөлді. Себептерге талдау жасай келе, болған жайлардың жартысы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, жарақат алушылардың абайламаушылығынан орын алғандығына көз жеткізілген. Солай дей келе бас инженер компанияда еңбек қорғау және қауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған шараларға тоқталып, соның бірі ретінде өндірістік қауіпсіздік басқарудың жаңа үлгісіне көшу шеңберінде 5 корпоративтік стандарт бекітілгенін жеткізді.Басқарудың барлық деңгейіндегі екі жарым мыңнан астам басшы мен маман өндірістік қауіпсіздікті басқарудың тиімді әдістерін қолдана отырып оқытылды. Стандарт талаптарына сай еңбек қорғау және қауіпсіздік, оларды бағалау саласында қауіпті сәйкестендіру жүзеге асырылды. Өндірістік жарақаттанушылықты азайту үшін «Қауіпсіз еңбек», «Ерекше режим» деген ұранмен айлықтар барлық құрылымдарда өткізілді, – дей келе Батыр Қотырев 2018 жыл міндеттеріне тоқталды.
Қайғылы жағдайлардың себептерін егжей-тегжейлі талдап, қолданылған шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау, Өндірістік кеңестер мен еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторлар жұмысын белсенді ету, еңбек қорғау жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау нәтижелерінен туындаған ұсынымдарды орындау, автоматтандырылған жүйеге барлық қайғылы жағдайлар есебін тіркеу, қауіпсіз еңбек ету әдістерін насихаттауға бағытталған шаралар өткізуді және жұмысшыларды іштей ынталандыру жұмыстарын жоспарлау – осының бәрін басты міндет ете отырып, бас инженер компанияның техникалық саясаты туралы баяндады.
Компания басқармасының шешімімен 2025 жылға дейін бірыңғай техникалық саясат концепциясы бекітілген. Жылжымалы құрамдар бойынша бірінші кезектегі міндеттер ауқымын сәтті шешуге мүмкіндік беретін техникалық орталық құрылған. Былтыр «Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқарудың жаңа үлгісін енгізу» жобасы жүзеге асырылды. Оның алғашқы кезеңіндегі жұмыстар нәтижесінде 5 мыңнан астам іске қосылмаған активтер анықталып, соның арқасында 3,6 млрд теңге пайда келтірілген. Ал екінші кезеңнің міндеті – «1520 кеңістігі» аясында алғаш жүзеге асырылатын жөндеудің іс жүзіндегі жаңа үлгісіне кезең-кезеңімен көшу. Осыған орай мұндай жобалар бойынша тәжірибесі бар Ernst&Young және Deutsche Bahn Consulting атты халықаралық кеңесші компаниялар тартылды. Биыл бірінші тоқсанда Ernst&Young компаниясы Компанияның негізгі активтері бойынша Жөндеу Стратегиясы және негізгі үдерістерді автоматтандыру бойынша құжаттамалар атты базалық құжаттар дайындамақ.
Өткен жылы темір жол көлігінде Техникалық уақыт тәртібі күшіне енді. Техникалық реттеу бойынша жүйелі жұмыстар қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бас инженер биылға басымдық беретін жұмыстардың бірі ретінде инженерлік-техникалық блок қызметі тиімділігін арттыру үшін саны мен функцияларын Техникалық орталық құрамына беру арқылы Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығын қайту құру туралы ұсынысын білдірді.
Елбасының тапсырмасымен бүгінгі таңда Қытай мен Еуропа арасында жоғары жылдамдықтағы темір жол магистралін салу жобасын жүзеге асыру қолға алынуда. Ауқымы жағынан бұл жоба әлемдік темір жол көлігіндегі ең ірісі болып табылады. 6 елдің үстінен өтетін аталған дәліздің ұзындығы 9 мыңнан астам км-ді құраса, соның ішінде Қазақстан аумағы арқылы 1736 км-ді кесіп өтпек. Жоба «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және Еуразиялық экономикалық одақ қызметін түйістіретін негізгі элемент бола алады және ол Қазақстанның ғаламдық саудадағы рөлін күшейтеді, – деді бас иженер. Бұл магистраль Еуропа мен Қытайдың жоғары жылдамдықтағы көлік жүйесін біріктіріп, Еуразия құрлығындағы ірі агломерациялар арасындағы жолдың уақытын айтарлықтай қысқартады. Бағдар бойынша тек жолаушылар ғана емес, жүк пойыздары да жүреді. Бұл трансқұрлықтық тасымал құрылымына өзгерістер әкеледі.
Уақыт талабына сай сервис
Шоғырландырылған жолаушылар айналымы былтыр жеке тасымалдаушылар есебімен 18,9 млрд. жолаушы-км деңгейіне жетіп, алдыңғы жылдан 4,2 пайызға артқан. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Арман Сұлтанов мәлімдеді.
–Өткен жылы тасымал сұранысын қанағаттандыру үшін тұрақты қатынайтын 7 пойыз қосылды. Олар: Астана-Алматы және Алматы-Ташкент, Әндіжан-Мәскеу транзиттік пойызы, Петропавл-Есілкөл, Петропавлк-Петухово және Қызылорда-Түркістан әлеуметтік қала маңы пойыздары. Ал ЭКСПО көрмесі кезінде 14 уақытша пойыз іске қосылып, қатынады. Сонымен қатар Астана-Ақтөбе және Алматы-Ақтөбе жүрдек пойыздары Жайсаң, Илецк, Шыңғырлау өту қосындары арқылы тоқтаусыз жүре отырып, Орал станциясына дейін ұзартылды. Былтыр желтоқсанда қабылданған «Тұлпар-Тальго» пойыздарының 62 вагонынан Астана-Лениногорск бағытына әлеуметтік жүрдек пойыз ұйымдастырылды, – деп А. Сұлтанов компанияның былтырғы жетістіктерімен бөлісті.
Бүгінде еліміздегі жүрдек пойыздардың бағдарлық жылдамдығы орташа есеппен сағатына 80 км-ді құрайды. Компания басшысы жолаушылар тасымалындағы сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жасалған шаруаларға тоқталды. Өткен жылы осы мақсатта «Бюро Веритас» компаниясы шақырылған. Ол бүгінде клининг сапасы бойынша пойыздарға тексеру жүргізеді. «Тұлпар-Тальго» пойыздарында ас мәзірі, интерьер және тамақ ішетін үстелді бірыңғай етіп дайындау әдісі енгізіліп, ас мәзіріне балаларға арналған және диеталық тағамдар қосылды. Сонымен қатар екі пойызда интернет желісі қосылып, барлық пойыздарда кері байланыс үшін «1433» номерімен жолаушылар өтінішін қабылдау ұйымдастырылды. Пойыз үш сағат артық кешіккен жағдайда билет аларда байланыс нөмірін қалдырған жолаушылардан хабарлама жіберу жүйесі енгізілді. Биыл екінші жартыжылдықта ресейлік әріптестермен бірлесе Қарағанды-Новосібір-Новокузнецк бағытында жаңа пойыз шығару жоспарлануда.
Бүгінде теміржолда 5646 пойыз бригадасы бар екен, соның 33 пайызының білімі жоғары, орташа жас 37 деп алынғанда олардың орташа еңбек өтілі – 13 жылды құрайды. Тағы бір айта кетерлігі пойыз бригадаларының ішінде 476 адам ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес дәрежеде меңгерген. Компания басшысы осы жылы басымдық беретін міндеттер тізбегін жариялағанда, бірінші кезекте жылжымалы құрамды жаңарту, бағдарлардың оңтайлы желісін құру жайын көтерді. Сонымен бірге оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын құру, табысты арттырып, шығынды оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, үдерістерді цифрландыру мәселелері назарда тұр.
Ұлттық компанияның логистикалық қызметі туралы баяндаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев былтырғы жылы ел теміржолында жүк айналымының 4 пайызға артқанын жеткізді. Транзиттік тасымал 16 млн тонна есебімен, соның ішінде контейнерлік жүк айналымының артуы есебінен 100 пайызға орындалған. 2016 жылға қарағанда транзит өсімі 23 пайызға көп. Экспорттық қатынаста жүк тасымалының орындалуы 99 пайыз. Транзиттік тасымалды дамыту үшін былтыр бәсекеге қабілетті тариф бағаларын қою бойынша 13 комиссия отырысы өткізіліп, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Түрікменстан елдерінің жүк жөнелтушілерімен 40 кездесу ұйымдастырылған. Кешенді шараларды жүргізудің арқасында былтыр Қытай-Еуропа бағытындағы транзиттік контейнерлік тасымалдың екі есе өсімі қарқынын сақтау мүмкін болды. Транскаспийлік бағдар бойынша контейнерлік тасымал көлемін арттыру үшін пойыздарды ұдайы жөнелту басталды.
2017 жылы «KTZ Express» АҚ базасында жылжымалы құрам мен кешенді логистикаға қызмет көрсететін «Бірыңғай терезе» қағидаты енгізілді. Бұл холдинг ішілік бәсекелестікті жойып, транзиттік елдермен өзара тікелей қарым-қатынасты орнатуға, жүк жөнелту мен көрсеткіштер сапасын жақсартуға септік етті. С.Елубаевтың айтуынша, былтыр жүк тиеу 313 мың вагон жөнелтіліміне артқан, бұл алдыңғы жылдан 2399 вагонға көп.
Жүк вагондарын көбейту жоспарда бар
2018 дың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бүгінде компанияның еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ-да барлығы 54258 дана вагон бар екенін қоғам басшысы Қайрат Сәуірбаев мәлімдеді. Парктің негізгі бөлігін ашық вагондар құраса, 14,9 пайызын жабық, 9,6 пайызын цистерналар, 4,2 пайызын платформалар және басқалары құрайды.
–Жұмыс паркін көбейту үшін былтыр төртінші тоқсанда ашық вагондар өндірісі экплуатациялық бақылауға өтті, олар Павлодар, Қарағанды, Жамбыл жол бөлімшелерінде қолданыста. Биылдан бастап 2027 жылға дейін 31667 дана жүк вагонына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Сонымен бірге 2022 жылға дейін 10900 дана жүк вагондар алу көзделіп отыр, – деген Қ. Сәуірбаев биыл жүк вагондарын 50 мың данаға жеткізу, 2000-ға жуық ашық вагон алу, жүк вагондарын жалға алуға нарық бағасының өзгеруіне қарай келісім-шарттар жасау және тағы да басқа туралы жоспарлары бар екенін айтты.
Станциялар инфрақұрылымы жетілдіріледі
«ҚТЖ»ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Жарас Ізғұлов теміржолдың инфрақұрылым қызметіне тоқтала келе, жаңа темір жол желілерін салу, транзиттік әлеуеттілікті арттырумен байланысты соңғы жылдары жүзеге асырылған инфрақұрлымдық жобалар теміржолдың оңтайлы кескіндемесін қалыптастыруға мүмкіндік бергенін жеткізді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде былтыр қаншама жолдар жаңарып, Құрық портында кеме кешені ашылды. Биыл қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу қаупін азайтуға мүмкіндік беретін 6 мобильді диагностикалық кешенді пайдалануға беру жоспарлануда. Өзге де жетістіктерін айта келе, осы жылға арналған жоспарларымен бөлісті Жарас Ізғұлов. Ол биыл «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» темір жол желілері құрылысы жобасын аяқтау жоспарланып отырғанын айтты. Сол сияқты Алматы-1-Шу темір жолы, Құрық порты бойынша да бірқатар жұмыстар аяқталмақ.
–Станциялардың инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінбек, бұл дегеніңіз 568 бағыттама бұрманы ауыстыру, 100 жасанды имарат нысанды жөндеу, 7 мың км жолда жол техникаларымен жұмыс жүргізу, 21 дана трансформатор, 8 жинақ құрылғыны ауыстыру деген сөз. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» және «АСУ-Магистраль шеңберінде мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасын жүзеге асыру міндеті тұр. Бұлар диспетчерлік шеңберлерді басқаруды орталықтандыруды, жол диагностикасы құралдарын жаңғыртуды қамтамасыз етеді, – дейді Ж. Ізғұлов.
Түйін
Жиынды қорытындылаған ұлттық компания басшысы Қанат Алпысбаев жалпы өткен жылды Қазақстан темір жолы жақсы нәтижелермен аяқтап отырғанын айтты.
–Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Өйткені, әлі де бітпей жатқан, шешілмей жатқан мәселелер бар. Біз ең бастысы ел экономикасын дамытудың күре тамырындай қақпа болуымыз керек. Еш қиындыққа қарамастан мемлекеттік темір жол көлік операторы ретінде тасымалды жүзеге асыруда талаптарға сай келетін қызметпен қамтуымыз қажет. Вагондар жетіспеушілігі мәселесі өзектілігін жоймаса да, біздің барлық тасымал түрін жүзеге асыруда жеделдік пен тиімділікті қамтамасыз ететін мүмкіндіктеріміз бар деп санаймын. Нарық үшін жұмыс істейтінімізді естен шығармай, өз қызметімізді ұсына отырып, қызметтер айқындылығы мен ашықтығына да көңіл бөлу – басты міндетіміз. Әр өңірде отырған Жүк тасымалы бөлімшелерінің басшылары қашан да барлық мәселені ұдайы назарда ұстап отыруларыңызды талап етемін, –дей келе компания президенті көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерімен ынтымақтастықты нығайту, әсіресе, өзбекстандықтардың Сарыағаш станциясы арқылы жыл соңына дейін күніне 30 жұп пойыз қабылдауға дайындығы туралы сөз етті. Қытай елімен байланысты ұмытпай, осы бағытта географияны кеңейту қажеттілігіне тоқталды.
–Ал жолаушылар тасымалына келсек, халықтың көңілінен шығу, кейде бізге негізсіз таңылатын қате пікірлерден БАҚ арқылы дер кезінде жауап беру арқылы арылып, өз қызметімізді көрсету қажет. Мәселе туындаса, оны жылы жауып қойып, үндемей отыра бермей, соған байланысты жалған қауесет тарап кетудің алдын алу үшін мәселенің шешіліп жатқанын айтып, қоғамға өзіміз үн қатуымыз керек. Сонда халықпен арада түсініспеушілік, бізге деген сенімнің төмендеуі болмайды, – деді қоғам басшысы.
Әрбір теміржолшыны «Маған компания не береді?» дей бергенше, «Мен компанияға, темір жолдың дамуына не бере алам, қандай үлес қоса алам?» деп бір мезгіл ойлануға шақырды. Сонымен қатар Ұжымдық шартта болып жатқан өзгерістердің де шалғайдағы теміржолшыларға дұрыс жетуіне басшылар бірінші кезекте жауаптылығы ескертілді.
Ал болат жолдағы басты қағида – ұлы мәртебелі қауіпсіздік ол – «қанмен жазылған» ЭПЕ (ПТЭ), яғни эксплуатациялық пайдалану ережесін ұстанудан басталады. Соны темірқазық етіп алған әрбір басшы мен оның ұжымында ешбір келеңсіздікке жол берілмейді деген Қанат Қалиұлы барша әріптестеріне алдағы жылда табысты жұмыс істеуге тілктестік білдіріп, кеңес жұмысына нүкте қойды.
Райхан РАХМЕТОВА Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Новости
26.11.2024
Более 155 мостов построят во время строительства новых железных дорог в Казахстане
Новости
26.11.2024
Олжас Бектенов дал ряд поручений Минтранспорта и КТЖ
Новости
26.11.2024
До 2027 года КТЖ построит 9 терминалов
Новости
26.11.2024
Развитие железнодорожной отрасли и транзитного потенциала рассмотрели в правительстве Казахстана
Новости
26.11.2024
Объемы контейнерных перевозок за три года выросли на 30%
Грузовые перевозки
26.11.2024
Минтранс: объем грузоперевозок вырос на 3,5% в Казахстане
Новости
26.11.2024
Более 1600 договоров с отечественными производителями заключило КТЖ в 2024 году
Инфраструктура
26.11.2024
Ремонтные работы железных дорог завершили на 96% в Казахстане
Грузовые перевозки
26.11.2024
Годовой план по сдаче грузов через Достык – Алашанькоу выполнили досрочно
Пассажирские перевозки
26.11.2024
Нацперевозчик напомнил правила использования стоп-крана в пассажирских вагонах
Новости
26.11.2024
Развитие ТМТМ обсудили в Стамбуле
Инфраструктура
26.11.2024
Инфраструктуру железных дорог продолжают улучшать в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости / Архив
26.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №100 от 26 ноября 2024 года
Новости
25.11.2024
Неизвестные похитили болты скрепления пути на перегоне Көкпекті – Нұра
Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году
Регионы
25.11.2024
Тянь-шаньские ели посадили сотрудники Алматинского отделения ГП
Новости
25.11.2024
Обучение по повышению компетенций провели для работников узла Кокшетау
Регионы
25.11.2024
С выходом бродячего скота на железнодорожные пути продолжают бороться в Костанайском регионе
Спорт
25.11.2024
Команда КТЖ заняла первое место на ІХ спартакиаде «Самрук-Қазына»
Регионы
25.11.2024
Итоги работы за 10 месяцев подвели в Алматинском отделении ГП