«Мылтықсыз майдан» осындай-ақ болар...

Новости
27.02.2018, 11:23
«Алтын арқалап жүріп, жантақ жейтін» Шымкент жол дистанциясының жұмысшылары көлденең көк аттыны өз басының  қауіпсіздігі мен төрт түлігінің амандығын сақтауды ескертуден шаршағалы қашан...    Дистанция техниктері оған қоса жол жиегіне қоқыс төккендермен күресіп келеді, тұрмыстық қалдықты тазалауды талап етіп жолға жақын қоныстанған тұрғындармен ұдайы «соғысып» келеді. Бірақ, қолында ереже жазылған парақшадан басқа билігі жоқ техниктің сөзін тыңдайтындар аз болып отыр.   Екі аяққа күш түсіріп, жүйкені жұқартатын жұмыс нәтижесін бермейді. Құр сөзбен қауіпсіздік те, тазалық та сақталмайтынына әбден көзі жеткен олар, ең болмаса темір жол бойында тұрмыстық қалдық төккендерге айыппұл салу қолға алынса деген жанайқайын жеткізуде.  Шымкент жол дистанциясының уақытша техник маманы Назгүл Дәулетова әріптестерімен жол бойында қауіпсіздік пен тазалықты сақтауды насихаттап, үй-үйді аралап, мектептерге барып, оқушылармен кездесіп жүргенімен, жыл басынан бері теміржолда үш адам опат болып, еңбектерінің еш болғанын айтады. Қайтадан түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, сақтандыру, ескерту... –  «Қанды жол» атанған «Шымкент – Қызылсай», «Шымкент – Қорғасын» жолының екі жағында да халық тығыз орналасқан. Тұрғындарды тек айыппұлмен қорқыту ғана қалды. Болмаса санасына жеткенше түсіндіріп келеміз. Шымкент – Манкент телімінің 3319-шақырымында құлаққаптың кесірінен бір қызды пойыз басып, оны құтқарамын деп ұмтылған жігітті де пойыз соғып, екеуі де қайтыс болды. Кеше де отыздан асқан жігіт асығыстықпен жүгіріп өтем деп пойыздың табанына түсіп қалды. 2017 жылы Шымкент жол дистанциясында 12 рет бөгде адамды пойыз басып, соның жетеуінде кісі өлімімен аяқталды. Өкінішке орай, биылғы жылы да екі айға жетпейтін уақыт ішінде үш адам... – дейді Назгүл шарасыз бас шайқап. Черновод бекеті теліміне жауапты Мария Досқараева ай сайын 5 мектепке барады. – Мектептегілер «келе бересіңдер» деп жақтырмайды. Бірақ бара береміз. Қауіпсіздік сынға түсіп тұрған бүгінгідей заманда бір адамның санасына сақтық ұялатсақ, соның өзі үлкен жеңіс.  Әрине, күнде бара берсең халықтың да ығыры шығады. Сондықтан әр шақырым арасын әріптестеріммен бөліп алып, кезекпен көшеде кетіп бара жатқан адамдарға, үйінде, жұмысында жүргендерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексін, теміржолды заңсыз кесіп өткен адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсіндіреміз. Қауіпті аймақта қауіпсіздік сақтап,  жол жиегіне қоқысты тасымауды сұраймыз. Бірақ содан нәтиже шығара алмай-ақ қойдық. Черновод бекетінің қасында жергілікті өзбек тұрғындар мал бағады. Малақты таудай етіп жол жиегіне үйіп тастайды. Өткен жазда «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде солармен бел шешіп жұмыс істедік. Аймақтағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен барып жүріп зорға тазалаттық.  Ұялудың орнына «теміржолды басқа жерден салып алыңдар» деп қарап тұратынын қайтерсіз. Теміржолдың бұл жерде бір ғасырдан бері салынғанына шаруасы жоқ. Аудандық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау бөліміне хат жазамыз, бірақ олардың да тірлігі сылбыр. Меніңше, мұндай тұрғындарға айыппұл салатын заң керек, бір рет ақшасы шыққан соң екінші рет қайталамасына мен кепіл.  Өйткені, олар біздің қанша шүйліккенімізбен, арнайы шара қолданбайтынымызды біліп алған.  Мен осы телімде алты жылдан бері техник міндетін атқарамын, осы  уақыт ішінде көргенім мен көкейге түйгенім осы, – дейді техник маманы.  Өткен жылы аймақтағы ЖІІБ ұйымдастырған жиында Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары  Арман Мақұлбекұлы теміржол бойында тәртіп бұзғандарға салынатын айыппұлды қатаңдату керектігіне тоқталыпты. «Халыққа көзбе-көз кездесіп те, теледидар, газет арқылы да пойыз жолдың қауіпті екенін, пойыздың бірден тоқтай алмайтынын түсіндіру қиын болып отыр. Малын қараусыз қалдыратын иелеріне де соңына дейін әкімшілік шара қолданылмайды. Сол себептен, пойыздардың шұғыл тежегішті басу фактілерін азаяр емес.  Әр пойыздың шұғыл тежегішті басуы шығынмен қатар, пойыздардың кестеден кешігіп келуіне әсер етеді», деп шағынған  теміржол өкіліне Шымкент станциясындағы ІІЖБ бастығы Арман Тіленшин мұндай жағдайда пойыздың жолдағы мал үшін тоқтаған шығынын сол мал иесінен өндіруге болатынын, оны теміржолшылар өздері қолға алу қажеттігін айтып кеңес берген. Ал тәртіп сақшылары тек заң шеңберінде ескерту беруге ғана құқы барын түсіндірді. Демек, теміржолшылар үшін заң бұзушылармен жұмысты қатаңдатып, заң тұрғысында талап етудің уақыты жеткен сияқты. Ал әзірше тұрғындарға не сөзін өткізе алмай, не нақты шара қолдана алмайтын техник мамандар екі аяқтарына күш түсіріп, нәтижесіз жұмыстарын жалғастыруда.  – Пойыз жолдың қауіпті тұсынан кесіп өткендерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте алдымен ескерту берілуі жазылған. Қазір халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар болғандықтан, ескерту берумен шектелеміз. Шымкент станциясының аумағында бір аспалы көпір бар. Ал одан сәл алыстау телім бойында аспалы көпір немесе жерасты өткелдері жоқ. Жол қысқартып, уақытты ұту үшін тұрғындар кейде темір жолдан  өтетіндіктен, бірден 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 12 мың теңге төлейсің деуге аяушылық танытамыз. Бірақ, екінші, үшінші рет тыңдамайтындардан айыппұл өндірілді. Ал, санитарлық тазалыққа айыппұл салу біздің құзырымызға кірмейді, – дейді желілік тәртіп сақшылары. 

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Новости
13.05.2026
В ликвидации крупного пожара задействовали пожарный поезд станции Тобол
Новости
13.05.2026
В трех регионах проинспектирован ход модернизации вокзалов
Новости
13.05.2026
Глава правительства провел совещание по развитию транспортной отрасли
Грузовые перевозки / Инфографика
13.05.2026
Свыше 84 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ за первые четыре месяца 2026 года
Пассажирские перевозки
13.05.2026
Около 4,2 млн пассажиров планирует перевезти КТЖ этим летом
Регионы
13.05.2026
Уральское эксплуатационное локомотивное депо хранит историю и традиции с 1894 года
Новости
12.05.2026
Железнодорожники появились на LED-экране КТЖ
Регионы
12.05.2026
Выставка ко Дню Победы открылась в Семейском отделении грузовых перевозок
Регионы
12.05.2026
Железнодорожники почтили память героев Великой Отечественной войны в Алматы
Новости
09.05.2026
Поздравление председателя правления Талгата Алдыбергенова с Днём защитника Отечества и Днём Победы
Пассажирские перевозки
09.05.2026
Тематические поезда ко Дню Победы отправились в путь из столицы
Грузовые перевозки
08.05.2026
Впервые организована обратная загрузка по ТМТМ: контейнерный поезд отправлен из Турции в Китай через территорию Казахстана
Регионы
08.05.2026
Железнодорожники Оскеменского региона навестили ветерана Великой Отечественной войны Александру Саратовцеву
Спорт
08.05.2026
Турнир по мини-футболу среди железнодорожников прошел в Экибастузе
Регионы
08.05.2026
Илецкие железнодорожники поддержали акцию «Таза Қазақстан»
Новости
08.05.2026
Талгат Алдыбергенов поздравил 100-летнего ветерана-железнодорожника с Днем защитника Отечества и Днем Победы
Регионы
08.05.2026
Итоги конкурса «Лучшее рабочее место» подвели в Карагандинском филиале «Казпрофжел»
Грузовые перевозки
08.05.2026
Объем перевозок зерна вырос на 15%
Регионы
08.05.2026
Автотормозная конференция прошла в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Регионы
08.05.2026
О мероприятиях по охране труда и профилактике переходов путей в неустановленных местах рассказали на станции Алматы-1