Састөбеде тасымал артуда

Новости
22.05.2018, 13:28
Састөбе станциясы негізінен Састөбе цемент зауытының өнімін тасымалдайды. Бұрын жүктің алпыс пайызы цемент болса, 40 пайызын әк құрап келген. Өткен жылдан бері зауыт көмірмен жылытылғалы түсетін жүктің қатарына қатты отын да қосылды.   Станция бастығы Ерғали Маймақовтың айтуынша, қаңтарда 426 вагонға жүк артылып, 57 вагоннан жүк түсірілген. Ақпанда – 480, наурызда  құрылыс жұмыстары басталатындықтан цемент көбірек тиеліп, жіберілетін жүк 614 вагонға көбейген. Негізінен әк пен цементтің құрамын байытатын заттар келетіндіктен ақпанда – 80, наурызда 134 вагон жүк түскен. Сәуірде 465 вагон артылса, келгені 198 вагонды құраған.   Кешегі айдағы жүкті тарқатып айтар болсақ, 116 вагон көмір, 38 вагон гипс, 33 вагон руда, алты вагон селитра, жартылай екі вагон шпал, бір жабық вагон кірпіш түсіріліпті. Цемент қаптауға арналған екі жабық вагон қапшық және бар. Осы айда 465 жүктің ішінде үш жабық вагонға әк, 193 жабық вагонға цемент, 180 арнайы цемент артатын вагондарға цемент, 36 жартылай вагонға қиыршық тас артылған. Станция бастығы Ерғали Жұмабекұлының айтуынша, кәсіпорынға қытайлық фирма мамандары қайта құрылымдау жүргізгелі 2017 жылдың шілдесінен бастап зауыт пештері газбен емес, көмірмен жанады. Газдың шығыны көп болған көрінеді. Көмірмен жылытылғалы биылғы қаңтарда – 22, ақпанда – 53, наурызда 74 вагон көмір түсіпті. Сол себепті ай сайын келетін жүктің 50-60 вагонын көмір құрап отыр.    Бекетті былтырдан бері басқарып жүрген Ерғали Жұмабекұлы өткен жылмен салыстырғанда цементке деген тапсырыстың ұлғайғанын айтады. Бір ғана зауыттың өзі ауылдағы 7 мың халықты жұмыспен қамтып отырғанынан-ақ, ондағы жұмыстың ауқымдылығын байқауға болар.1950 жылдары негізі қаланған Састөбедегі цемент зауыты тәуелсіздік алған жылдардан кейін 15 жыл бойы жекенің қолына өтіп, тұралаған. 2005 жылдан бастап іске қосылғаннан бері зауыт өнімі темір жол көлігі арқылы берісі Түркістан мен арысы Тәжікстанға дейін жөнелуде. Сөйтіп, он үш жылдан бері Састөбенің бұрынғы дәурені қайта оралып, станцияның бойына қан жүгірген. Мұнда отызға жуық теміржолшы зауыттың сұраған вагондарын уақытында жеткізіп, артылған жүктерін межелі жеріне кешіктірмей жіберуде. Сондай-ақ, Ресей сынды шет елдерден тапсырыспен келетін қажетті өндірістік шикізатты мерзімінде тапсырады. Кестеден кешікпей жұмыс істейтін теміржолшылардың еңбегіне зауыт басшылығы да дән риза.   Састөбеліктердің айтуынша, Шымкент цемент зауыты мен Қызылсайдағы «Стандарт Цемент» ЖШС-не қарағанда Састөбедегі цементтің бағасы қолжетімді. Төмен бағадағы өнім тез өтеді әрі зауыттың да жұмысын тоқтатпайды. Зауыт тоқтамаса, халық та жұмыссыз қалмайды. Осы жағын ескерген ауыл қариялары кеңес жасап, екі жыл бұрын зауыт басшылығына бағаны төмендету жайлы өтініш айтқан. Міне, содан бері цементке деген сұраныс біртіндеп артып келеді. Састөбе ауыл округіне қарасты Келтемашат, Жамбыл, Балықшы, Сергеевка, Еңбек, Мақталы, т.б елді мекендерін қосқанда 40 мың халық тұрып жатыр.    Халық күзге жақын жеміс-жидек, дәнді-дақылдарын Састөбеге әкеліп, вагондарға артады. Себебі Түлкібас станциясы бұл ауылдан 25 шақырым алыс болса, 5 шақырымнан кейінгі орналасқан Сергеевка станциясынан негізінен мұнай өнімдері тасымалданады. Сондықтан, тек цемент қана емес, арагідік көкөніс  де артылады. Кей жылдары Қытайға 20 вагон мақсары, солтүстік өңірлерге 10 вагон пияз жөнелтіп тұрған. Жолаушылар үшін мұнда Астана-Сарыағаш, Алматы-Маңғышлақ, Қызылорда-Көкшетау сынды ел ішінде жүретін алты жолаушылар пойызы тоқтайды. Станциядағы бес жолдың біріншісі мен екіншісі басты жолға жатса, бір жол арнайы халықтың пайдалануына берілген. Алпыс вагон сиятын бұл жолда тұрғындар келген заттарын түсіріп, жүктерін артады.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал