Састөбеде тасымал артуда
Жаңалықтар
22.05.2018, 13:28
Састөбе станциясы негізінен Састөбе цемент зауытының өнімін тасымалдайды. Бұрын жүктің алпыс пайызы цемент болса, 40 пайызын әк құрап келген. Өткен жылдан бері зауыт көмірмен жылытылғалы түсетін жүктің қатарына қатты отын да қосылды.
Станция бастығы Ерғали Маймақовтың айтуынша, қаңтарда 426 вагонға жүк артылып, 57 вагоннан жүк түсірілген. Ақпанда – 480, наурызда құрылыс жұмыстары басталатындықтан цемент көбірек тиеліп, жіберілетін жүк 614 вагонға көбейген. Негізінен әк пен цементтің құрамын байытатын заттар келетіндіктен ақпанда – 80, наурызда 134 вагон жүк түскен. Сәуірде 465 вагон артылса, келгені 198 вагонды құраған.
Кешегі айдағы жүкті тарқатып айтар болсақ, 116 вагон көмір, 38 вагон гипс, 33 вагон руда, алты вагон селитра, жартылай екі вагон шпал, бір жабық вагон кірпіш түсіріліпті. Цемент қаптауға арналған екі жабық вагон қапшық және бар. Осы айда 465 жүктің ішінде үш жабық вагонға әк, 193 жабық вагонға цемент, 180 арнайы цемент артатын вагондарға цемент, 36 жартылай вагонға қиыршық тас артылған. Станция бастығы Ерғали Жұмабекұлының айтуынша, кәсіпорынға қытайлық фирма мамандары қайта құрылымдау жүргізгелі 2017 жылдың шілдесінен бастап зауыт пештері газбен емес, көмірмен жанады. Газдың шығыны көп болған көрінеді. Көмірмен жылытылғалы биылғы қаңтарда – 22, ақпанда – 53, наурызда 74 вагон көмір түсіпті. Сол себепті ай сайын келетін жүктің 50-60 вагонын көмір құрап отыр.
Бекетті былтырдан бері басқарып жүрген Ерғали Жұмабекұлы өткен жылмен салыстырғанда цементке деген тапсырыстың ұлғайғанын айтады.
Бір ғана зауыттың өзі ауылдағы 7 мың халықты жұмыспен қамтып отырғанынан-ақ, ондағы жұмыстың ауқымдылығын байқауға болар.1950 жылдары негізі қаланған Састөбедегі цемент зауыты тәуелсіздік алған жылдардан кейін 15 жыл бойы жекенің қолына өтіп, тұралаған. 2005 жылдан бастап іске қосылғаннан бері зауыт өнімі темір жол көлігі арқылы берісі Түркістан мен арысы Тәжікстанға дейін жөнелуде. Сөйтіп, он үш жылдан бері Састөбенің бұрынғы дәурені қайта оралып, станцияның бойына қан жүгірген. Мұнда отызға жуық теміржолшы зауыттың сұраған вагондарын уақытында жеткізіп, артылған жүктерін межелі жеріне кешіктірмей жіберуде. Сондай-ақ, Ресей сынды шет елдерден тапсырыспен келетін қажетті өндірістік шикізатты мерзімінде тапсырады. Кестеден кешікпей жұмыс істейтін теміржолшылардың еңбегіне зауыт басшылығы да дән риза.
Састөбеліктердің айтуынша, Шымкент цемент зауыты мен Қызылсайдағы «Стандарт Цемент» ЖШС-не қарағанда Састөбедегі цементтің бағасы қолжетімді. Төмен бағадағы өнім тез өтеді әрі зауыттың да жұмысын тоқтатпайды. Зауыт тоқтамаса, халық та жұмыссыз қалмайды. Осы жағын ескерген ауыл қариялары кеңес жасап, екі жыл бұрын зауыт басшылығына бағаны төмендету жайлы өтініш айтқан. Міне, содан бері цементке деген сұраныс біртіндеп артып келеді.
Састөбе ауыл округіне қарасты Келтемашат, Жамбыл, Балықшы, Сергеевка, Еңбек, Мақталы, т.б елді мекендерін қосқанда 40 мың халық тұрып жатыр.
Халық күзге жақын жеміс-жидек, дәнді-дақылдарын Састөбеге әкеліп, вагондарға артады. Себебі Түлкібас станциясы бұл ауылдан 25 шақырым алыс болса, 5 шақырымнан кейінгі орналасқан Сергеевка станциясынан негізінен мұнай өнімдері тасымалданады. Сондықтан, тек цемент қана емес, арагідік көкөніс де артылады. Кей жылдары Қытайға 20 вагон мақсары, солтүстік өңірлерге 10 вагон пияз жөнелтіп тұрған. Жолаушылар үшін мұнда Астана-Сарыағаш, Алматы-Маңғышлақ, Қызылорда-Көкшетау сынды ел ішінде жүретін алты жолаушылар пойызы тоқтайды. Станциядағы бес жолдың біріншісі мен екіншісі басты жолға жатса, бір жол арнайы халықтың пайдалануына берілген. Алпыс вагон сиятын бұл жолда тұрғындар келген заттарын түсіріп, жүктерін артады.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады