Жол қорыған жолшылар
Новости
15.06.2018, 17:33
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстік нүктесіндегі Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімі бойымен жылжымалы құрамдар жүре бастағалы мұндағы жол күтімін жасаушы Сексеуіл жол дистанциясы жолшыларының жұмысы жандана түскен.
Телімнен өткізілетін жүк пойыздары сағатына 60 км жылдамдықпен, ал жолаушылар құрамы сағатына 80 км жылдамдықпен жүргізілгенмен қараусыз малдың жолға шығып кетуінен тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануы уақыт өткен сайын азаюы былай тұрғай, артып келеді. Әрине, дистанция жұмысшылары мүмкіндігінше профилактикалық жұмыстар жасауда, дегенмен жолшылардың «бас ауруына» айналған мәселе оңалар емес. Жағдайды түзету үшін жергілікті әкімдіктерге хат жолданып, жергілікті бұхарамен түсіндіру шаралары жасалып, жол бойын жағалай қоршау салу жұмыстары қат-қабат жүргізілуде.
– Жол жағалай жайылған төрт түлік малдан жолды қору деген қосымша жұмыс жолшылар мойнына артылғалы қашан. Жергілікті тұрғындармен, әкімдіктермен кездесіп, арнайы жұмыс топтарымен, құқық қорғаушылармен бірігіп рейд те жүргізілуде, алайда нәтижесі өзгеріссіз қалып отыр, – дейді Сексеуіл дистанциясының жол инженері Бауыржан Төлегенов.
Сексеуіл-Жезқазған жаңа телімі бойымен «Қызылорда-Жезқазған» жолаушылар пойызы мен «Сексеуіл-Қоскөл-Жезқазған» қала маңы пойызы 80 шақ/сағ жылдамдықпен жүріп жатыр. Бір-екі бекеттен өзге маңда тұрғындар кездесе бермейтін телім бойына қауіп иесіз жайылған мал ғана болып саналады. Жол бойына шығып кеткен малды баспас үшін машинистер оқыс тежегіш беріп тоқтауға мәжбүр, соның салдарынан жүк және жолаушылар пойызының кестесі бұзылып, қыруар қаржы шығынын тартуда.
– Біздің басты міндетіміз – жолда пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамамасыз ету. Бізге Қызылорда темір жол бөлімшелеріне қарасты Сексеуіл пайдалану локомотив депосынан жолдағы малға шұғыл тежегіш беріп, тоқтағандары жөнінде көптеген жеделхаттар келуде. Малды басып кету салдарының материалдық шығыны, жолдан шығып кету жағдайы болғанда, локомотив пен вагон зақымданса, пойыздар жүрісіне кедергі жасап ұстаса, ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 559-бабы 1- тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын халықтың құлағына құйып тастағанбыз, бәрі де хабардар, бірақ айтатын уәждері: төрт түлігінің соңынан жүруге ешқайсысында уақыты жоқ, құдай сақтасын, сосын әрине, басып кеткен жағдайда «менікі емеспен» құтылады, – дейді Сексеуіл дистанциясының жол инженері Бауыржан Қайрақбайұлы.
Осыдан біраз уақыт бұрын дистанция басшысы Мәжит Құрманбаевтың басшылығымен телім бойындағы Қарақұм ауылында жергілікті тұрғындармен жиын өтіп, оған тұрғындармен бірге ауыл ақсақалдары да арнайы шақырылып, ауыл әкімімен бірге иесіз малдың теміржол бойында жүргізілмеуі ескертіліп, тығырықтан шығу жолы қарастырылған, мысалы, ауыл малын бағатын бақташы шығару сөз болған. Дәл осындай жиын Шижаға елді мекенінде де өткізіліп, телеграммалық нұсқамалар негізінде рейд ұйымдастырылыпты. Сонымен қатар осы ауылдағы орта мектепте «Теміржолды арнайы жол белгілері арқылы өту» және «Теміржол – қауіпті аймақ» тақырыбында ашық сабақ өткен.
– Жыл басынан бері бірнеше акция өткізіліп, арнайы рейд ұйымдастырылды, жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бергі бес ай ішінде телім бойымен жүрген пойыздардың машинистері 9 рет жедел тежегіш қолданғаны анықталып отыр, – дейді Бауыржан Төлегенов.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова
Новости
14.09.2026
Около 600 сотрудников ГП прошли обучение вайб-кодингу и работе с ИИ
Регионы
14.09.2026
Осенний комиссионный осмотр готовятся провести в ВКО
Новости
14.09.2026
Токаев: транзитная сеть Казахстана обеспечивает до 85% сухопутных грузоперевозок Китай – Европа
Новости
13.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах