Жол қорыған жолшылар

Жаңалықтар
15.06.2018, 17:33
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстік нүктесіндегі Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімі бойымен жылжымалы құрамдар жүре бастағалы мұндағы жол күтімін жасаушы Сексеуіл жол дистанциясы жолшыларының жұмысы жандана түскен. Телімнен өткізілетін жүк пойыздары сағатына 60 км жылдамдықпен, ал жолаушылар құрамы сағатына 80 км жылдамдықпен жүргізілгенмен қараусыз малдың жолға шығып кетуінен тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануы уақыт өткен сайын азаюы былай тұрғай, артып келеді. Әрине, дистанция жұмысшылары мүмкіндігінше профилактикалық жұмыстар жасауда, дегенмен жолшылардың «бас ауруына» айналған мәселе оңалар емес. Жағдайды түзету үшін жергілікті әкімдіктерге хат жолданып, жергілікті бұхарамен түсіндіру шаралары жасалып, жол бойын жағалай қоршау салу жұмыстары қат-қабат жүргізілуде. – Жол жағалай жайылған төрт түлік малдан жолды қору деген қосымша жұмыс  жолшылар мойнына артылғалы қашан. Жергілікті тұрғындармен, әкімдіктермен кездесіп, арнайы жұмыс топтарымен, құқық қорғаушылармен бірігіп рейд те жүргізілуде,  алайда нәтижесі өзгеріссіз қалып отыр, – дейді Сексеуіл дистанциясының жол инженері Бауыржан Төлегенов. Сексеуіл-Жезқазған жаңа телімі бойымен «Қызылорда-Жезқазған» жолаушылар пойызы мен «Сексеуіл-Қоскөл-Жезқазған» қала маңы пойызы 80 шақ/сағ жылдамдықпен жүріп жатыр. Бір-екі бекеттен өзге маңда тұрғындар кездесе бермейтін телім бойына қауіп иесіз жайылған мал ғана болып саналады. Жол бойына шығып кеткен малды баспас үшін машинистер оқыс тежегіш беріп тоқтауға мәжбүр, соның салдарынан  жүк және жолаушылар пойызының кестесі бұзылып, қыруар қаржы шығынын тартуда.    – Біздің басты міндетіміз – жолда пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамамасыз ету.  Бізге Қызылорда темір жол бөлімшелеріне қарасты Сексеуіл пайдалану локомотив депосынан жолдағы малға шұғыл тежегіш беріп, тоқтағандары жөнінде көптеген жеделхаттар келуде. Малды басып кету салдарының материалдық шығыны, жолдан шығып кету жағдайы болғанда, локомотив пен вагон зақымданса, пойыздар жүрісіне  кедергі жасап ұстаса, ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 559-бабы 1- тармағына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын халықтың құлағына құйып тастағанбыз, бәрі де хабардар, бірақ айтатын уәждері: төрт түлігінің соңынан жүруге ешқайсысында уақыты жоқ, құдай сақтасын, сосын әрине, басып кеткен жағдайда «менікі емеспен» құтылады, – дейді Сексеуіл дистанциясының жол инженері Бауыржан Қайрақбайұлы. Осыдан біраз уақыт бұрын дистанция басшысы Мәжит Құрманбаевтың басшылығымен телім бойындағы Қарақұм ауылында жергілікті тұрғындармен жиын өтіп, оған тұрғындармен бірге ауыл ақсақалдары да арнайы шақырылып, ауыл әкімімен бірге  иесіз малдың теміржол бойында жүргізілмеуі ескертіліп, тығырықтан шығу жолы қарастырылған, мысалы, ауыл малын бағатын бақташы шығару сөз болған.  Дәл осындай жиын Шижаға елді мекенінде де өткізіліп, телеграммалық нұсқамалар негізінде рейд ұйымдастырылыпты. Сонымен қатар осы ауылдағы орта мектепте «Теміржолды арнайы жол белгілері арқылы өту» және «Теміржол – қауіпті аймақ» тақырыбында ашық сабақ өткен.   – Жыл басынан бері бірнеше акция өткізіліп, арнайы рейд ұйымдастырылды, жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бергі бес ай ішінде телім бойымен жүрген пойыздардың машинистері 9 рет жедел тежегіш қолданғаны анықталып отыр, – дейді Бауыржан Төлегенов.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл