Аягөз бен Ақтоғай арасында...

Новости
17.01.2017, 17:35
2 мин чтения
Қысы қатал Аягөз өңірінің теміржолшылары үшін бүгінде қармен күрес – ең маңызды науқан. Оны жергілікті теміржолшылар өз күштерімен еңсеруде. Қармен күрес, қысқы мезгілдегі шұғыл әрекет жуырда өткен тораптық жиын барысында кең талқыланып, тиісті нұқсамалар берілген болатын. Қазіргі күні аталмыш өңірдегі кәсіпорындар мен желілік құрамдарда арнайы кезекшіліктер қойылған. Сондай-ақ, қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары да штаттан тыс жағдайға келтірілген. Әзірге алаңдатарлық жағдай туындап тұрған жоқ. Өңірде қардың мөлшерден көп түсуіне қарамастан, барлық бағыттардағы пойыздар кесте бойынша қатынауда. Соңғы көрсеткішке сүйенсек, Аягөз, Жарма, Ақтоғай өңірі бойынша қар айлық нормадан әлдеқайда көп түсіпті. Сол себепті де, қараша айынан басталған қармен күрес маусымы үздіксіз жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін СМ-2 техникасының күшімен 10 330 текше метр қар шығарылса, СДПМ қартазалағыш машинасы 4 мың 10 км желі бойын ақ ұлпадан арылтыпты. Сонымен қатар, қасаттанған қарды қырғыш СС-3 машинасы 1 200 км жол бойын бабына келтірген. Тыңғылықты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пойыз қозғалысына кедергі келтірілмеді. Желі бойындағы жол айрықтарында жолшылар қосымша күш шақырмай, өз күштерімен станция бекет жолдарын қардан аршып алуда. Ал әр бір боранды түннен кейін жол монтерлары шалғай станциялар бойына сапарға шығып, жергілікті теміржолшыларға жәрдемдесуде. Ең алдыңғы кезекте станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмалар күртік қардан аршылуы, содан кейін перрондар, қызметтік өткелдер, жол бойы, байланыс құрылғылары, көпірлер мен құбырлар, т.т. тазартылуда. –Бүгінде қармен күрес маусымына байланысты Жарма мен Ақтоғай арасындағы 225 шақырымдық бас жол толықтай қадағалауда. Оның ішіндегі 211 бағыттамалы бұрма да қатаң назарда ұсталуда. Әсіресе, қарлы боранның өтіндегі, ақ ұлпа жиі басып қалатын Аягөз – Ақтоғай теліміндегі Көшкентал, Темекілі, Ақболат, 27-ші жол айрығындағы жұмыс қауырт. Сол тәрізді Жарма – Аягөз аралығындағы жиі бұрқасындататын Егізқызыл, Айғыржал, Қарақойтас, Алтынқолат, Еңірекей сынды 5 сыныпты станциялардағы жолшылардың да тәулік бойы қар тазалауына тура келетін уақыт тууда, – дейді Аягөз жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Болат Мұстафинов. Сондай-ақ, қар қалың түсетін, ызғырық желдің өтіндегі бірқатар станцияларда орнатылған биіктігі үш метр болатын тосқауыл қорғандар да өз септігін тигізуде екен.

Қуаныш Қожаев, Аягөз

Новости
16.10.2026
Заседание Координационного транспортного совещания государств – участников СНГ прошло в Астане
Новости
16.10.2026
Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере
Регионы
16.10.2026
Акмолинское отделение магистральной сети готовится к зиме
Новости
16.10.2026
Путейцы Кульсары признаны лучшими по итогам 2025 года
Новости
16.10.2026
ҚТЖ представило свои возможности на выставке TransLogistica Kazakhstan в Астане
Новости
16.10.2026
ҚТЖ провело серию переговоров о развитии ТМТМ и увеличении грузопотоков
КТЖ в лицах
16.10.2026
Ирину Харьковскую проводили на пенсию в Дирекции интегрированного планирования
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака