Аягөз бен Ақтоғай арасында...
Қысы қатал Аягөз өңірінің теміржолшылары үшін бүгінде қармен күрес – ең маңызды науқан. Оны жергілікті теміржолшылар өз күштерімен еңсеруде.
Қармен күрес, қысқы мезгілдегі шұғыл әрекет жуырда өткен тораптық жиын барысында кең талқыланып, тиісті нұқсамалар берілген болатын.
Қазіргі күні аталмыш өңірдегі кәсіпорындар мен желілік құрамдарда арнайы кезекшіліктер қойылған. Сондай-ақ, қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары да штаттан тыс жағдайға келтірілген. Әзірге алаңдатарлық жағдай туындап тұрған жоқ. Өңірде қардың мөлшерден көп түсуіне қарамастан, барлық бағыттардағы пойыздар кесте бойынша қатынауда.
Соңғы көрсеткішке сүйенсек, Аягөз, Жарма, Ақтоғай өңірі бойынша қар айлық нормадан әлдеқайда көп түсіпті. Сол себепті де, қараша айынан басталған қармен күрес маусымы үздіксіз жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін СМ-2 техникасының күшімен 10 330 текше метр қар шығарылса, СДПМ қартазалағыш машинасы 4 мың 10 км желі бойын ақ ұлпадан арылтыпты. Сонымен қатар, қасаттанған қарды қырғыш СС-3 машинасы 1 200 км жол бойын бабына келтірген. Тыңғылықты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пойыз қозғалысына кедергі келтірілмеді.
Желі бойындағы жол айрықтарында жолшылар қосымша күш шақырмай, өз күштерімен станция бекет жолдарын қардан аршып алуда. Ал әр бір боранды түннен кейін жол монтерлары шалғай станциялар бойына сапарға шығып, жергілікті теміржолшыларға жәрдемдесуде. Ең алдыңғы кезекте станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмалар күртік қардан аршылуы, содан кейін перрондар, қызметтік өткелдер, жол бойы, байланыс құрылғылары, көпірлер мен құбырлар, т.т. тазартылуда.
–Бүгінде қармен күрес маусымына байланысты Жарма мен Ақтоғай арасындағы 225 шақырымдық бас жол толықтай қадағалауда. Оның ішіндегі 211 бағыттамалы бұрма да қатаң назарда ұсталуда. Әсіресе, қарлы боранның өтіндегі, ақ ұлпа жиі басып қалатын Аягөз – Ақтоғай теліміндегі Көшкентал, Темекілі, Ақболат, 27-ші жол айрығындағы жұмыс қауырт. Сол тәрізді Жарма – Аягөз аралығындағы жиі бұрқасындататын Егізқызыл, Айғыржал, Қарақойтас, Алтынқолат, Еңірекей сынды 5 сыныпты станциялардағы жолшылардың да тәулік бойы қар тазалауына тура келетін уақыт тууда, – дейді Аягөз жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Болат Мұстафинов.
Сондай-ақ, қар қалың түсетін, ызғырық желдің өтіндегі бірқатар станцияларда орнатылған биіктігі үш метр болатын тосқауыл қорғандар да өз септігін тигізуде екен.
Қуаныш Қожаев, Аягөз
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды