Жол күтімі күн сайын қадағалауда
Новости
03.06.2016, 11:47
Әдеттегі жоспарлы және ағымдағы жұмыстарын күн сайын жүргізіп жататын Астана жолшыларында жаз келгелі бір мезет те тыным жоқ. 800-ге жуық шақырым темір жолдың қауіпсіздігіне жауапты олар жазғы жұмыстарды жайма шуақ мезгілде жеңіл жүріп тындыруға дағдыланған.
Ірілендірілген Астана жол дистанциясының жол монтерлері 7 колоннадан тұратын 7 телімге біріктірілген болса, қазіргі таңда соның бір бөлігі станция жолдарында бағыттама бұрмаларының жер төсемдерін көтерумен айналысып жатыр.
Түске дейін шақырайып шыққан күнімен ысып, түс ауа көшкен бұлтпен жаңбыры дайын тұратын Елорданың қай уақытында да теміржолшылар табиғаттың тосын мінездеріне үйренген, тоқтамастан жұмыстарын жалғастыра береді. Бізді жөндеу жұмыстары алаңына ертіп барған дистанцияның бас инженері Нұрлан Мұхатаевтың айтуынша, «толаскез» кезінде «Унимат» техникасы іске қосылып, бағыттама бұрмаларын көтеріп, қайта орнына қойғанға дейін ол жерлерге қиыршық тастар үйіліп төгіледі. Бұрманы көтерген кезде әбден жермен жексен болған олардың астына қиыршық тастар түсіп, бұрма біршама биіктеп барып, қайта өз орнына жайғастырылады. Бұл техникамен күніне 6 бағытттама бұрмасының жер төсемі биіктетіледі. Жолдың мінсіз қызметі үшін аса маңызды осы жөндеу жұмыстарынан бөлек жоспарлы шаруалар тізбегі де белгіленген.
– Орташа, күрделі жөндеулер, рельс ауыстыру, жол өлшеу вагондарының жұмысы, ақаутапқыштар тексеруі, тағы да басқа жұмыстар жоспары бізде бір жылға алдын ала нақтыланған. Балдық көрсеткіштерімізді де айқындап отырамыз. Мысалы, биыл өткен 4 ай ішінде династия жұмысы 75 балдық көрсеткішпен бағаланды. Үстіміздегі жылы 48 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, яғни ағаш шпалдарды темір-бетон түріне ауыстыру жоспарланған. Оның 27 шақырымы Шортанды-Төңкеріс, қалғаны Астана –Жайнақ станциялары аралығындағы жолға жасалмақ. Жалпы бізге қарасты жолдардың шамамен 80 пайыздайы жаңартылған десек болады. Ал бағыттама бұрмаларының осы жылы 15-ін жаңартқалы отырмыз, – деп ақпарат берді бас инженер.
Дистанцияда бүгінде 940 адам еңбек етеді. Кешегі көктемгі комиссиялық тексеруді 6 телімге 4 комиссия бөліп қарап шығу арқылы өткізіп, бірқатар олқылықтар бойынша тапсырмалар алынды. Ендігі мәселе осы айдың 25-нен бастап мектептерде жазғы демалыстың басталуына орай темір жол бойларында орналасқан станция-бекеттердегі тұрғындармен, білім ордаларында түсіндіру жұмыстарын жүргізу басталды. Дистанцияның еңбек қауіпсіздігі инспекторлары осы шаруаны мүлтіксіз орындауға кіріскен. Ал жоспарланған ағымдағы жөндеулер жылдың әрбір күніне бөлініп, темір жолдың тынымсыз қозғалысына кепілдік берер жұмыстармен жалғасып жатыр.
Райхан Рахметова
Астана
Регионы
14.07.2026
Железнодорожники провели профилактическую лекцию по безопасности на ж/д переездах в Костанае
Пассажирские перевозки
14.07.2026
Об обеспечении санитарной безопасности в поездах рассказали в АО «Пассажирские перевозки»
Новости
14.07.2026
КТЖ проводит благотворительную акцию «Соберем детей в школу»
Новости
14.07.2026
КТЖ запустило отечественную платформу KTZ Cargo Reporting для аналитики грузовых перевозок
Новости
14.07.2026
Акмолинский филиал Казпрофжел подвёл итоги и обсудил применение ИИ
Новости
14.07.2026
Сервис сопровождения пассажиров с инвалидностью внедрили на 64 вокзалах Казахстана
Новости / Архив
14.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №53 от 14 июля 2026 года
Грузовые перевозки
13.07.2026
Новые сортировочные пути увеличили мощность терминала Khorgos Gateway на 48%
Регионы
13.07.2026
Руководство КТЖ поручило ускорить реконструкцию вокзалов Семей, Аягоз и Актогай
Регионы
13.07.2026
Карагандинские железнодорожники приняли участие в конкурсе «Государственный язык — символ Независимости»
Грузовые перевозки
13.07.2026
Почти 6,8 миллиона тонн грузов перевезено через станцию Алтынколь с начала года
Инфраструктура
13.07.2026
Сроки строительства железнодорожной линии Бахты – Аягоз взяты на особый контроль
Пассажирские перевозки
10.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» перевезло более 992 тыс. пассажиров в Алматы
Регионы
10.07.2026
Реконструкция железнодорожной пассажирской платформы завершена в Темиртау
Регионы
10.07.2026
Акция «Безопасный переезд» прошла на станции Кушмурун
Новости
10.07.2026
Новые сервисы появились на вокзале «Нұрлы жол»
Регионы
10.07.2026
Конкурс «Лучший осмотрщик вагонов» прошёл в Илецке
Новости / Архив
10.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №52 от 10 июля 2026 года
Новости
09.07.2026
КТЖ продолжает обновление стрелочных переводов на магистральной сети
Грузовые перевозки
09.07.2026
КТЖ готовит вагонный парк к перевозке угля в предстоящем отопительном сезоне