Көш бастаған теміржолшы

Новости
21.02.2017, 12:19
Тәуелсіздік – шет елдегі талай қазақтың тарихи Отанына оралуына жол ашты. Нәубет заманда төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастар Одақ тараған елең-алаң тұстың өзінде, ешкімнен жәрдем күтпей көштің басын атамекенге бұрғаны белгілі. Сол алыстан атамекенім деп аңсап жеткен қандасымыздың бірі – түлкібастық теміржолшы Мырзақұл Маханбетов болатын.   Бүгінде ол Шымкент – Түлкібас теліміндегі белгі беру және байланыс нүктелеріне жауапты  аға электр-механик. Сонау Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде туып-өскен қазақ жігіті 1988 жылы, отыз жасында Шымкент, Жамбыл, Алматы өңірін бір шолып кеткен екен. Сол кезде ойы елге оралу болыпты. Кейін Одақ тарағанына бес жылға жуықтағанда 35 жасар отағасы «баспана, жұмыс жайы не болады?» деп ойламастан, Қоңыраттағы үй-жайын сатып, жары мен балаларын алып, Түлкібасқа көшіп келеді.  Бірден жұмысқа тұра қоймайды. – Теміржолдың белгі беру-байланыс саласында он бес жылдан аса тәжірибем бар маман болсам да жергілікті жерде анда-мында барсам да, «келе ғой» деп шықыра қойған ешкім болмады. Ол кезде бүгінгідей квота, оралман деген статус, жұмыспен қамту  деген бағдарлама жоқ. Екі ай бойы осы жақтың тірлігіне бейімделіп, ұсақ сауда жасаған  әйеліме көмектесіп жүріп жаттым. Бастысы – баспанамыз бар еді. Бір күні, бұл  1996 жылдың маусымы болатын,  Шымкенттен тауар алуға барған сапарымда вокзалға жақын Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясын көрдім. Бір демалысымда дипломым мен еңбек кітапшамды алып, бастығына кіріп, жағдайымды айттым. Қазір Астанадағы белгі беру және байланыс дистанциясын басқарып отырған Сапарәлі Садықбеков деген азамат өте жылы қабылдады. Мән-жаймен танысқан соң: «Күзде келсең, осы күнге дейін неге жүрсің келмей, Түлкібаста кілең зейнеткерлер отыр, жұмыс істейтін сендердей тәжірибелі мамандар керек бізге», деп өзіме кейіп те алды.  Сол сәтте өтініш жазғызып, бірден жұмысқа қабылдады. Бөтен елден келіп жалғызсырап әрі тосырқап жүрген мен Сапекеңнің бауырмалдығына қатты риза болып, тіпті толқып көзіме жас алдым. Сәл отырып есімді жинадым да, Ташкенттегі темір жол техникумының байланыс саласында оқуын бітіргелі жатқан інімнің барын айттым. Ол кісі бізге ондай маман керек деп жолдама беріп оны да алдыратынын айтқанда, төбем көкке жеткендей болды. Күзге қарай оқуын бітіріп кенже інім де қасыма орнықты. Оның артынан ата-анам ере келіп, айналдырған 2-3 жылда бірқауым ел болдық та қалдық, – деп өзінің қалай «қазақстандық» болғанын Мырзақұл Шүкірбайұлы әңгімелеп берді. Ташкентті темір жол көлігі инженері институтын бітірген, жоғары білімді маман 1980-1995 жылдары Қоңырат теміржолында электр-механик, Қоңыраттан 60 км қашықтағы Үстірт жазығында Қырыққыз – Қоңырат арасында телім бастығы болған тәжірибелі теміржолшы болғанының арқасында елге келген соң да еңбекте тек абырой арқалаған. Мырзақұл Шүкірбайұлынан білгеніміздей, Түлкібас станциясында Қарақалпақстаннан келген отбасы 350-ден асса, тағы осы шамаласы  аудан орталығы Тұрар Рысқұловта, Ванновка кентінде тұрады. Оңтүстік Қазақстанның жаймашуақ ауа райы мен Түлкібастың тамаша табиғатына  қоңыраттық қазақтар бірден бауыр басып, тез жерсініп кетіпті. Түлкібастағыдай  Қоңыраттағы қазақтар да бау-бақшаға епті, шаруақор көрінеді. – Елге келгеніме қуанамын. Сүйікті жұмысымды таптым. Балаларымды үгіттеген жоқпын, екі ұл мен екі қызым да өз қалауларымен темір жолды таңдап, М.Тынышбаев атындағы Көлік академиясын бітірді. Қоңыратта жүргенде де ешкімнен кем болмадық. Аудан, облыс, темір жол саласын сексен пайыз қазақтар басқарды. Өзге ұлт деп ешкім қыр көрсетпеді. Бірақ, туған жер, қан деген тартпай тұра ма, «балаларым өз елінде өссе» деген ой маза бермейтін. Оның үстіне ақсақалдардың: «Әлдеқандай заман болады, мүмкіндік болса елге жетіп алыңдар. Ертең ел бөлініп, шекара жауып жатса қиын болады, бөтен елде тәуелді болып қаласыңдар» дегені ойымда жүретін. Түлкібастың таулы табиғаты ұнады. Ауасы да, суы да таза. Қысқасы, елге оралғалы  жаман өмір сүрген жоқпын,– дейді аға электр-механик.   Айтуынша, ата-бабасы Ақтөбенің Байғанин ауданындағы Қарауылкелді елінен. Ашаршылық  жылдары түрікмендердің шекарасындағы  Мары облысының Байрам – Алы жеріне дейін келіп,  біраз тұрған.  Кейін ел іші тынышталғанда кері кетпек те болған. Алайда, Кеңес өкіметі орнап, «сенікі, менікі» деп ұлт айыру болмаған соң, кілең қазақ қоныстанған Қоңыратты жерсініп кетіпті. Біраз ағайын  уған топырақ Ақтөбеге оралған.  Мырзақұл Шүкірбайұлының тағы бір кәсіби жетістігі – ШЧ терминдерінің орысша-қазақша  атауларын бірдей қолданады. Горловина, стрелка, электр привод  т.б. терминдердің  тақ және жұп қылта, алқым, бағыттағыш бұрма, электр жетегі, түрлі-түсті бағдаршам деп қазақша баламасын қоса айтып, соңғы техника қауіпсіздігінің жаңаша нұсқаулықтарын талдап отырады. Осылай туған тілге деген құрметін ісімен дәлелдеуде түлкібастық теміржолшы.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА,  Шымкент

Пассажирские перевозки
24.06.2026
Нацперевозчик объявил о скидках до 20% на популярные туристические маршруты
КТЖ в лицах
24.06.2026
Инженера-технолога Каухар Нуртазину проводили на пенсию в Семейском отделении грузовых перевозок
Новости
24.06.2026
Встреча представителей железнодорожных профсоюзов Казахстана и России состоялась в Кокшетау
Новости
24.06.2026
КТЖ призывает соблюдать правила безопасности на железной дороге в период летних каникул
Новости
24.06.2026
Дноуглубительные работы продолжаются в порту Актау
Новости
23.06.2026
Внесших вклад в развитие взаимодействия со СМИ сотрудников отметили в КТЖ
Новости
23.06.2026
Студенты ALT Университета проходят геодезическую практику на объектах КТЖ
Регионы
23.06.2026
Итоги работы за 5 месяцев подвели в РЦУП-2
Новости / Архив
23.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №48 от 23 июня 2026 года
Новости
22.06.2026
Будущее ключевого маршрута между Европой и Азией обсуждают в Брюсселе
Новости
22.06.2026
КМГ и КТЖ обеспечили сквозной цифровой контроль логистики нефтепродуктов в Казахстане
Инфраструктура
22.06.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Талдыкоргане
Новости
22.06.2026
КТЖ создаст единую цифровую сеть LTE-R для железных дорог Казахстана и международных транспортных коридоров
Регионы
22.06.2026
Железнодорожники высадили цветы у административного здания Семейского отделения магистральной сети
Грузовые перевозки / Цифра недели / Инфографика
22.06.2026
Более 130 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Новости
22.06.2026
Победителей художественного конкурса среди детей железнодорожников наградили в Астане
Регионы
22.06.2026
Карагандинские железнодорожники высадили 60 деревьев в рамках проекта «Таза Қазақстан»
Новости
21.06.2026
Машинист поезда предотвратил наезд на пятилетнего ребенка
Новости
20.06.2026
Движение по новому автодорожному мосту открыто в Алатау
Пассажирские перевозки
20.06.2026
АО «Пассажирские перевозки» вводит дифференцированный подход к формированию стоимости билетов