Көш бастаған теміржолшы
Жаңалықтар
21.02.2017, 12:19
Тәуелсіздік – шет елдегі талай қазақтың тарихи Отанына оралуына жол ашты. Нәубет заманда төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастар Одақ тараған елең-алаң тұстың өзінде, ешкімнен жәрдем күтпей көштің басын атамекенге бұрғаны белгілі. Сол алыстан атамекенім деп аңсап жеткен қандасымыздың бірі – түлкібастық теміржолшы Мырзақұл Маханбетов болатын.
Бүгінде ол Шымкент – Түлкібас теліміндегі белгі беру және байланыс нүктелеріне жауапты аға электр-механик. Сонау Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде туып-өскен қазақ жігіті 1988 жылы, отыз жасында Шымкент, Жамбыл, Алматы өңірін бір шолып кеткен екен. Сол кезде ойы елге оралу болыпты. Кейін Одақ тарағанына бес жылға жуықтағанда 35 жасар отағасы «баспана, жұмыс жайы не болады?» деп ойламастан, Қоңыраттағы үй-жайын сатып, жары мен балаларын алып, Түлкібасқа көшіп келеді. Бірден жұмысқа тұра қоймайды.
– Теміржолдың белгі беру-байланыс саласында он бес жылдан аса тәжірибем бар маман болсам да жергілікті жерде анда-мында барсам да, «келе ғой» деп шықыра қойған ешкім болмады. Ол кезде бүгінгідей квота, оралман деген статус, жұмыспен қамту деген бағдарлама жоқ. Екі ай бойы осы жақтың тірлігіне бейімделіп, ұсақ сауда жасаған әйеліме көмектесіп жүріп жаттым. Бастысы – баспанамыз бар еді. Бір күні, бұл 1996 жылдың маусымы болатын, Шымкенттен тауар алуға барған сапарымда вокзалға жақын Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясын көрдім. Бір демалысымда дипломым мен еңбек кітапшамды алып, бастығына кіріп, жағдайымды айттым. Қазір Астанадағы белгі беру және байланыс дистанциясын басқарып отырған Сапарәлі Садықбеков деген азамат өте жылы қабылдады. Мән-жаймен танысқан соң: «Күзде келсең, осы күнге дейін неге жүрсің келмей, Түлкібаста кілең зейнеткерлер отыр, жұмыс істейтін сендердей тәжірибелі мамандар керек бізге», деп өзіме кейіп те алды. Сол сәтте өтініш жазғызып, бірден жұмысқа қабылдады. Бөтен елден келіп жалғызсырап әрі тосырқап жүрген мен Сапекеңнің бауырмалдығына қатты риза болып, тіпті толқып көзіме жас алдым. Сәл отырып есімді жинадым да, Ташкенттегі темір жол техникумының байланыс саласында оқуын бітіргелі жатқан інімнің барын айттым. Ол кісі бізге ондай маман керек деп жолдама беріп оны да алдыратынын айтқанда, төбем көкке жеткендей болды. Күзге қарай оқуын бітіріп кенже інім де қасыма орнықты. Оның артынан ата-анам ере келіп, айналдырған 2-3 жылда бірқауым ел болдық та қалдық, – деп өзінің қалай «қазақстандық» болғанын Мырзақұл Шүкірбайұлы әңгімелеп берді.
Ташкентті темір жол көлігі инженері институтын бітірген, жоғары білімді маман 1980-1995 жылдары Қоңырат теміржолында электр-механик, Қоңыраттан 60 км қашықтағы Үстірт жазығында Қырыққыз – Қоңырат арасында телім бастығы болған тәжірибелі теміржолшы болғанының арқасында елге келген соң да еңбекте тек абырой арқалаған.
Мырзақұл Шүкірбайұлынан білгеніміздей, Түлкібас станциясында Қарақалпақстаннан келген отбасы 350-ден асса, тағы осы шамаласы аудан орталығы Тұрар Рысқұловта, Ванновка кентінде тұрады. Оңтүстік Қазақстанның жаймашуақ ауа райы мен Түлкібастың тамаша табиғатына қоңыраттық қазақтар бірден бауыр басып, тез жерсініп кетіпті. Түлкібастағыдай Қоңыраттағы қазақтар да бау-бақшаға епті, шаруақор көрінеді.
– Елге келгеніме қуанамын. Сүйікті жұмысымды таптым. Балаларымды үгіттеген жоқпын, екі ұл мен екі қызым да өз қалауларымен темір жолды таңдап, М.Тынышбаев атындағы Көлік академиясын бітірді. Қоңыратта жүргенде де ешкімнен кем болмадық. Аудан, облыс, темір жол саласын сексен пайыз қазақтар басқарды. Өзге ұлт деп ешкім қыр көрсетпеді. Бірақ, туған жер, қан деген тартпай тұра ма, «балаларым өз елінде өссе» деген ой маза бермейтін. Оның үстіне ақсақалдардың: «Әлдеқандай заман болады, мүмкіндік болса елге жетіп алыңдар. Ертең ел бөлініп, шекара жауып жатса қиын болады, бөтен елде тәуелді болып қаласыңдар» дегені ойымда жүретін. Түлкібастың таулы табиғаты ұнады. Ауасы да, суы да таза. Қысқасы, елге оралғалы жаман өмір сүрген жоқпын,– дейді аға электр-механик.
Айтуынша, ата-бабасы Ақтөбенің Байғанин ауданындағы Қарауылкелді елінен. Ашаршылық жылдары түрікмендердің шекарасындағы Мары облысының Байрам – Алы жеріне дейін келіп, біраз тұрған. Кейін ел іші тынышталғанда кері кетпек те болған. Алайда, Кеңес өкіметі орнап, «сенікі, менікі» деп ұлт айыру болмаған соң, кілең қазақ қоныстанған Қоңыратты жерсініп кетіпті. Біраз ағайын уған топырақ Ақтөбеге оралған.
Мырзақұл Шүкірбайұлының тағы бір кәсіби жетістігі – ШЧ терминдерінің орысша-қазақша атауларын бірдей қолданады. Горловина, стрелка, электр привод т.б. терминдердің тақ және жұп қылта, алқым, бағыттағыш бұрма, электр жетегі, түрлі-түсті бағдаршам деп қазақша баламасын қоса айтып, соңғы техника қауіпсіздігінің жаңаша нұсқаулықтарын талдап отырады. Осылай туған тілге деген құрметін ісімен дәлелдеуде түлкібастық теміржолшы.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?