Маңғыстау станциясының ұжымы станциясының техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау инженері Айгүл Аяпованың қызы Алинаны біздің қызымыз деп меншіктейді.  Сондықтан оның жеңісіне шын қуанған станциялықтар елден бұрын қуанды. Өнерлі өрен жақында бірінші республикалық «Музыка әлемі» балалар мен жасөспірімдер байқауында «Эстрадалық вокал» айдары бойынша өте шеберлікпен үздік өнер көрсетіп, І орын жүлдегері атанып келді. Маңғыстау станциясының қызметкерлері әнші қызды пойыздан салтанатпен күтіп алып, алғашқылар қатарында құттықтап, анасының  қуанышын бөлісті. Теміржолшылардың ұйымдастырған  мерекелік кештерде кішкентайынан сахна төріне шығып, ән шырқап өскен Алина Бакиеваны олар «Джамайка» деп еркелетеді. Өйткені Алина  6 жасынан бастап осы шет елдің әнін өзінің бал тілімен айтып, көрерменін баурап алған еді. Бүгінде 15 жасқа толған балғын қыз түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүр, 6 жасында «Музыкалық Вояждан» 1 орын алса,  9 жасында «Әнші балапан» сайысының бас жүлдегері атанып, облыстық «Бәйшешек», «Жаңа есім» додаларында топ жарған. Алина келесі айда Елордада өтетін халықаралық «Жарық жұлдыз» телевизиялық байқауына жолдама алып, қазір қызу дайындық үстінде.

Анаргүл Жексембай, Маңғыстау