Жарайсың, Алина!
Жаңалықтар
08.06.2016, 11:53
Маңғыстау станциясының ұжымы станциясының техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау инженері Айгүл Аяпованың қызы Алинаны біздің қызымыз деп меншіктейді.
Сондықтан оның жеңісіне шын қуанған станциялықтар елден бұрын қуанды. Өнерлі өрен жақында бірінші республикалық «Музыка әлемі» балалар мен жасөспірімдер байқауында «Эстрадалық вокал» айдары бойынша өте шеберлікпен үздік өнер көрсетіп, І орын жүлдегері атанып келді. Маңғыстау станциясының қызметкерлері әнші қызды пойыздан салтанатпен күтіп алып, алғашқылар қатарында құттықтап, анасының қуанышын бөлісті.
Теміржолшылардың ұйымдастырған мерекелік кештерде кішкентайынан сахна төріне шығып, ән шырқап өскен Алина Бакиеваны олар «Джамайка» деп еркелетеді. Өйткені Алина 6 жасынан бастап осы шет елдің әнін өзінің бал тілімен айтып, көрерменін баурап алған еді. Бүгінде 15 жасқа толған балғын қыз түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүр, 6 жасында «Музыкалық Вояждан» 1 орын алса, 9 жасында «Әнші балапан» сайысының бас жүлдегері атанып, облыстық «Бәйшешек», «Жаңа есім» додаларында топ жарған.
Алина келесі айда Елордада өтетін халықаралық «Жарық жұлдыз» телевизиялық байқауына жолдама алып, қазір қызу дайындық үстінде.
Анаргүл Жексембай, Маңғыстау
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады