Дуальдық жүйе жемісін беруде
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен Ақтөбе көлік, коммуникациялар және жаңа технологиялар колледжі бірлесе отырып, дуальды білім беру жүйесін енгізгені белгілі. Содан бері жүздеген болашақ теміржолшы теорияны өндірістік орындарда тәжірибемен сабақтастырып келеді.
Рас, колледж басшылығы дуальды білім беру жүйесіндегі заңнамаларды жетілдіру керектігін айтады. Дуальды білім беру жүйесін енгізуге мүмкіндігі бар кәсіпрындарға талаптар бекітіліп, оқыту орындары, оқу полигондары және шеберханалар қажет.
– Осы жүйені енгізгенімізге төрт жылдан асып барады. Ақтөбе облысында 27 кәсіпорынмен дуальды білім беру жүйесі бойынша ынтымақтастық орнатқан болсақ, оның 23-і теміржол мекемелері. Негізінен төрт бағыт бойынша, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, «Транстелеком» компаниясының филиалы, «Қамқор Локомотив» және Ақтөбе байланыс және белгі беру дистанциясымен қоян-қолтық жұмыс жасап келеміз, – дейді колледж директоры Жеңіскүл Мұхамбетпайызова.
Оқу орны басшысының айтуынша, бүгінде дуальды білім беру жүйесі бойынша «Қазавтожол» компаниясымен де келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.
Дуальды білім беру жүйесі Ақтөбедегі теміржолшылар даярлайтын колледжде 2013 жылы енгізіле бастады. Алғашқы жылы тәжірибе ретінде «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару», «Теміржолдағы жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Теміржол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша оқитын студенттер теміржол мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өте бастады. Жаңа жүйе бойынша білім беру мақсатында оқытушылар құрамы дуальды білім беру ертерек енгізілген Сингапур, Германия, Австралия, Беларусь елдеріне іссапармен барып келді. Алғашқы жылдары жаңа жүйе бойынша колледжбен серіктес болу жөнінде Ақтөбе жол дистанциясы, «Ақтөбе локомотив пайдалану депосы», «Лизинг Ақтөбе», т.б. теміржол мекемелері меморандумға қол қойды.
– Колледж басшылығы «Оқу орны тек мамандарды даярлап қана қоймай, теміржол көлігінің дамуына көмектесу керек» деген қағиданы ұстанады. Дуальды білім беру жүйесі студенттерге тәжірибеден өтуде үлкен мотивация береді. Өйткені оқу орнында алған теориялық білімін тәжірибеде қолдану мүмкіндігі бар, – дейді Жеңіскүл Мұхабетпайызова.
Колледж директорының айтуынша, жаңа жүйе енгізілгелі колледжден 100-ге тарта түлек Мақат, Ақтоғай, Атырау, Ақтөбе, Аягөз, Балқаш, Павлодар, Екібастұз, Қостанай жүк тасымалы бөлімшелеріне жұмысқа орналасқан.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета