МАҚСАТ – ЖАРАҚАТСЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАУ

Новости
14.03.2017, 14:35
Маңғыстау вагон пайдалану депосында ақпанда өткен еңбек қорғауға байланысты айлық шара мақсаты өндірістік жарақат оқиғаларына жол бермеу, алдын алу болып табылады.    Айлық  өткен жылдың 28-29 қаңтар күндері Алматы, Атырау бөлімшелерінде бірі пойыз құрастырушы, бірі жүк қабылдаушы, екі бірдей теміржолшылардың аяқ асты өндірістік жарақат алуына байланысты жұмыс барысындағы келеңсіз жайттардың алдын алу  және жұмысшыларды жарақатсыз жұмыс жасауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Десек те, маңғыстаулық вагоншылар апатты құбылыс, күтпеген оқыс оқиғалардан әрдайым хабардар болып, қол қойып, танысып отырады, өндірістік процесс кезінде қандай қателік кетті? Бұл қателік адамнан ба әлде техника, құрал-сайманнан ба, жарақаттанудың себеп-салдарына шолу жасайды.  Жасыратыны жоқ, өндірісте жарақат алу немесе бақытсыз оқиға салдары көп жағдайда  адами факторға байланысты орын алатыны дәлелденген шындық. Бұл әрине, жұмысқа немқұрайлы қараудан немесе абайсыздықтан болады.  Сол үшін ВЧД-33 мекемесінде жыл сайын  техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығынан бастап шаруашылық қызметкерлеріне дейін арнайы кесте бойынша еңбек және электр қауіпсіздігінен емтихан тапсырады. Биылғы емтихан 15 ақпаннан басталыпты, наурыздың ортасына дейін жаслғаспақ. Оған еңбек қорғау жөніндегі бас инженер, кәсіподақ комитетінің төрайымы, басқа да басшы құрамдардан келіп қатысып отырады. Мұнда жұмысшылардың білім деңгейі сарапқа салынып, нұсқаулықтар бойынша сұрақтар қойылады. Бұдан бөлек, мекемеде күн сайын 12 сағаттың ішінде 3 рет тексеріс жүреді. Тексерудің бірінші сатысында жұмысшылардың құрал-саймандары, яғни күнделікті қолданатын балғасы, шапқышы, тескіші, т.т. еңбек қорғауға сай ма,  тексеріліп, кемшіліктер болса ескертіліп отырады.  Екінші бір тексеру, вагон қараушылардың жұмыс киіміне,  тамақтануына қатысты. Киімі бүтін, тамағы тоқ адамнан ғана жұмыс талап етуге боалтынын айтпаса да түсінікті.   Үшінші тексеріс – жұмыстың аяғында өтеді. Бұл күнделікті жұмыс тәртібінің сақталуы, жұмыстың нұсқаулыққа сәйкес жүруі  үшін  маңызды.  ─  Жұмыс барысында жарақат алған бір ғана жағдай бізде 2005 жылы тіркелді. Одан кейін оқыс оқиғалар болған емес. Айлық шараны өзге аймақтарда жарақат алудың көбейіп кеткендігіне байланысты өткіздік. Дегенмен, әр адам өз қауіпсіздігіне жауапты болғаны жөн. Шараға сәйкес,  22 тұйық, 16 бекет, Ералы, Боржақты – Ерсай сияқты бақылау посттарына аншлагтар іліп қойдық. Олар бір ай бойы тұрса, мына папка  бір жыл бойы сақталады. Себебі, бізге келген тексерушілер айлық барысында қандай жұмыстар жасалғанын, жоспардың қалай орындалғанын сұрайды, – дейді Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Жұмабек Якупбаев. Депода әр аптаның үшінші күні  қауіпсіздік күні өтеді. Онда да пойыз, жұмысшылардың киімі, құрал-саймандары, керек-жарағы, парктегі  сөрелер,  жарықтандыру, дауыс зорайтқыш сигналдары, радиостанция, жұмыс өрнектері, компрессорлар, т.б. түгел тексерістен өтеді. Бақылау постындағы адамдардың пойызды қалай, қай жерден, не мақсатта күтіп алғандығы сұралып, тексеру кітабына жазылып отырады. Маңғыстау вагон пайдалану депосында жыл басталғалы еңбек қауіпсіздігін бұзған немесе жарақаттанған, сөгіс немесе қатаң ескерту алған жұмысшылар тіркелмеген. Бұған бір себеп, вагон қараушылармен жиі өткізілетін әңгімелесу сабақтары болса керек. Мысалы, 25 қаңтарда өткен әңгімелесу барысында Жұмабек Якупбаев 2008 жылдан 2016 жылға дейін ҚТЖ-да 81 вагонның бүйір рамасының ақауы анықталып,  оның себеп-салдарлары туралы әңгімелеп берді. Әрине, кез-келген вагон қараушының ең бірінші қаруы – көзі. Қырағылық болса керек.  Мысалы, кейбір вагондар теңселіп келе жатуы, кейбірінің жүгі қолайсыз тұрған болуы мүмкін. Нағыз кәсіби маман  вагондағы ақауды анадайдан келе жатып, дыбыс арқылы-ақ  анықтай алатын көрінеді. –Келе жатқан жүк құрамы қауіпті. Тиелген жүк кислота не аммиак, көмір болуы және олар шашырап, не тамып, не ағып келе жатқан болуы мүмкін. Вагон қараушылар міндетті түрде пойызды күтіп алуы керек. Бұл ережеде көрсетілген. Күтіп алып, ақауы болса анықтап, кемшілікті жойып, құрамды жолға бүтін, сау кейде шығарып салып отыруы керек. Сонымен қатар, вагон қараушы өз қауіпсіздігін де естен шығармай, кенеттен көлденең қырсыққа ұшырап, жарақат алмау жағын естен шығармауы керек, – дейді ол. Маңғыстау вагон пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы Жұмабек Якупбаевтың цехында 122 адам жұмыс істейді.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде