Техникалық қауіпсіздік жайын сараптады

Новости
28.03.2017, 14:47
2 мин чтения
       Осы жылдың 13-17 наурызы аралығында IOSH еңбек және қауіпсіздік институты теміржол тобының төрағасы Кит Мори Астанада Қазақстан теміржолының нысандарын аралап, техникалық қауіпсіздік жағдайын саралады. Іс-сапарының қорытындысын шетелдік сарапшы ұлттық компанияның өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров бастаған теміржолшыларға айтып, нысандар жұмысынан байқаған кемшіліктер мен көз жеткізген жетістіктер туралы ақпарат берді.          Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы арасында 2010 жылдан бастап қол қойылған келісім шеңберінде аталған банк ұлттық компанияның бірнеше жобаларын қаржыландырады. Осы келісім аясында жүзеге асқан Кит Моридің келісі қазақстандық теміржолшылардың техникалық қауіпсіздік сақтаудағы жұмысын сырт көзбен бағалап, сол арқылы болашаққа бағам жасауға мүмкіндік берді. –Бұл кездесудің ең басты мақсаты – өзара тәжірибе алмасу. Біз сұрыптау станциясы, локомотив және вагон депосын, шеберханаларды, жол бойларын, диспетчерлік, техникалық қызмет көрсетуді, жылжымалы құрамды, т.б. нысандарды аралап, қауіпсіздік ережелерінің барлық тармақтарының сақталуын қарап шықтық. Атап өтерлік жақсы жұмыстар жасалуда. Тазалықтың жоғары деңгейде екеніне, барлығы нұсқаулыққа сай жүзеге асатынына көз жеткіздік. Жұмыс персоналының жауапкершілігіне көңіліміз толды. Алайда кемшіліктер де бар. Мысалы, атап айтар болсам, сол ережелерді тым қатты ұстанатындықтарыңыз сондай, қызметкерлермен басшылардың еркін қарым-қатынасы жоқ, оларды техникалық қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерін қолпаштау, ынталандыру жағын күшейту қажет. Және тағы бір айта кетерлігі, өндірісте қауіпсіздікке байланысты қорғаныш құралдарын, киімдерін толық пайдалануда басшылық бірінші болып үлгі көрсетуі керек. Бұл өте маңызды. Міне, осындай бірқатар ұсыныстар бар, – деді Кит Мори мырза.  Қазақстан теміржолындағы бес күн ішінде сарапшымен өткен жиындарда еңбек қызметі мен түрлі ауырлықтағы қиындықтар талқыланды, олардың сипаты, зерттеу тәсілдері, қабылданған түзету шаралары, қауіпсіздік деңгейін арттыруға кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтау, бастапқы ұсыныстар айтылды. Ірілендірілген Астана жол дистанциясында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік бойынша рәсімдер мен рөлін зерттеу үшін диспетчерлік қызмет, жылжымалы құрам, нысандар, қауіп белгілері мен арнайы белгі бергіштер қаралды. А. Жағыпаров теміржолшылар атынан шетелдік әріптеске өзара ынтымақтаса жасалған жұмыс нәтижесі үшін алғысын білдірді.

Ұлан ОРАЗ

Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН

Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета