Техникалық қауіпсіздік жайын сараптады
Осы жылдың 13-17 наурызы аралығында IOSH еңбек және қауіпсіздік институты теміржол тобының төрағасы Кит Мори Астанада Қазақстан теміржолының нысандарын аралап, техникалық қауіпсіздік жағдайын саралады.
Іс-сапарының қорытындысын шетелдік сарапшы ұлттық компанияның өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров бастаған теміржолшыларға айтып, нысандар жұмысынан байқаған кемшіліктер мен көз жеткізген жетістіктер туралы ақпарат берді.
Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы арасында 2010 жылдан бастап қол қойылған келісім шеңберінде аталған банк ұлттық компанияның бірнеше жобаларын қаржыландырады. Осы келісім аясында жүзеге асқан Кит Моридің келісі қазақстандық теміржолшылардың техникалық қауіпсіздік сақтаудағы жұмысын сырт көзбен бағалап, сол арқылы болашаққа бағам жасауға мүмкіндік берді.
–Бұл кездесудің ең басты мақсаты – өзара тәжірибе алмасу. Біз сұрыптау станциясы, локомотив және вагон депосын, шеберханаларды, жол бойларын, диспетчерлік, техникалық қызмет көрсетуді, жылжымалы құрамды, т.б. нысандарды аралап, қауіпсіздік ережелерінің барлық тармақтарының сақталуын қарап шықтық. Атап өтерлік жақсы жұмыстар жасалуда. Тазалықтың жоғары деңгейде екеніне, барлығы нұсқаулыққа сай жүзеге асатынына көз жеткіздік. Жұмыс персоналының жауапкершілігіне көңіліміз толды. Алайда кемшіліктер де бар. Мысалы, атап айтар болсам, сол ережелерді тым қатты ұстанатындықтарыңыз сондай, қызметкерлермен басшылардың еркін қарым-қатынасы жоқ, оларды техникалық қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерін қолпаштау, ынталандыру жағын күшейту қажет. Және тағы бір айта кетерлігі, өндірісте қауіпсіздікке байланысты қорғаныш құралдарын, киімдерін толық пайдалануда басшылық бірінші болып үлгі көрсетуі керек. Бұл өте маңызды. Міне, осындай бірқатар ұсыныстар бар, – деді Кит Мори мырза.
Қазақстан теміржолындағы бес күн ішінде сарапшымен өткен жиындарда еңбек қызметі мен түрлі ауырлықтағы қиындықтар талқыланды, олардың сипаты, зерттеу тәсілдері, қабылданған түзету шаралары, қауіпсіздік деңгейін арттыруға кедергі келтіретін кемшіліктерді анықтау, бастапқы ұсыныстар айтылды. Ірілендірілген Астана жол дистанциясында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік бойынша рәсімдер мен рөлін зерттеу үшін диспетчерлік қызмет, жылжымалы құрам, нысандар, қауіп белгілері мен арнайы белгі бергіштер қаралды.
А. Жағыпаров теміржолшылар атынан шетелдік әріптеске өзара ынтымақтаса жасалған жұмыс нәтижесі үшін алғысын білдірді.
Ұлан ОРАЗ
Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті