Басты талап – сапаға көңіл бөлу
Ерлермен қатар әйелдердің де теміржолдың барлық саласынан табылуы таңсық емес. Солардың бірі – Семей станциясының қойма меңгерушісі Альмира Базарғазина.
Семей және Жаңасемей станцияларын керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырған Альмира Советбекқызы теміржолшыларға не керегін бес саусақтай біледі. Сондықтан өз тірлігіне мығым, батыл. Станция жұмысшылары бір орталықтан арнаулы киімдермен жабдықталады. Биылғы қыс теміржолшылардың барлығы қысқы киіммен, аяқ киім, қолғаппен толық жабдықталып, қыстан қысылмай шығуы Альмираның да еңбегі. Міне, енді көктем келісімен алда жаздық киімдерді сәуір айының 15 жұлдызына дейін таратып беру міндеті тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын киімдердің сапасының сын көтермейтіндігі шу болғаны есімізде. Қойма меңгерушісі Альмира осы мәселеге қатысты пікірін білдірді.
–Иә, екі-үш жыл бұрын киім сапасына айтылар сын-ескертпелердің көп болғаны соншалық, жабдықтау жұмыстың басы-қасында болып, тікелей жұмысшылармен араласып жүргендіктен, олардың киім сапасына айтатын шағымдарын тыңдай-тыңдай құлақ жауыр болған. Қолдан келгенше жағдайды түзеуге тырысып, сапасыз киімдерді өндірушілерге кайтарып жіберіп, басшылар алдында да талай рет дәлелдеуге тура келді. Міне, көш жүре түзеледі демекші, жағдай бірте-бірте дұрысталып, алғашқы жылдағы кемшіліктер жойылды, бүгінде сапасыз киім-кешек алмаймыз, былтырғы, биылғы жылдарғы жылы киімдердің сапасы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарғанын жұмысшылардың өздері де айтады. Бізде басты талап – сапаға көңіл бөлуді жолға қойдық, – дейді қоймашы келіншек.
Альмира, сонымен қатар сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі жан. Әнді тамылжыта салып, баянда, домбырада шебер ойнайды. Станцияның барлық мерекелік шараларына белсене араласады. Бөлімше бойынша өткізілетін спорттық шаралардың ортасынан табылады. Үйінің ішін гүл бағына айналдырған бағбандығының өзі бір төбе. Ол ол ма, бос уақытында тоқыма тоқу, тігін тігу, тамақ пісіруді ұнатады. 22 наурызда міндетті түрде наурыз көже пісіріп, үй ішімен қоса жұмыстағы әріптестерін де тілі дәм үйіретін көжеге тойдыруы әдетке айналған.
Альмираның үлкен қызы Меруерт тұрмыста, мамандығы мұғалім, кіші қызы Мөлдір вокзалда билет кассирі.
Ерлан Ғазез, Семей
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета