Қауіп-қатерге толы кәсіп
Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясына қарасты Қызылсай қосалқы тарту станциясының негізін қалаған теміржолшының бірі Шадихан Рысбеков отыз жылға жуық пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.
Бұл қосалқы тарту станциясы – Түлкібас, Бадам, Қызылсай, Қазығұрт, станцияларындағы желі бойын, осы аумақтағы теміржол мекемелерін, жеке абоненттерді электр тоғымен қамтамасыз етеді. Теміржол бойындағы станциялар, вокзалдар мен оның қасындағы шағын мекемелерді жарықтандыруға қуат беріп отыр. Оған қоса теміржолға қарасты елді-мекен тұрғындарын да жарықпен қамтамасыз етеді.
Шымкенттегі энерготехникумды бітірген Шадихан Асылұлы туған жері Бәйдібек ауданындағы Ақтас ауылында энергетик болып 13 жыл еңбек еткен соң 1989 жылы жаңадан ашылған Қызылсайдағы қосалқы тарту станциясына ауысады.
Шадихан Асылұлы бізге осы қосалқы тарту станциясындағы барлық электр құрылғыларының қызметін таныстырды. ТП-1, ТП-2, ТП-3, ТП-4 сынды төрт трансформатордың екеуі 40 кВт тоқпен жұмыс істейтінін, қалғаны резерв үшін қорда тұратынын, апатты жағдай бола қалса, алғашқы көмекке барудың амалдары мен кіл электр тоғынан жасақталған станцияда еңбек етудің қауіпті тұстарына дейін тәптіштей түсіндірді.
– Қызылсай қосалқы тарту станциясына 1989 жылы жаңадан кірген мені Омбы қаласына біліктілікті арттыру курсына оқуға жіберді. Ал станция 1990 жылы іске қосылған. Содан бері болат жол бойын электрмен жабдықтаудың түрлі сатысынан өттім. Осы ұжымды бірнеше жыл басқардым. Теміржолдағы электр жүйесі жүрген желілердің бәрі – қауіпті. Аса мұқият болуды талап етеді. Кезекші электр-механиктің міндеті – желі бойындағы электр қуатының үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау. Абайсызда өшкен жағдайда жылдам әрекет жасап, қосуы тиіс. Өздерінің мүмкіндігі болмаса, әріптестерін көмекке шақырады. Өйткені пойыздар қозғалысында іркіліс болмау керек. Сосын, техника қауіпсіздігін сақтап, наряд бойынша бригаданы жұмысқа жібереміз. Бұдан бөлек, жұмысқа келген және кеткен уақытта толық аумақты көріп шығып, қайсысы өшірулі және қосулы екеніне көз жеткізіп, егер ақау шықса басшылыққа, диспетчерге хабарлаймын. Осы жерде еңбек етіп жатқан жігіттердің бәрі менің шәкірттерім. Отыз жыл бұрын 15 шақты маман болса, қазір 7-8 электр-механигі бар. Бұл саланың маманы ең алдымен нұсқаулықты түсініп, есте сақтап жүрсе көп қауіптің алдын алады. Біз енді зейнеттік демалысқа кетеміз, кейінгі жастардың жағдайын ойлаймын. Ұлттық компания қауіп-қатермен бетпе-бет жүріп еңбек ететін сала жұмысшыларының қауіпсіздігін арттыра түссе дейміз, – дейді жас әріптестерінің қауіпсіздігіне алаңдаған тәжірибелі маман. Айта кетерлігі, Шадихан Рысбековтың қос ұлы әке кәсібін жалғастырыпты. Рауан 8 жылдан бері осы қосалқы тарту станциясында әкесімен қатар жұмыс істеп, қазір басқарып отыр. Ал Рамазан жөндеу, тексеру телімінде (РРУ) электромеханик, немересі Думан Павлодардағы энергетика және электрофикация мамандығы бойынша университет студенті. Демек, электро-энергетиктердің тұтас бир династиясы қалыптасты деген сөз.
Ұлттық компанияның бұрынғы президенті Асқар Маминнің «Алғыс хатын» алған теміржолшы биыл алпыс екіде, зейнеткерліктің де ауылы алыс емес...
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета