Қауіп-қатерге толы кәсіп

Жаңалықтар
19.05.2017, 11:34
Оқуға 3 мин
Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясына қарасты Қызылсай қосалқы тарту станциясының негізін қалаған теміржолшының бірі  Шадихан Рысбеков отыз жылға жуық пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. Бұл қосалқы тарту станциясы – Түлкібас, Бадам, Қызылсай, Қазығұрт, станцияларындағы желі бойын, осы аумақтағы теміржол мекемелерін, жеке абоненттерді электр тоғымен қамтамасыз етеді. Теміржол бойындағы станциялар, вокзалдар мен оның қасындағы шағын мекемелерді жарықтандыруға қуат беріп отыр. Оған қоса теміржолға қарасты елді-мекен тұрғындарын да жарықпен қамтамасыз етеді. Шымкенттегі энерготехникумды бітірген Шадихан Асылұлы туған жері Бәйдібек ауданындағы Ақтас ауылында энергетик болып 13 жыл еңбек еткен соң 1989 жылы жаңадан ашылған Қызылсайдағы қосалқы тарту станциясына ауысады.  Шадихан Асылұлы бізге осы қосалқы тарту станциясындағы барлық электр құрылғыларының қызметін таныстырды. ТП-1, ТП-2, ТП-3, ТП-4 сынды төрт трансформатордың екеуі 40 кВт тоқпен жұмыс істейтінін, қалғаны резерв үшін қорда тұратынын, апатты жағдай бола қалса, алғашқы көмекке барудың амалдары мен кіл электр тоғынан жасақталған станцияда еңбек етудің қауіпті тұстарына дейін тәптіштей түсіндірді.   – Қызылсай қосалқы тарту станциясына 1989 жылы жаңадан кірген мені Омбы қаласына біліктілікті арттыру курсына оқуға жіберді. Ал станция 1990 жылы іске қосылған. Содан бері болат жол бойын электрмен  жабдықтаудың түрлі сатысынан өттім. Осы ұжымды бірнеше жыл басқардым. Теміржолдағы электр жүйесі жүрген желілердің бәрі – қауіпті. Аса мұқият болуды талап етеді. Кезекші электр-механиктің міндеті – желі бойындағы электр қуатының үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау. Абайсызда өшкен жағдайда жылдам әрекет жасап, қосуы тиіс. Өздерінің мүмкіндігі болмаса, әріптестерін көмекке шақырады. Өйткені пойыздар қозғалысында іркіліс болмау керек. Сосын, техника қауіпсіздігін сақтап, наряд бойынша бригаданы жұмысқа жібереміз. Бұдан бөлек, жұмысқа келген және кеткен уақытта толық аумақты көріп шығып, қайсысы өшірулі және қосулы екеніне көз жеткізіп, егер ақау шықса басшылыққа, диспетчерге хабарлаймын. Осы жерде еңбек етіп жатқан жігіттердің бәрі менің шәкірттерім. Отыз жыл бұрын 15 шақты маман болса, қазір 7-8 электр-механигі бар. Бұл саланың маманы ең алдымен нұсқаулықты түсініп, есте сақтап жүрсе көп қауіптің алдын алады. Біз енді зейнеттік  демалысқа кетеміз,  кейінгі жастардың жағдайын ойлаймын. Ұлттық компания қауіп-қатермен бетпе-бет жүріп еңбек ететін сала жұмысшыларының қауіпсіздігін арттыра түссе дейміз, – дейді жас әріптестерінің қауіпсіздігіне алаңдаған тәжірибелі маман. Айта кетерлігі, Шадихан Рысбековтың  қос ұлы әке кәсібін жалғастырыпты. Рауан 8 жылдан бері осы қосалқы тарту станциясында әкесімен қатар жұмыс істеп, қазір басқарып отыр. Ал Рамазан жөндеу, тексеру телімінде (РРУ) электромеханик, немересі Думан Павлодардағы энергетика және электрофикация мамандығы бойынша университет студенті.   Демек, электро-энергетиктердің тұтас бир династиясы қалыптасты деген сөз.   Ұлттық компанияның бұрынғы президенті Асқар Маминнің «Алғыс хатын» алған теміржолшы биыл алпыс екіде, зейнеткерліктің де ауылы алыс емес...   

    Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті