Байқау және бақылау

Новости
30.05.2017, 15:48
3 мин чтения
Жылжымалы құрамдардың бөлімше телімдерінен кідіріссіз өтуі және қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы  аймақ теміржолшыларымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларының да жұмыс нәтижесін көрсетеді. «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесінің жол шаруашылығы аймақтық ревизоры Бегей Құлахмет жыл басынан бергі төрт ай ішінде атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет ұсынды. Таратып айтар болсақ: төрт айда «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау орын алмаған, бір мәрте жұмыстағы қиыншылық жағдайы тіркелген. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары 2016 жылдың төрт айында 4 мәрте орын алса, биыл 2 рет орын алып, екі есеге азайған. Ағымдағы жылдың төрт айында бөлімше бойынша қараусыз малдың жолға шығып кетуі және бейсауыт адамдардың жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өтуі локомотив бригадаларының 57 мәрте жедел тежегіш қолдануына мәжбүрлеген екен. Мұның 40 жағдайында жолға мал шықса, 12 рет адам жол бойына шығып қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себеп болған. Өткен жылдың сәйкес мезгілінде бұл көрсеткіш 42 рет орын алған болса, биыл машинистер тежегішті одан  15 рет артық қолданған.  Биылғы жылғы жедел тежегіш басу жағдайлары Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясында 8 рет, Сексеуіл дистанциясында 25 рет ал Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы телімдерінде 24 мәрте тіркеліпті. Әрине, қауіпсіздіктің сақталуына бағытталған  профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде  жүргізіліп келеді.  Мәселен, «Жол бойында мал жаю» ережелерімен 7379 тұрғын таныстырылып, теміржолды белгіленген орындардан кесіп өту ережелері оқу орындарының 10547 оқушылары мен студенттеріне түсіндірілген, теміржол өткелінен өту ережесімен 5868 көлік жүргізушісі таныстырылып, түсіндіру, ескерту жұмыстары атқарылған. –Қазіргі таңда бөлімше телімдерінде 53 теміржол өткелі болса, 32 өткелде күзет қойылып, бақылауға алынған. Әр ай сайын өткелдерде тұрақты және тосыннан рейдтер өткізіледі. Рейд кезінде көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге теміржолдың қауіпті аймақ екендігі жайлы түсіндерме жұмыстарымен қатар ескерту парақшалары таратылады. Өткел кезекшісін тыңдамай қозғалысқа қауіп төндірген екі көлік жүргізушінің атына хаттама толтырылып МАИ қызметкерлеріне жолданды, – дейді ревизор Бегей Мүсілімұлы. Релсьтердің техникалық талапқа сай болуын үнемі бақылауда ұстайтын жол дистанцияларының жолшылары төрт айда ақаутапқыш  арбаның көмегімен 33 ақаулы рельсті анықтап тауып ауыстырыпты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 22 болса, биыл табылған ақаулы рельс 11-ге артып отыр екен.     Жолдың балдық  бағасы  төрт айға 73 бірлікке белгіленсе, іс жүзінде бұл көрсеткіш 67 бірлікке жетіп, жоспар 108 пайызға орындалған. Рельс тізбектерінің технологиялық талапқа сай болуы үшін 189 дана изоляциялық түйіспелер ретке келтіріліп, 2966 дана негізгі және қосымша рельс түйіспелері дәнекерленген. – Сонымен қатар учаскелер бойында жолаушылар пойыздарының қалыпты жүрісін бақылауға кезекшілік ұйымдастыру, рельс тізбектерінің техталапқа сай болуына бақылауды ұлғайту, дистанция басшылары мен орта буын басшылық құрамның жауапкершілігін арттыру сынды шаралар жұмыстың алға жылжуына өз әсерін тигізіп отырғаны байқалуда.  Және атқарылған бақылау, жөндеу жұмыстары техникалық талапқа сай, технологиялық процесс талабымен атқарылуы бақылануда, – дейді ревизор Бегей Құлахмет.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники