Байқау және бақылау
Жылжымалы құрамдардың бөлімше телімдерінен кідіріссіз өтуі және қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы аймақ теміржолшыларымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларының да жұмыс нәтижесін көрсетеді.
«Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесінің жол шаруашылығы аймақтық ревизоры Бегей Құлахмет жыл басынан бергі төрт ай ішінде атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет ұсынды. Таратып айтар болсақ: төрт айда «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау орын алмаған, бір мәрте жұмыстағы қиыншылық жағдайы тіркелген. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары 2016 жылдың төрт айында 4 мәрте орын алса, биыл 2 рет орын алып, екі есеге азайған.
Ағымдағы жылдың төрт айында бөлімше бойынша қараусыз малдың жолға шығып кетуі және бейсауыт адамдардың жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өтуі локомотив бригадаларының 57 мәрте жедел тежегіш қолдануына мәжбүрлеген екен. Мұның 40 жағдайында жолға мал шықса, 12 рет адам жол бойына шығып қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына себеп болған. Өткен жылдың сәйкес мезгілінде бұл көрсеткіш 42 рет орын алған болса, биыл машинистер тежегішті одан 15 рет артық қолданған. Биылғы жылғы жедел тежегіш басу жағдайлары Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясында 8 рет, Сексеуіл дистанциясында 25 рет ал Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы телімдерінде 24 мәрте тіркеліпті.
Әрине, қауіпсіздіктің сақталуына бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, «Жол бойында мал жаю» ережелерімен 7379 тұрғын таныстырылып, теміржолды белгіленген орындардан кесіп өту ережелері оқу орындарының 10547 оқушылары мен студенттеріне түсіндірілген, теміржол өткелінен өту ережесімен 5868 көлік жүргізушісі таныстырылып, түсіндіру, ескерту жұмыстары атқарылған.
–Қазіргі таңда бөлімше телімдерінде 53 теміржол өткелі болса, 32 өткелде күзет қойылып, бақылауға алынған. Әр ай сайын өткелдерде тұрақты және тосыннан рейдтер өткізіледі. Рейд кезінде көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге теміржолдың қауіпті аймақ екендігі жайлы түсіндерме жұмыстарымен қатар ескерту парақшалары таратылады. Өткел кезекшісін тыңдамай қозғалысқа қауіп төндірген екі көлік жүргізушінің атына хаттама толтырылып МАИ қызметкерлеріне жолданды, – дейді ревизор Бегей Мүсілімұлы.
Релсьтердің техникалық талапқа сай болуын үнемі бақылауда ұстайтын жол дистанцияларының жолшылары төрт айда ақаутапқыш арбаның көмегімен 33 ақаулы рельсті анықтап тауып ауыстырыпты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 22 болса, биыл табылған ақаулы рельс 11-ге артып отыр екен.
Жолдың балдық бағасы төрт айға 73 бірлікке белгіленсе, іс жүзінде бұл көрсеткіш 67 бірлікке жетіп, жоспар 108 пайызға орындалған. Рельс тізбектерінің технологиялық талапқа сай болуы үшін 189 дана изоляциялық түйіспелер ретке келтіріліп, 2966 дана негізгі және қосымша рельс түйіспелері дәнекерленген.
– Сонымен қатар учаскелер бойында жолаушылар пойыздарының қалыпты жүрісін бақылауға кезекшілік ұйымдастыру, рельс тізбектерінің техталапқа сай болуына бақылауды ұлғайту, дистанция басшылары мен орта буын басшылық құрамның жауапкершілігін арттыру сынды шаралар жұмыстың алға жылжуына өз әсерін тигізіп отырғаны байқалуда. Және атқарылған бақылау, жөндеу жұмыстары техникалық талапқа сай, технологиялық процесс талабымен атқарылуы бақылануда, – дейді ревизор Бегей Құлахмет.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті