Қытай-Қазақстан: стратегиялық серіктестікке – 25 жыл
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында ашылған «Көрікті Қазақстан – Көркем Қытай» фото көрмесінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының да жетістіктері көрініс тапты.
Бүгінде екі ел арасында энергетика, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық белсенді даму үстінде. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Сонымен қатар Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының өзара ұштасуы екі елдің түрлі саладағы экономикалық дамуы мен ынтымақтастығын ілгерілетуде. Фотокөрмеде екі ел фотошеберлерінің Қазақстан мен Қытай халқының тарихын, мәдениетін және өмірін бейнелейтін 100-ге жуық туындысы келушілер назарына ұсынылды. Бұл туындылар тақырыбына негізінен елдер арасындағы достықты насихаттау арқау болған. Соның ішінде жабық басқару тәсілін жүргізіп, сауда келіссөздерін өткізу, сауда көрмесі мен сауда-саттық, тасымалдау, мейманхана, қонақ үй, сауда және қаржылық қызмет көрсету, трансшекаралық түрлі халықаралық экономикалық сауда келіссөздерін өткізу функцияларын атқаратын «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығының суреті, Алашанькоу зат алмастыру қоймасы мен Ақтау халықаралық теңіз сауда портының фотолары мен деректері көрменің бір бұрышынан орын алған.
–Бұл көрме ЕКСПО-2017 қарсаңындағы маңызды шаралардың бірі бола отырып, әрі екі ел үшін де өзара ынтымақтастықты дамытуда «жаңа терезе» болғалы тұр. Осы терезе арқылы көршілес елдердің тек әдемі табиғаты мен пейзажын тамашалап қана қоймай, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының жан-жақты тоғысуынан болатын жетістіктерді, «Бір белдеу-бір жол» ортақ жобасы бойынша екі ұлы халықтың үкілеген үмітін де байқай аласыздар, - деді ҚХР-ның ҚР-дағы өкілдігінің кеңесшісі Лю Цзянпин аталған фото альбомның ашылу рәсімінде.
Қазақстанның аспан асты елімен байланысы осы жылдар ішінде барлық салада қарқынды дамуда. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» сияқты көліктік, инфрақұрылымдық ірі жобалар іске асуда. Бұл Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктес деңгейіне шыққанын білдіреді. 2013 жылы Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин «Жібек Жолының экономикалық белдеуін» жүзеге асыру идеясын Астанада әлем назарына ұсынғаны белгілі. Қытай басшысы Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың «чемпионы» деп атады. Бұл көршілес екі елдің бір- бірін шынайы бағалайтынын білдіреді.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники