Автожол мәселесі қаралды

Новости
13.06.2016, 10:09
Тараздағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары мен жол күтіміне байланысты жиын өтті. Шара барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Қайрат Кәрібаев аймақтағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті көлік дәлізінің жобасы бойынша және жолдарды жарықтандыру, күтіп-ұстау, орташа жөндеу жұмыстары мен туындап отырған мәселелерді атап өтті. –Өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1237 шақырымды құрап отыр. 495 шақырымды қамтыған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті көлік дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. 495 шақырымның 295 шақырымы I-техникалық санатты төрт жолақты, 200 шақырымы II-техникалық санатты екі жолақты. Жол жамылғысы 13 тонна осьтік салмаққа және 20-25 жыл қызмет көрсету мерзіміне есептелген. Асфальт жамылғысына мердігерлер 5 жыл кепілдік беріп отыр. Жалпы құрылыс кезінде 22 көпір, 15 жол өткелі, 643 су өткізу құбыры, 11 көліктік жол айрығы салынды. Тараз қаласы, Отар, Қордай, Меркі, Ақыртөбе және Б.Момышұлы ауылдарында 3 «жол пайдалану бөлімшелері» мен 3 «жол пайдалану пункттері» құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарынан өтті. Қазіргі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолындағы көлік құралдарының қарқындылығы тәулігіне 7500 көлікті құрайды. Оның 84 пайызы жеңіл автокөліктер мен шағын автобустар, 4,5 пайызы автобустар, 10 пайызы жүк көліктері. Бүгінгі таңда осы автожолда жол көлік оқиғасы 2015-2016 жылдың I-ші тоқсанымен салыстырғанда 30%-ға төмендеді,– деді Қайрат Кәлелханұлы. Филиал басшысының айтуынша, жол жөндеу жұмыстарына 7 мыңнан аса жұмысшылар тартылған. Қолданылған құрылыс материалдарының 95 пайызы отандық өнімдер екен. Және транзиттік дәліз автожолының бойына 2596 жарық бағанасы мен 2709 жарық беру шамдары орнатылыпты. Ал жолдағы жарықтандыруға айына 4 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады екен. Жиын барысында Қайрат Кәлелханұлы туындап отырған мәселелерді де атап өтті. Соңғы кездері республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы мемлекеттік мүліктердің ұрлануы жиілеген. Мәселен, 2015 жылдың 12 айында 8 бірлік жол белгілері ұрланса 2016 жылдың 5 айында 21 бірлік жол белгілері бәзбіреулерге қолды болған. Ұрланған мемлекеттік мүлік қатарында жарық бағаналары, қоқыс тастайтын контейнерлер, трансформаторлар мен шақырымдық көрсеткіш бағаналары да бар екен.

Арсен БАЙЗАҚ, Жамбыл

Пассажирские перевозки
01.04.2025
Поезда «Тальго» Астана — Алматы перестанут заезжать на станцию Шу
Грузовые перевозки
01.04.2025
Рекордный объем зерна перевезли железнодорожным транспортом в 1 квартале
Новости
01.04.2025
Вице-министр транспорта встретился с жителями области Улытау
Новости
01.04.2025
FESCO и ОТЛК ЕРА договорились о развитии сотрудничества в контейнерных железнодорожных перевозках
Новости / Архив
01.04.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №24 от 01 апреля 2025 года
Пассажирские перевозки
31.03.2025
Нацперевозчик объявил о скидках до 35% на билеты на поезда «Тальго»
Регионы
31.03.2025
Более 1 200 замечаний выявил ревизорский аппарат по Павлодарскому участку
Новости
31.03.2025
Корпоративный омбудсмен КТЖ посетил Акмолинское отделение ГП
Новости
31.03.2025
Президенты Казахстана и Словении обсудили присоединение морского порта «Лука Копер» к проекту ТМТМ
Регионы
31.03.2025
Технические занятия по вопросам безопасности и охране труда прошли на станциях Уштобе и Бесколь
Регионы
31.03.2025
Осмотрщика вагонов премировали за внимательность на станции Оскемен-1
Новости
31.03.2025
Новый кран приобрели для восстановительного поезда на станции Аягоз
Грузовые перевозки / Цифра недели
31.03.2025
Железнодорожные перевозки грузов за два месяца выросли на 6,6%
Регионы
31.03.2025
К пропуску паводковых вод подготовились уральские железнодорожники
Регионы
31.03.2025
О подготовке пути к пропуску паводковых вод рассказали в Костанайском отделении ГП
Новости
29.03.2025
Сотрудники административного управления КТЖ провели субботник
Грузовые перевозки
29.03.2025
Итоги перевозок обсудили с грузоотправителями в КТЖ
Новости
28.03.2025
Вопросы увеличения транзита обсудили железнодорожники Казахстана и Узбекистана в Алматы
Регионы
28.03.2025
Традиционные казахские обряды представили железнодорожники во время празднования Наурыз мейрамы в Алматы
Регионы
28.03.2025
Железнодорожники отметили Наурыз мейрамы в Костанайском регионе