Автожол мәселесі қаралды
Жаңалықтар
13.06.2016, 10:09
Тараздағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары мен жол күтіміне байланысты жиын өтті.
Шара барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Қайрат Кәрібаев аймақтағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті көлік дәлізінің жобасы бойынша және жолдарды жарықтандыру, күтіп-ұстау, орташа жөндеу жұмыстары мен туындап отырған мәселелерді атап өтті.
–Өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1237 шақырымды құрап отыр. 495 шақырымды қамтыған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті көлік дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. 495 шақырымның 295 шақырымы I-техникалық санатты төрт жолақты, 200 шақырымы II-техникалық санатты екі жолақты. Жол жамылғысы 13 тонна осьтік салмаққа және 20-25 жыл қызмет көрсету мерзіміне есептелген. Асфальт жамылғысына мердігерлер 5 жыл кепілдік беріп отыр. Жалпы құрылыс кезінде 22 көпір, 15 жол өткелі, 643 су өткізу құбыры, 11 көліктік жол айрығы салынды. Тараз қаласы, Отар, Қордай, Меркі, Ақыртөбе және Б.Момышұлы ауылдарында 3 «жол пайдалану бөлімшелері» мен 3 «жол пайдалану пункттері» құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарынан өтті. Қазіргі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолындағы көлік құралдарының қарқындылығы тәулігіне 7500 көлікті құрайды. Оның 84 пайызы жеңіл автокөліктер мен шағын автобустар, 4,5 пайызы автобустар, 10 пайызы жүк көліктері. Бүгінгі таңда осы автожолда жол көлік оқиғасы 2015-2016 жылдың I-ші тоқсанымен салыстырғанда 30%-ға төмендеді,– деді Қайрат Кәлелханұлы.
Филиал басшысының айтуынша, жол жөндеу жұмыстарына 7 мыңнан аса жұмысшылар тартылған. Қолданылған құрылыс материалдарының 95 пайызы отандық өнімдер екен. Және транзиттік дәліз автожолының бойына 2596 жарық бағанасы мен 2709 жарық беру шамдары орнатылыпты. Ал жолдағы жарықтандыруға айына 4 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады екен. Жиын барысында Қайрат Кәлелханұлы туындап отырған мәселелерді де атап өтті. Соңғы кездері республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы мемлекеттік мүліктердің ұрлануы жиілеген. Мәселен, 2015 жылдың 12 айында 8 бірлік жол белгілері ұрланса 2016 жылдың 5 айында 21 бірлік жол белгілері бәзбіреулерге қолды болған. Ұрланған мемлекеттік мүлік қатарында жарық бағаналары, қоқыс тастайтын контейнерлер, трансформаторлар мен шақырымдық көрсеткіш бағаналары да бар екен.
Арсен БАЙЗАҚ, Жамбыл
Жүк тасымалы
17.03.2026
Қазақстан Қытайға күнбағыс майын жеткізуді арттырды
Инфрақұрылым
17.03.2026
«Бақты-Аягөз» құрылысы талқыланды
Жүк тасымалы
17.03.2026
Тиімді әріптестік тетігі
Аймақтар
17.03.2026
Қызылорда жол дистанциясында күрделі жөндеу басталды
Әлеумет
17.03.2026
Рамазан – сауап айы
Темір жол тарихы
17.03.2026
Теміржол тарихына саяхат
Жаңалықтар / Мұрағат
17.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №20 17 наурыз 2026 жыл
Жолаушылар тасымалы
16.03.2026
ҚТЖ «Нұрлы Жол – Семей» бағытындағы пойызды жаңа вагондармен толықтырды
Жолаушылар тасымалы
16.03.2026
ҚТЖ Шу – Тараз бағыты бойынша қосымша электрпойызын іске қосады
Аймақтар
16.03.2026
Жамбыл қалпына келтіру пойызы жаңа техникамен толықты
Аймақтар
16.03.2026
Амал келді, жыл келді...
Спорт
16.03.2026
Үстел теннисі теміржолшыларға таңсық емес
Жаңалықтар
16.03.2026
Көлік инфрақұрылымының су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланды
Әлемде
16.03.2026
Қытайда көктемгі мерекеде өңіраралық жолаушылар тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Әлеумет
15.03.2026
ҚТЖ қызметкерлері мен басшылығы республикалық референдумға белсенді қатысуда
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында ҚТЖ қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады
Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны