Өлке тарихының шежірешісі

Новости
13.06.2017, 14:13
2 мин чтения
Түбек теміржолына 40 жыл еңбегі сіңген ардагер, Құрметті теміржолшы, "Құрмет белгісі" орденінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы Амандық Алдабергеннің "Аманат" атты кітабы оқырманға жол тартты. Өлке тарихынынң шежірешісі атанған теміржолшының бұл соңғы 15 жылдың ішінде жарыққа шығарған оныншы жинағы екен. Ардагер бұған дейін де  "Маңғыстаудың күре тамыры", "Өмір мен аңыз", "Махаббат өрімі", "Теміржолдың түп қазығы", "Өмір өрнектері", "Жұлдыздай аққан жылдар-ай!..", "Түбекті түлеткен теміржол", "Шешілген түйін" және "Жоли баба" атты кітаптардың авторы болатын. Оның көбі аймақ теміржолының өткені мен бүгінін, қыры мен сырын қамтитын жинақтар. "Аманат"  мүлде басқа бағытта, теміржолшының поэзия жанрындағы бірінші еңбегі. Маңғышлақ станциясында тәуелсіздіктен кейін алғаш құрылған аудан - Мұнайлының 10 жылдығы аясында Маңғыстау-5 ауылындағы №8 мектептен ашылған мұражай бөлмесінен ардагер Амандық Алдабергенге бұрыш бөлінген. Онда түбектің шежіресін жинақтаушы ардагер-темржолының бүкіл кітаптары мен жинаған фотосуреттері, құжаттар, қысқасы Маңғыстау темір жолының жарты ғасырлық тарихы түгел жинақталған. Маңғыстаулық теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдаберген «ҚТЖ»ҰК»АҚ президенті жанындағы Консультативтік кеңес мүшесі. Жуырда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы кеңес төрағасы Серікбай Төлетов Амандық Алдабергенді «Қазақстан ардагерлер ұйымына — 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, кеңестің ерордада өткен мерейтойлық салтанатына қатысып қайтқанын, онда  жерлесіміздің еңбегі ерекше аталып өткенін жеткізді. Ардагер теміржолшы басқарып отырған салалық ардагерлер кеңесінің жұмысымен танысып, оң бағасын берді. —    Қазір аймақтық кеңесте 792, Мұнайлы ауданындағы бастауыш ұйымда 250 теміржолшы ардагеріміз, Жаңаөзен, Шетпе, Бейнеу станцияларында тораптық ұйымдарымыз бар. Олармен байланысты жұмыстарымызды әр тоқсанға бөліп, стендке іліп қоямыз. Сонымен қатар қабырға тақтасынан қашан, кімнің мерейтойы болатыны, өткен күндердің естелік фотосуреттері, өзге де ақпараттарды табуға болады,-дейді кеңес жұмысынан хабар берген Амандық Алдаберген. Айтуынша, стендтің электронды нұсқасын былтыр Бурабайда өткен теміржолшы ардагерлердің семинар-жиналысына алып барыпты. Оған өзге өңірлердің бастауыш ұйымдары да қызығушылық танытып, ардагердің идеясы көпке үлгі болған көрінеді.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре