Қауіпсіздікті сақтауда қапы қалмаңыз

Новости
13.06.2016, 11:13
Ағымдағы жылдың бес айында Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Арыс және Шымкент жол дистанцияларында екі адамды пойыз қаққан. Бес ай ішінде машинистер тарапынан екі өңірдегі жолшыларға 120 ескерту беріліпті. Оның ішінде 58 рет жол бойында бөгде адам жүрсе, екеуінде екі адамды пойыз қаққан. 57 рет қараусыз малдың жайылуы мен бір рет мал басу жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, бір рет автомобиль мен тепловоз соқтығысса, екі рет жолда бөгде зат жатқаны анықталған. Теміржолшыларды адамдардың пойыз астына түсіп, өзді-өздеріне қол жұмсауы сияқты оқиғалар алаңдатып отыр. Мәселен, биыл қаңтардың алғашқы күні Тимур бекетіне жақын 3161  шақырымның 1 пикетінде 1974 жылы туылған Шәуілдір ауылының тұрғыны Рашида Ермекқызы келе жатқан пойыздың алдына шығып,  машинистердің үсті-үстіне берген дабылына қарамастан, ажал құшуға асығыпты. Аймақта малдан қоршау жүргізілгеніне қарамастан, кейбір мал иелерінің салғырттығынан Сергиевка – Састөбе телімінде сағатына 50 шақырыммен келе жатқан пойыздың алдынан уақ мал шығып, машинист жедел тежегішті басуға мәжбүр болады. Электровозға, жолға зақым келмеген. Ал 71 жасар мал иесі Жақсылық Сапарбековке 9600 теңге көлемінде айыппұл салынады. Жол бойында адамдар қауіптен сақтанып, төрт-түліктің пойыздың астына  түспеуін мал егелері қадағалауға тиіс. Сол үшін  темір жол аумағындағы тұрғындарға ҚР Кодексінің 559 бабының 1-5 тарауында көрсетілген 987 дана ескерту парақшалары таратылыпты. Станция аумағында 131 жолаушының қатысумен осы тектес жиын өткен. «Темір жол қауіпті аймақ» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарына 3993 адам қатысқан, 834  төрт-түлік егесі де  малды жол бойында жаюдың ережесімен тағы бір пысықталған. Жылдағы дәстүрге сай ЖІІБ тәртіп сақшыларымен бірлесе отырып 8, жолға бөгде зат қойылмауына байланысты 14 рет  кешенді түрде рейд жүргізілген. Қауіпсіздіктің сақталуын қадағалау мақсатында жергілікті әкімшілік пен МАИ қызметкерлеріне 23 хат жолданып, БАҚ беттеріне төрт мақала жарияланыпты. Сонымен қатар, Шымкент жол дистанциясының бойында суық қолдылардың әрекеті тиылмауда. Мәселен жақында L-2 м. D-57 мм көлемді темір құбырлар мен малдан қоршайтын 39,9 мың теңгелік қоршау шарбақтары ұрланады. Бұл аздай, ұрылар 609,5  мың теңгелік тор қоршау есіктерінің 53 данасын үптеп кетіпті.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Спорт
10.08.2026
Нуржан Сагидоллинов завоевал серебро в соревнованиях по армрестлингу
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер принесла бронзу в копилку сборной КТЖ
Спорт
10.08.2026
Мужская сборная КТЖ по баскетболу стала серебряным призером
Спорт
10.08.2026
Женская сборная КТЖ по волейболу завоевала серебро на спартакиаде
Спорт
10.08.2026
Менеджер Корпоративного фонда Сымбат Нәсіп завоевала золото в соревнованиях по армрестлингу
Спорт
10.08.2026
Футзал принес сборной КТЖ бронзу на спартакиаде
Новости
10.08.2026
В КТЖ обсудили реализацию концепции «Закон и порядок» в грузовых перевозках
КТЖ в лицах
10.08.2026
Имя Болатбека Кажаева вошло в «Қазақстанның Алтын кітабы»
Регионы
10.08.2026
Летняя путевая кампания продолжается в Акмолинском отделении магистральной сети
Регионы
10.08.2026
Карагандинские железнодорожники проводят акцию «Внимание! Переезд!»
Регионы
10.08.2026
Профилактику нарушений на железной дороге обсудили в Уральске
Спорт
09.08.2026
Железнодорожники признаны лучшими киберспортсменами на Спартакиаде «Самрук-Қазына»
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова стала бронзовым призером в соревнованиях по тогызкумалаку
Спорт
09.08.2026
Галина Золотухина завоевала бронзу в соревнованиях по легкой атлетике
Спорт
09.08.2026
Триумф Романа Халилова в настольном теннисе принес золото в копилку КТЖ
Спорт
09.08.2026
Кайраш Аханов завоевал серебро в соревнованиях по асык ату
Спорт
09.08.2026
Ленара Смайлова завоевала серебро в турнире по настольному теннису на спартакиаде
Спорт
09.08.2026
Второе место заняла сборная КТЖ в соревнованиях по легкой атлетике на спартакиаде
Спорт
09.08.2026
Еще одно серебро принесли КТЖ соревнования по легкой атлетике
Спорт
09.08.2026
Копилка сборной КТЖ пополнилась еще одной серебряной медалью