Қауіпсіздікті сақтауда қапы қалмаңыз
Жаңалықтар
13.06.2016, 11:13
Ағымдағы жылдың бес айында Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Арыс және Шымкент жол дистанцияларында екі адамды пойыз қаққан.
Бес ай ішінде машинистер тарапынан екі өңірдегі жолшыларға 120 ескерту беріліпті. Оның ішінде 58 рет жол бойында бөгде адам жүрсе, екеуінде екі адамды пойыз қаққан. 57 рет қараусыз малдың жайылуы мен бір рет мал басу жағдайы тіркелген. Сондай-ақ, бір рет автомобиль мен тепловоз соқтығысса, екі рет жолда бөгде зат жатқаны анықталған. Теміржолшыларды адамдардың пойыз астына түсіп, өзді-өздеріне қол жұмсауы сияқты оқиғалар алаңдатып отыр. Мәселен, биыл қаңтардың алғашқы күні Тимур бекетіне жақын 3161 шақырымның 1 пикетінде 1974 жылы туылған Шәуілдір ауылының тұрғыны Рашида Ермекқызы келе жатқан пойыздың алдына шығып, машинистердің үсті-үстіне берген дабылына қарамастан, ажал құшуға асығыпты.
Аймақта малдан қоршау жүргізілгеніне қарамастан, кейбір мал иелерінің салғырттығынан Сергиевка – Састөбе телімінде сағатына 50 шақырыммен келе жатқан пойыздың алдынан уақ мал шығып, машинист жедел тежегішті басуға мәжбүр болады. Электровозға, жолға зақым келмеген. Ал 71 жасар мал иесі Жақсылық Сапарбековке 9600 теңге көлемінде айыппұл салынады.
Жол бойында адамдар қауіптен сақтанып, төрт-түліктің пойыздың астына түспеуін мал егелері қадағалауға тиіс. Сол үшін темір жол аумағындағы тұрғындарға ҚР Кодексінің 559 бабының 1-5 тарауында көрсетілген 987 дана ескерту парақшалары таратылыпты. Станция аумағында 131 жолаушының қатысумен осы тектес жиын өткен. «Темір жол қауіпті аймақ» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарына 3993 адам қатысқан, 834 төрт-түлік егесі де малды жол бойында жаюдың ережесімен тағы бір пысықталған. Жылдағы дәстүрге сай ЖІІБ тәртіп сақшыларымен бірлесе отырып 8, жолға бөгде зат қойылмауына байланысты 14 рет кешенді түрде рейд жүргізілген. Қауіпсіздіктің сақталуын қадағалау мақсатында жергілікті әкімшілік пен МАИ қызметкерлеріне 23 хат жолданып, БАҚ беттеріне төрт мақала жарияланыпты.
Сонымен қатар, Шымкент жол дистанциясының бойында суық қолдылардың әрекеті тиылмауда. Мәселен жақында L-2 м. D-57 мм көлемді темір құбырлар мен малдан қоршайтын 39,9 мың теңгелік қоршау шарбақтары ұрланады. Бұл аздай, ұрылар 609,5 мың теңгелік тор қоршау есіктерінің 53 данасын үптеп кетіпті.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн