Жаңа станцияда – жаңа технология

Новости
21.07.2017, 15:54
3 мин чтения
 «Астана-Нұрлы жол» станциясының ашылғанына екі ай толды. Станциямен аттас елорданың жаңа вокзалына келіп-кететін пойыздар қозғалысын реттеп, қозғалыс кестесі мен қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етіп, үйлестіріп отыратын станция ұжымы темір жолдардың, жолаушылар вагондарының техникалық жағдайын да бақылауда ұстайды.   Сондықтан өз алдына бөлек станция болып ашылған жаңа станцияның қызмет көрсету ауқымы көлемді болмағанымен, өзіне артылар айрықша міндеттері мен  жауапкершілігі бар. Себебі, ТМД аумағында баламасы жоқ теңдессіз сәулеті мен инфрақұрылымы ерекше вокзалға жылжымалы құрамның келіп-кету процесінде заманауи талаптарға сай өз қиындықтары кездесіп жатады екен. Дегенмен, оны станцияның алғашқы басшысы, тәжірибелі теміржолшы, салада 20 жылдық еңбек өтілі бар Ерлан Рахымжанов басқаратын ұжым ойдағыдай еңсеріп, заман талабына сай жұмыс технологиясын меңгеруде. Сонымен, «су жаңа» станцияға Ерлан Бейсембайұлы 15 мамырдан бастап басшы болып тағайындалыпты. Өздеріңіз білесіздер, станциядан алғашқы пойыздар осы жылы 1 маусымнан жүре бастады. Қазіргі таңда тәулігіне 42 пойыз қатынап тұр. Жаңа станция ұжымы 62 адамнан жасақталды. Олардың бесеуі – станция кезекшісі, тағы бесеуі олардың көмекшілері, сонымен қатар бастықтың орынбасары мен 30 пойыз құрастырушы. Кадрларды таңдауда ең жауапты қызметтерге темір жолда бұрыннан келе жатқан мамандарды алсақ, қалғандарын салада арнайы оқу бітіргендерді алып, оларды 15 мамыр мен 1 маусым аралығында оқытып, тәжірибеден өткіздік. Мұнда пойыздар «Эбилог» жүйесі арқылы басқарылады. Бұл біздің елімізде осымен үшінші станцияға орнатылып отыр. Бұған дейін Болашақ, Алтынкөл станцияларына қойылған болатын. Сол жаңа жүйемен жұмыс істеу бойынша барлық қызметкерлер оқытылды, – дейді станция бастығы. Артықшылық – станцияның тұйықтығында болса, бір қиындық – жаңа станцияның әлемдік стандартқа сай салынған әр жолында тұратын өз пойызы бар. Оны станция басшысы былай деп түсіндіреді.    «Астана-Нұрлы жол» станциясында 6 жол бар. Соның біріншісі мен алтыншысына тек тар шанақты Тальго пойызын ғана қоя аламыз, ал екінші, үшінші жолдарға кең шанақты Тальго  ғана қойылады. 4 пен 5-ші жолдарда қала маңы мен ескі КВЗ пойыздары тұрады. Осы жағы қиындау. Әсіресе, технологиялық «толаскез» болғанда пойыздар өз уақытынан кешігер болса, тек өзіне лайықты габариттегі пойыздар тұратын жолдарда жылжымалы құрамды реттеп қою қиындықтар келтіреді. Дегенмен, мұның біз алдын алып, тиісті шараларды жасаудамыз. Ал бәрі арнайы жасалған кестемен  жүрсе, ешбір мәселе жоқ, – дейді ол. Бүгінде жаңа вокзал ғимаратының екінші қабатынан әкімшілік кеңсе ашқан ДС басшысы өз кеңсесі жанынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтайтын жауапты құрылымдық мекемелердің қызметкерлері, яғни, вагоншы, белгі беруші және жолшылар отыратын арнайы бөлме  мен қызметкерлерді оқытатын техникалық кабинет ашқызды. Сонымен қатар вокзал ішінде станция кезекшілері отыратын басқару орны мен вокзалдан тыс мекеменің үлкен техникалық паркі,  «Тальго» қойылатын ранжирлік парк пен локомотив бригадаларын тіркеуші-парк кезекшісі отыратын орын бар.

Райхан РАХМЕТОВА, Астана

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников