Жолаушылардың айтар назы бар...

Новости
21.07.2017, 16:13
Бүгінде көліктің қай түрін таңдаса да, адамның өз қалауы. Көпшіліктің қалауы темір жол көлігі екеніне ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, біріншіден, пойыз қауіпсіз әрі билет бағасы қолжетімді, екіншіден, бала-шаға, үлкен кісілерге қолайлы. Десек те, бүгінде жолаушылар тарапынан вагондарға қатысты реніш те жоқ емес. Биыл маусым айынан бастап Батыс Қазақстан өңірлерінде  аптап ыстық болды. Жері қуаң, шөлейтті Атырау өңірінің жаз мезгілі соңғы бес жылда өте ыстық болып халықты мезі етті. Әсіресе, «Атырау – Алматы»  және  «Атырау – Маңғышлақ» бағытына қатынау барысында қатты ыстықты көтере алмаған атыраулық  жолаушылардың бұрынғы кеңестік кездің «көзіне» айналған вагондарға және билеттің тапшылығына қатысты айтар шағымдары жетіп артылады.   Ақтау қаласындағы Маңғыстау станциясынан Атырауға жеткенше жиырма сағаттық жол, ал Алматы қаласына  жеткенше үш тәулікке жуық уақыт кетеді. Аптап ыстықтан мазамыз кетіп, жайсыздықпен арпалысып барамыз. Тіпті, қан қысмы көтеріліп, халі нашарлап, медициналық жедел жәрдемге жүгінген жолаушылар туралы да естіп жатырмыз. Вагон ескі, желдеткіштердің күші жетпей ме, қапырық, ауа жоқ. Пойызбен көбіне денсаулығы жоқ әрі жасы үлкен адамдар көп қатынайды. Соны ескеріп темір жол басшылығы ескі вагондарды қазіргі климатқа сай жаңасына ауыстыруға инвестиция салса болмай ма? Жаз болса, билет таппай сандалатынымыз тағы бар, – дейді маңғыстаулық Зияда Жұмабекқызы. Жолаушылардың осы тектес реніші де, талабы да орынсыз дей алмайсың. Мәселенің мәнісін білмек болып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Батыс филиалы, Атырау телімінің басшысы Ақылбек Бурханаддинді сөзге тарттық. Кеңестік вагондар 1988 жылы шығарылған. Олардың пайдалану мерзімі 28 жыл, содан соң олар күрделі жөндеуден өтіп, жүру уақыты 5 жылға ұзартылады. Бұл вагондарда желдеткіштер бар. Бірақ олардың қуаты кей пойыздарда 54 вольт, кейбірінде, мысалы «Атырау-Алматы» және «Атырау-Астарахань» пойыздарында 110 вольт. Вагондардың шығу уақытын ескерсек, ол кезде біздің елімізде 50 градус ыстық ауа өте сирек болатын. Қазіргі күні үш ай жаз бойы 48-49 градус ыстықтан асқанда, вагондардағы желдеткіштің вагон ішін салқындатуға қуаты жетпейтіні белгілі болып отыр. Мұндайда вагон ішіндегі терезелерді ашып, желдету әдісін қолданамыз. Бірақ, аптап ыстықта бұл да көмектеспейді. Атырау мен Алматы қалалары арасында халық жиі әрі көп қатынайды. Жаз мезгілінде билет тапшы. Қазірдің өзінде тамыз айының онкүндігіне дейін билеттер сатылып қойылған. Халықтың сұранысы ескеріліп, «Жолаушылар тасымалы»АҚ «Атырау – Алматы» бағыты­на бұрынғы кеңестік кездегі вагондардан бес пойыз шығаруға шешім қабылдады. Бұл пойыздардан өзге халық  «Тұл­пар-Тальго» пойызының қызметін пайда­ла­на алады, – деді ол. Телім басшысының айтуынша, «Атырау – Алматы» бағытындағы пойыздың купесіне билет 12 мың 104 теңге, плацкарт 7,757 теңге, ал Тальго пойызына билеттер 25 мың 464 теңге. Бірақ, Тальгоға билетті 15-күн не 1 ай бұрын алғанда билет құны едәуір арзанға түседі. Ал енді «Астрахань – Мәс­кеу» бағытындағы пойыздың билет құны, фирмалық болмаса да қымбат.  «Астрахань – Мәскеу» бағы­тында купемен жету үшін 45 636 теңге, плацкарттағы орын құны – 26 206 теңге. Айырмашылық орасан және бір ескеретін жайт – Астана мен Атыраудың арасы 1 мың 839 шақырым болса, Астрахань мен Мәскеудің арасы – 1 мың 532 шақырым. Салыстырмалы түрде алғанда, Қазақстандағы пойыз билетінің құны қолжетімді.  «Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары сөзіне сүйенсек, ескі вагондарды жаңасына ауыстыратын күн де алыс емес. Алдағы алты-жеті жылда халық жаңа әрі климатқа сай жаңа вагондармен ел арасына қатынау мүмкіндігіне ие болмақ.  Ал билет жағдайына келсек, Атырау темір жол вокзалында 4 билет кассасы тәулігіне 2 мыңнан аса адамға қызмет көрсетіп келеді. Жайық өңірінің халқын Астанаға тасымалдауға Атырау қаласынан жүретін 11 вагон тіркелген «Каспий» №47/48 –ші фирмалық пойызы, №19/20 «Тұлпар-Тальго» пойыздары жүзеге асырып келеді. Пойыздар бекітілген кестеге сай қатынауда.   Бүгінде «ЭКСПО» билеттері темір жол билеттерімен бірге жеңілдікпен сатылуда. Атырау мен Астана қалалары бағытында «ЭКСПО-2017» көрмесіне облыс халқы еш қиындықсыз баруы үшін арнайы пойыз шығарған. Соған қарамастан, жаз маусымы әрі «ЭКСПО» көрмесі өтіп жатқандықтан, Атырау –Алматы, Атырау – Астана бағыттарына билеттер жоқ. Бірақ, жолаушы  жол сапарына алдын ала  қамданған жағдайда, мұндай мәселе туындамасы анық. Әрі жолаушы шаруасы шығып билет іздеген жағдайда, билет кассасына барып билет алған азаматтардан қайтарылған билетке үмітті бола алатынын да ескерген жөн. Ал қандай пойызды таңдайтыны жолаушының өз еркі.

Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау

Пассажирские перевозки
24.06.2026
Нацперевозчик объявил о скидках до 20% на популярные туристические маршруты
КТЖ в лицах
24.06.2026
Инженера-технолога Каухар Нуртазину проводили на пенсию в Семейском отделении грузовых перевозок
Новости
24.06.2026
Встреча представителей железнодорожных профсоюзов Казахстана и России состоялась в Кокшетау
Новости
24.06.2026
КТЖ призывает соблюдать правила безопасности на железной дороге в период летних каникул
Новости
24.06.2026
Дноуглубительные работы продолжаются в порту Актау
Новости
23.06.2026
Внесших вклад в развитие взаимодействия со СМИ сотрудников отметили в КТЖ
Новости
23.06.2026
Студенты ALT Университета проходят геодезическую практику на объектах КТЖ
Регионы
23.06.2026
Итоги работы за 5 месяцев подвели в РЦУП-2
Новости / Архив
23.06.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №48 от 23 июня 2026 года
Новости
22.06.2026
Будущее ключевого маршрута между Европой и Азией обсуждают в Брюсселе
Новости
22.06.2026
КМГ и КТЖ обеспечили сквозной цифровой контроль логистики нефтепродуктов в Казахстане
Инфраструктура
22.06.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Талдыкоргане
Новости
22.06.2026
КТЖ создаст единую цифровую сеть LTE-R для железных дорог Казахстана и международных транспортных коридоров
Регионы
22.06.2026
Железнодорожники высадили цветы у административного здания Семейского отделения магистральной сети
Грузовые перевозки / Цифра недели / Инфографика
22.06.2026
Более 130 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Новости
22.06.2026
Победителей художественного конкурса среди детей железнодорожников наградили в Астане
Регионы
22.06.2026
Карагандинские железнодорожники высадили 60 деревьев в рамках проекта «Таза Қазақстан»
Новости
21.06.2026
Машинист поезда предотвратил наезд на пятилетнего ребенка
Новости
20.06.2026
Движение по новому автодорожному мосту открыто в Алатау
Пассажирские перевозки
20.06.2026
АО «Пассажирские перевозки» вводит дифференцированный подход к формированию стоимости билетов