Жарыс тұғырында – локомотившілер
Семейлік теміржолшылар кәсіби мереке құрметіне бөлімшеге қарасты 9 команда бақ сынаған мерекелік турнир өткізді.
Мұндай ауқымды шара биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, алдағы уақытта оны дәстүрге айналдыру көзделуде. Бұл жайында бөлімше біріншілігінің салтанатты түрдегі ашылу рәсімінде спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова айтып өтті.
Осылайша жанкүйерлер делебесін қоздырған тамаша ойын ВЧД-23 және ЭЧ-18 командасының кездесуімен басталып та кетті. Жасыл алаңға тың құраммен шыққан электрмен қамту мекемесінің командасы қарсыласын ойсырата ұтты. Теміржолшылар сауатты ойнап қана қоймай, әдемі футбол комбинациясын ұйымдастырып, дүркін-дүркін шабуылға шығып отырды. Жігіттер бұл қарқынын тек финалдық ойынға шыққан сәтте, ТЧЭ-24 футболшыларымен болған ойында ғана жоғалтып алғандай еді. Себебі, кіл машинистерден тұратын аталмыш команданың алаң төріндегі айла-тәсілі мен шабуылды ұйымдастыру шеберлігі басым түсті.
Бұл жолы футбол біріншілігінің ерекшелігі осыған дейін бөлімше чемпионы атанып жүрген Семей станциясы командасы финалда сүрініп, төртінші орынды місе тұтты. Мақтаулы футболшылар Алмас Жақсыбаев, Арсен Тастанов, Марат Игембаевтар барын салғанымен қарсыластары мығым ойнады.
Есесіне Жаңасемей мен ЭЧ-18 ойыншылары тас-түйін қорғаныс құрып, оңай шағылатын жаңғақ еместіктерін танытты. Нәтижесінде жүлделі орындарды да аталмыш командалар бөлісті. Нақтырақ айтсақ, бірінші орын Семей локомотив пайдалану депосына, екінші орын Жаңасемей станциясына, ал үшінші орын Семей электрмен жабдықтау мекемесі командасына бұйырды. Осы ретте жасыл алаң төрінде жасындай жарқылдаған ТЧЭ-24 футболшыларының белсенділігін айта кеткен орынды. Команданың Қайрат Қасымжанов, Сергей Теплых сынды шебер шабуылшылары ұжым намысын үстем етіп, жеңіс туын желбіретті.
Барлық жеңімпаздар арнайы кубокпен және құрмет қағаздарымен марапатталды.
Қуаныш Қожаев, Семей
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников