Жарыс тұғырында – локомотившілер   

Жаңалықтар
11.08.2017, 11:13
Оқуға 2 мин
Семейлік теміржолшылар кәсіби мереке құрметіне бөлімшеге қарасты 9 команда бақ сынаған мерекелік турнир өткізді.  Мұндай ауқымды шара биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, алдағы уақытта оны дәстүрге айналдыру көзделуде. Бұл жайында бөлімше біріншілігінің салтанатты түрдегі ашылу рәсімінде спорт нұсқаушысы Наталья Мешкова айтып өтті. Осылайша жанкүйерлер делебесін қоздырған тамаша ойын ВЧД-23 және ЭЧ-18 командасының кездесуімен басталып та кетті. Жасыл алаңға тың құраммен шыққан электрмен қамту мекемесінің командасы қарсыласын ойсырата ұтты. Теміржолшылар сауатты ойнап қана қоймай, әдемі футбол комбинациясын ұйымдастырып, дүркін-дүркін шабуылға шығып отырды. Жігіттер бұл қарқынын тек финалдық ойынға шыққан сәтте, ТЧЭ-24 футболшыларымен болған ойында ғана жоғалтып алғандай еді. Себебі, кіл машинистерден тұратын аталмыш команданың алаң төріндегі айла-тәсілі мен шабуылды ұйымдастыру шеберлігі басым түсті. Бұл жолы футбол біріншілігінің ерекшелігі осыған дейін бөлімше чемпионы атанып жүрген Семей станциясы командасы финалда сүрініп, төртінші орынды місе тұтты. Мақтаулы футболшылар Алмас Жақсыбаев, Арсен Тастанов, Марат Игембаевтар барын салғанымен қарсыластары мығым ойнады. Есесіне Жаңасемей мен ЭЧ-18 ойыншылары тас-түйін қорғаныс құрып, оңай шағылатын жаңғақ еместіктерін танытты. Нәтижесінде жүлделі орындарды да аталмыш командалар бөлісті. Нақтырақ айтсақ, бірінші орын Семей локомотив пайдалану депосына, екінші орын Жаңасемей станциясына, ал үшінші орын Семей электрмен жабдықтау мекемесі командасына бұйырды. Осы ретте жасыл алаң төрінде жасындай жарқылдаған ТЧЭ-24 футболшыларының белсенділігін айта кеткен орынды. Команданың Қайрат Қасымжанов, Сергей Теплых сынды шебер шабуылшылары ұжым намысын үстем етіп, жеңіс туын желбіретті. Барлық жеңімпаздар арнайы кубокпен және құрмет қағаздарымен марапатталды.

Қуаныш Қожаев, Семей 

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты