Рельсарқалық зауыты: өнімнің таралу нарығы кеңейтілуде

Новости
15.08.2017, 11:34
2 мин чтения
Өткен аптада Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келіп,  өңірдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Әрине, Ақтөбеге сапары барысында Асқар Мамин қазығы қағыла бастағаннан құрылысымен етене таныс рельсарқалық зауытына да ат басын бұрмай кеткен жоқ. Премьердің бірінші орынбасарын мұнда  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен зауыт  басшылығы бастаған топ қарсы алып, өндіріс барысынан есеп берді.  Зауыттың бас директоры Андрей Кузьмин вице-премьерге зауыттың қазіргі тынысы  жайлы баяндап, өндіріс қуатымен, эксперттік әлеуетімен  таныстырды.  Рельс зауыты өнімдерінің таралу нарығын кеңейтуге бағытталған жоспарлы жұмыстары жайлы хабардар етті. Бүгінде зауыт өнімдері Ресейдегі халықаралық стандарт тараптарына сәйкестендірілген. – Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстанмен жұмыс жасай бастадық. Отандық рельстер бір жылдан бері ішкі теміржол құрылыстарына пайдаланылып жатыр. Санаулы күнде Қытайға келіссөздер жүргізуге барамыз, – деген  зауыт директоры кәсіпорынның бірнеше цехы мен зертханасындағы жұмыстармен де жан-жақты таныстырып, егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ресми меймандар келгенде әдеттегідей шикізаттан қалай рельс жасалатынын көрсетті. Яғни, Үкіметбасының бірінші орынбасары бастаған меймандарды   өндірістің қыздыру пешінен бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі технологиялық процесімен таныстырды. Қысқа темірді бірнеше рет пеште қыздырып, екі жағынан тарту арқылы ұзартуға болатынын, одан ақырында қандай өнім шығатынына дейінгі процесті тәжірибе жүзінде ұсынды. Айта кетейік, Ақтөбе рельсарқалық зауыты жылдан жылға шығаратын өнім көлемін арттырып келеді. Бұрын бір жылда шығаратын өнім көлемін бүгінде 6 айда жасап үлгерген. Таяуда Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Мағауия Оразқұлов жыл басынан бері рельсарқалық зауытының 70 мың тонна өнім шығарғанын салтанатты жағдайда хабарлағаны жайлы айтқан болатынбыз. Еске сала кетсек, жоба Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылған. Кәсіпорын ЕЭАС аумағындағы «Р-65» стандартты ұзын өлшемді  (120 м) ыстыққа бейімделген теміржол рельстерінің жалғыз  өндірушісі болып саналады. Жалпы, зауыт толық жобалы қуаттылыққа шыққан соң 2018 жылы жылына 430 мың тонна прокат, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдар үшін 200 тонна стандартты ұзын өлшемді  (120 м) ыстыққа бейімделген рельс, құрылыс секторы үшін  230 мың тонна фасондық өнім шығаратын болады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Суретті түсірген С. Волошин

Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников