Жайық жұртшылығы қос бірдей жүрдек пойызды қарсы алды...
Оралдықтар қуанышында шек жоқ. 27 қыркүйек күні Астанадан келген су жаңа вагондардан жасақталған «Тұлпар-Тальго» пойызын күтіп алса, келесі күні Алматыдан келген дәл сондай жаңа құрамды қарсы алды. Қос бірдей астанаға жол салған жүрдек жолаушылар пойызы Жайық халқының көптен күткен қуанышы еді.
Елдің батыс шекарасында орналасқан Орал халқы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бұл сервиске қол жеткізіп отырғандары осы. Бұған дейін барлық облыс орталықтарын қос астанамен жалғап жатқан жүрдек пойыздарға тек қызығып қарап келген. Көптен күткен оқиға тек 21 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік пойыздарға шекаралық бақылау алынып тасталатыны жөнінде хаттаманы бекітуден соң мүмкін болды. Яғни «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары енді Жайсаң, Илецк және Шыңғырлау шекаралық өткізу пункттерінен тоқтамай өтетін болды.
Орал теміржол вокзалына бүкіл қала жұртшылығы жиналғандай әсер қалдырды. Арнайы шақырылған үрмелі аспаптар оркестрі салтанатты марш ойнап тұр. Қала әкімі Мұрат Мұқаев бастаған көпшілік, теміржолшылар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері Астанадан келген алғашқы құрамды зор салтанатпен қарсы алды. Қала әкімі Жайық жұртшылығын осынау қуанышты оқиғамен құттықтап, еліміздің қос астанасымен жалғайтын қос бірдей жүрдек пойыздың өңір халқы үшін қаншалықты маңызды болғанына тоқталып, осындай зор игілікті жасап отырған теміржолшыларға барша оралдықтар атынан алғыс білдірді.
Өз кезегінде «Жолаушылар атсымалы» АҚ трансформация және бизнесті дамыту бойынша атқарушы директоры Асылхан Қалдыкөзов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ел аймақтарында көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты жүргізіліп жатқан жобаларға тоқталды.
– Осы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде биыл бесінші жыл Қазақстанда жүрдек жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бағдарласмсы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарын, ірі қалаларды «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған 15 жүрдек пойыз жалғайды. Нәтижесінде жол жүру қашықтығы тиісінше 1,5-2 есеге қысқарды. 2012 жылы Елбасының бастамасымен Астанада қазақстандық-итальялық бірлескен зауыт тұсауын кесіп, «Тұлпар-Тальго» вагондары өндірісі жолға қойылғаны белгілі. 2016 жылдан бастап зауыт кең шанақты отандық вагондар шығара бастады. Бүгінгі таңда зауыт 552 вагон шығарды, оның бәрі осындай жүрдек пойыздар құрамында, ел игілігіне қызмет етіп жүр. 2022 жылға дейін тағы да 400 вагон өндірістен шығарылып, Алматы – Павлодар, Астана – Лениногорск, Ақтөбе – Атырау, Ақтөбе – Маңғышлақ, Алматы – Маңғышлақ және Астана – Сарыағаш бағытындағы алты маршруттың пойыздарын жаңартатын болады деп жоспарлануда, – деген мәліметпен бөлісті Жолаушы тасымалының өкілі.
Асылхан Сәбитбекұлының айтуынша, «Астана – Орал» және «Алматы – Орал» бағыты бойынша жыл сайын 10 мыңнан 20 мың жолаушы айналымы күтілуде екен. №№ 95/96 (Астана) және 49/50 (Алматы) бағытымен қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойыздары Астана мен Алматыдан күнара, жұп күндері қатынайтын болады.
Анна ПАНИЩЕВА, Орал
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ