Жайық жұртшылығы қос бірдей жүрдек пойызды қарсы алды...

Жаңалықтар
03.10.2017, 15:33
Оқуға 3 мин
Оралдықтар қуанышында шек жоқ. 27 қыркүйек күні Астанадан келген су жаңа вагондардан жасақталған «Тұлпар-Тальго» пойызын күтіп алса, келесі күні Алматыдан келген дәл сондай жаңа құрамды қарсы алды.  Қос бірдей астанаға жол салған жүрдек жолаушылар пойызы Жайық халқының көптен күткен қуанышы еді. Елдің батыс шекарасында орналасқан Орал халқы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бұл сервиске қол жеткізіп отырғандары осы. Бұған дейін барлық облыс орталықтарын қос астанамен жалғап жатқан жүрдек пойыздарға тек қызығып қарап келген. Көптен күткен оқиға тек 21 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік пойыздарға шекаралық бақылау алынып тасталатыны жөнінде хаттаманы бекітуден соң мүмкін болды. Яғни «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары енді Жайсаң, Илецк  және Шыңғырлау шекаралық өткізу пункттерінен тоқтамай өтетін болды. Орал теміржол вокзалына бүкіл қала жұртшылығы жиналғандай әсер қалдырды. Арнайы шақырылған үрмелі аспаптар оркестрі салтанатты марш ойнап тұр.  Қала әкімі Мұрат Мұқаев бастаған көпшілік, теміржолшылар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері Астанадан келген алғашқы құрамды зор салтанатпен қарсы алды. Қала әкімі Жайық жұртшылығын осынау қуанышты оқиғамен құттықтап, еліміздің қос астанасымен жалғайтын қос бірдей жүрдек пойыздың өңір халқы үшін қаншалықты маңызды болғанына тоқталып, осындай зор игілікті жасап отырған теміржолшыларға барша оралдықтар атынан алғыс білдірді. Өз кезегінде «Жолаушылар атсымалы» АҚ трансформация және бизнесті дамыту бойынша атқарушы директоры Асылхан Қалдыкөзов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ел аймақтарында көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты жүргізіліп жатқан жобаларға тоқталды. – Осы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде биыл бесінші жыл Қазақстанда жүрдек жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бағдарласмсы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарын, ірі қалаларды «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған 15 жүрдек пойыз жалғайды.  Нәтижесінде жол жүру қашықтығы тиісінше  1,5-2 есеге қысқарды. 2012 жылы Елбасының бастамасымен Астанада қазақстандық-итальялық бірлескен зауыт тұсауын кесіп, «Тұлпар-Тальго» вагондары өндірісі жолға қойылғаны белгілі. 2016 жылдан бастап зауыт кең шанақты отандық вагондар шығара бастады. Бүгінгі таңда зауыт 552 вагон шығарды, оның бәрі осындай жүрдек пойыздар құрамында, ел игілігіне  қызмет етіп жүр. 2022 жылға дейін тағы да 400 вагон өндірістен шығарылып, Алматы – Павлодар, Астана – Лениногорск, Ақтөбе – Атырау, Ақтөбе – Маңғышлақ, Алматы – Маңғышлақ және Астана – Сарыағаш бағытындағы алты маршруттың пойыздарын жаңартатын болады деп жоспарлануда, – деген мәліметпен бөлісті Жолаушы тасымалының өкілі. Асылхан Сәбитбекұлының айтуынша, «Астана – Орал» және «Алматы – Орал» бағыты бойынша жыл сайын 10 мыңнан 20 мың  жолаушы айналымы күтілуде екен. №№ 95/96 (Астана) және 49/50 (Алматы) бағытымен қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойыздары Астана мен Алматыдан күнара, жұп күндері қатынайтын болады.

Анна ПАНИЩЕВА, Орал 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды