Өнерлі балақайларға өріс кең

Новости
03.10.2017, 17:00
2 мин чтения
Ұлттық компанияда дәстүрлі түрде жыл сайын теміржолшылардың балалары арасында өткізілетін «Балауса болашақ» сурет және «Алтын қалам»  шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті.    Компанияның бас ғимаратында аталған сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Алдымен сала ардагері, танымал теміржолшы, ұлттық компания Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының кеңесшісі, әрі сурет өнерін өзіне серік еткен Асқар Сарсенбеков балаларға шеберлік сабағын өткізді. Ал марапаттау рәсімін компанияның персоналды басқару жөніндегі вице-президенті Нұржан Жапарқұл атқарып, қатысқан барлық балалар мен олардың ата-аналарына алғыс білдірді. «Алтын қалам» байқауы біздің компаниямызда төртінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұл байқау жас таланаттарымызға олардың ата-аналарының мамандығы, теміржолшылардың отбасылық әулеттері, өздерінің мақсаттары мен армандары жайлы баяндап беруге мүмкіншілік береді. Биыл сурет байқауының тақырыбы – «ЭКСПО балалар көзімен» деп аталса, жас жазушы, ақындар үшін еркін тақырып берілді. Мұның барлығы біздің компанияның өз қызметкерлерінің тек қызметтік қана емес, отбасылық құндылықтарын да сақтап, дамытуға бағытталған тәрбиелік мәні зор жобасы деуге болады, – деді вице-президент.   Сонымен сурет байқауында 5 жасқа дейінгі балалар арасынан Адия Аманжолова 1 орын алып, планшетке ие болса, 2 орынды Никита Огонесян мен  Алаиз Ситдикова алып, оларға велосипед тарту етілді. 6-8 жас аралығы бойынша қатысқан жас қылқалам шеберлері арасынан екінші орынға Софья Хавлюк,  Даяна Айтбекова, Әмір Туғанбай шығып, оларға да велосипед берілді. Ал осы жас аралығындағы үшінші орынды Ажар Есмұхамбет пен Аяулым Башаева бөлісіп,  роликтерге ие болды. Одан әрі 9-11 жас аралығындағы 2-ші жүлделі жеңімпаз Нұрғиса Назарұлы, 12-14 жастар арасынан «Көрермен көзайымы» аталымына ие болған Бекболат Аманбек пен Азамат Бейсенбай, үшінші орын алған Амина Аманбек, екінші орынға ие болған Аружан Маликова, бірінші орынға шыққан Нұрбақыт Лесбек пен Жанна Балтабековлар да бағалы сыйлықтар және байқау дипломдарымен марапатталды.   Балалардың өз жандарынан шығарған өлең, әңгіме шығармаларын танытатын «Алтын қалам» байқауынан Зарина Жұмабекова мен Арайлым Лесбек бірінші, Әлмансұр Кәкімов екінші, Анель Адырбаева үшінші орынды алды. Үздік өлеңдер шығармашылығынан Амаль Баймуханова екінші,  Темірлан Сырлыбай үшінші орындарды иеленсе, Аяулым Башаева мен Мұхаммедрахим Қорғанбек ынталандыру сыйлығына ие болды. Шара барысында барлық қатысушы балаларға тәттілер мен сусындар үлестіріліп, арнайы сурет салу құралдары және қос байқаудың жеңімпаздарының шығармаларынан тұратын түрлі-түсті журнал сыйға берілді. Сонымен қатар апалы-сіңлілі трио – Жамиля, Румиля, Амина Аманқос есімді теміржолшылар отбасынан шыққан жас өнерпаздар өнер көрсетті.

Райхан РАХМЕТОВА

Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ