Өнерлі балақайларға өріс кең
Ұлттық компанияда дәстүрлі түрде жыл сайын теміржолшылардың балалары арасында өткізілетін «Балауса болашақ» сурет және «Алтын қалам» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті.
Компанияның бас ғимаратында аталған сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Алдымен сала ардагері, танымал теміржолшы, ұлттық компания Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының кеңесшісі, әрі сурет өнерін өзіне серік еткен Асқар Сарсенбеков балаларға шеберлік сабағын өткізді. Ал марапаттау рәсімін компанияның персоналды басқару жөніндегі вице-президенті Нұржан Жапарқұл атқарып, қатысқан барлық балалар мен олардың ата-аналарына алғыс білдірді.
«Алтын қалам» байқауы біздің компаниямызда төртінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұл байқау жас таланаттарымызға олардың ата-аналарының мамандығы, теміржолшылардың отбасылық әулеттері, өздерінің мақсаттары мен армандары жайлы баяндап беруге мүмкіншілік береді. Биыл сурет байқауының тақырыбы – «ЭКСПО балалар көзімен» деп аталса, жас жазушы, ақындар үшін еркін тақырып берілді. Мұның барлығы біздің компанияның өз қызметкерлерінің тек қызметтік қана емес, отбасылық құндылықтарын да сақтап, дамытуға бағытталған тәрбиелік мәні зор жобасы деуге болады, – деді вице-президент.
Сонымен сурет байқауында 5 жасқа дейінгі балалар арасынан Адия Аманжолова 1 орын алып, планшетке ие болса, 2 орынды Никита Огонесян мен Алаиз Ситдикова алып, оларға велосипед тарту етілді. 6-8 жас аралығы бойынша қатысқан жас қылқалам шеберлері арасынан екінші орынға Софья Хавлюк, Даяна Айтбекова, Әмір Туғанбай шығып, оларға да велосипед берілді. Ал осы жас аралығындағы үшінші орынды Ажар Есмұхамбет пен Аяулым Башаева бөлісіп, роликтерге ие болды. Одан әрі 9-11 жас аралығындағы 2-ші жүлделі жеңімпаз Нұрғиса Назарұлы, 12-14 жастар арасынан «Көрермен көзайымы» аталымына ие болған Бекболат Аманбек пен Азамат Бейсенбай, үшінші орын алған Амина Аманбек, екінші орынға ие болған Аружан Маликова, бірінші орынға шыққан Нұрбақыт Лесбек пен Жанна Балтабековлар да бағалы сыйлықтар және байқау дипломдарымен марапатталды.
Балалардың өз жандарынан шығарған өлең, әңгіме шығармаларын танытатын «Алтын қалам» байқауынан Зарина Жұмабекова мен Арайлым Лесбек бірінші, Әлмансұр Кәкімов екінші, Анель Адырбаева үшінші орынды алды. Үздік өлеңдер шығармашылығынан Амаль Баймуханова екінші, Темірлан Сырлыбай үшінші орындарды иеленсе, Аяулым Башаева мен Мұхаммедрахим Қорғанбек ынталандыру сыйлығына ие болды. Шара барысында барлық қатысушы балаларға тәттілер мен сусындар үлестіріліп, арнайы сурет салу құралдары және қос байқаудың жеңімпаздарының шығармаларынан тұратын түрлі-түсті журнал сыйға берілді. Сонымен қатар апалы-сіңлілі трио – Жамиля, Румиля, Амина Аманқос есімді теміржолшылар отбасынан шыққан жас өнерпаздар өнер көрсетті.
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды