Астық тасымалы қарқын алды
Новости
10.10.2017, 14:42
Күз егін жинау науқаны. Ал осы жиналған егінді дер кезінде діттеген жерлеріне жеткізу үшін астықтасымалдаушы вагондарға сұраныс артады. Осы сұранысты қанағанаттандыру мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бастамасымен астық тасымалын ұйымдастыруға қатысты штаб құрылып, ол жұмысын бастап кетті.
Аталған штабтың вагондарды уақытылы қамтамасыз етіп, сапалы жүк тиелімін жүргізу үшін, сондай-ақ, тасымалдау үдерісіне қатысушы бақылау органдары тарапынан берілетін құжаттардың шапшаңдатылуы үшін құрылып отырғанын айтады мамандар. Астық тасымалын ұйымдастыруға қатысты проблемалық мәселелер де бар көрінеді. Ол мәселелер астық нарығының қатысушыларымен Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының әкімшіліктерінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның ұйымдастырумен кеңейтілген кеңес форматында өткен жиында кеңінен талқыланды.
– Мұндай жиындарды өткізу маңызды. Өйткені, осындай жиындар барысында тараптарды толғандырған өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Астық тасымалын қамтамасыз ету үшін тасымалдау процесінің барлық қатысушыларына күш біріктіріп, туындаған мәселелерді шұғыл және бірлесе шешу қажет, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жүк тиеу-түсіру және жылжымалы құрам департаментінің директоры Дәулетбек Нигметов.
Атап өтерлігі, Қазақстанда астық тасымалдайтын паркте 10 мыңға жуық астықтасымалдаушы вагон бар, соның 6252-сі астық жүгін тасымалдау бойынша қазақстандық ірі оператор «Астық транс» АҚ басқарылымында екен.
Дәулетбек Нығметовтың айтуынша, қолда бар астықтасымалдаушы вагондармен вагон айналымын сақтаған жағдайда айына 1 млн тоннаға дейін астық тасымалдау мүмкіндігі бар. Алайда, көп жағдайда қолданатын вагондар паркінің күтіміне қатысты барлық еңбек вагондардың станциялық және кірме жолдарда жүк тиеу немесе түсіру үшін көп уақыт тұрып қалғанда зая кетеді екен. «Вагондардың ұлғайтылған айналымы және жоспарлы ай барысында жүк тиелімінің дұрыс жүргізілмеуі жүк тиеу ресурстарын жоғалтуға және жасанды вагондар жетіспеушілігіне әкеледі» дейді департамент директоры.
Қыркүйек айындағы астықтасымалдаушы вагондар жұмысының талдауы, 1 аталған вагон түрінің жүк тиеу үшін тұрып қалған орташа кідірісі шамамен 3,2 тәулікті құрап отырғанын көрсеткен. Астық тасымалдаушы құрамдардың жұмыс уақытының 70% жуығы бос тұруға кетеді екен.
Қазақстан Республикасында биыл жиналатын жалпы астық көлемі 19,5 млн тоннаны құрайды деп болжануда екен. Соның сырт елдерге бағытталған, яғни экспорттық әлеуеті – 8 млн тонна деп күтілуде. Мамандар сараптамасына сүйенсек, 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда биыл Ауғанстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Әзербайжанға негізделген жүк тиелімінің көлемі өскені байқалып отыр. Бауырлас елдер қазақ елі астығының сапасын жоғары бағалап отыр. Ал Иранға шығарылатын астық экспортының көлемі өткен жыл деңгейінде қалып отырғанын айтады жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар. Және бұл елге жөнелтілетін астықтың 90% көлемі Ақтау порты арқылы жүзеге асырылып отыр екен.
Қазақстандық астықтың негізгі тұтынушылары болып әдеттегідей Орталық Азия елдері, Иран, ұн бойынша Ауғанстан елі қалып отыр. Қытай тарапынан да қазақстандық астыққа сұраныс өскен. Сол себепті аспан асты еліне астық тасымалы жақсы жүріп жатыр. Белгілі болғандай, қазір астықты контейнермен тасымалдау жағы қарқын алып отырған көрінеді.
Сөзіміз сүйекті болу үшін, үстіміздегі жылдың есепті мерзіміндегі астық тиелімі көрсеткішіне сүйенсек, 5200 тонна астық контейнерлерге тиеліпті. Соның ішінде 792 тонна астық Жалтыр станциясынан Вьетнамға қарай бағытталған. ОЛ Ляньюньган порты арқылы жүзеге аспақ.
Ислам ТАЛҒАТ
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой
Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки