Астық тасымалы қарқын алды

Жаңалықтар
10.10.2017, 14:42
Оқуға 3 мин
Күз егін жинау науқаны. Ал осы жиналған егінді дер кезінде діттеген жерлеріне жеткізу үшін астықтасымалдаушы вагондарға сұраныс артады. Осы сұранысты қанағанаттандыру мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бастамасымен астық тасымалын ұйымдастыруға қатысты штаб құрылып, ол жұмысын бастап кетті.   Аталған штабтың вагондарды уақытылы қамтамасыз етіп, сапалы жүк тиелімін жүргізу үшін, сондай-ақ, тасымалдау үдерісіне қатысушы бақылау органдары тарапынан берілетін құжаттардың шапшаңдатылуы үшін құрылып отырғанын айтады мамандар. Астық тасымалын ұйымдастыруға қатысты проблемалық мәселелер де бар көрінеді. Ол мәселелер астық нарығының қатысушыларымен Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Қостанай  облыстарының әкімшіліктерінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның ұйымдастырумен кеңейтілген кеңес форматында өткен жиында кеңінен талқыланды. –  Мұндай жиындарды өткізу маңызды. Өйткені, осындай жиындар барысында тараптарды толғандырған өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Астық тасымалын қамтамасыз ету үшін тасымалдау процесінің барлық қатысушыларына күш біріктіріп, туындаған мәселелерді шұғыл және бірлесе шешу қажет, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жүк тиеу-түсіру және жылжымалы құрам департаментінің директоры Дәулетбек Нигметов. Атап өтерлігі, Қазақстанда астық тасымалдайтын паркте 10 мыңға жуық астықтасымалдаушы вагон бар, соның 6252-сі астық жүгін тасымалдау бойынша қазақстандық ірі оператор «Астық транс» АҚ басқарылымында екен. Дәулетбек Нығметовтың айтуынша, қолда бар астықтасымалдаушы вагондармен вагон айналымын сақтаған жағдайда айына 1 млн тоннаға дейін астық тасымалдау мүмкіндігі бар. Алайда,  көп жағдайда қолданатын вагондар паркінің күтіміне қатысты барлық еңбек  вагондардың станциялық және кірме жолдарда жүк тиеу немесе түсіру үшін көп уақыт тұрып қалғанда зая кетеді екен.  «Вагондардың ұлғайтылған айналымы және жоспарлы ай барысында жүк тиелімінің дұрыс жүргізілмеуі жүк тиеу ресурстарын жоғалтуға және жасанды вагондар жетіспеушілігіне әкеледі» дейді департамент директоры. Қыркүйек айындағы астықтасымалдаушы вагондар жұмысының талдауы, 1 аталған вагон түрінің жүк тиеу үшін тұрып қалған орташа кідірісі шамамен 3,2 тәулікті құрап отырғанын көрсеткен. Астық тасымалдаушы құрамдардың  жұмыс уақытының 70% жуығы  бос тұруға кетеді екен. Қазақстан Республикасында биыл жиналатын жалпы астық  көлемі 19,5 млн тоннаны құрайды деп болжануда екен. Соның сырт елдерге бағытталған, яғни экспорттық әлеуеті – 8 млн тонна деп күтілуде. Мамандар сараптамасына сүйенсек, 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда биыл Ауғанстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Әзербайжанға негізделген жүк тиелімінің көлемі өскені байқалып отыр. Бауырлас елдер қазақ елі астығының сапасын жоғары бағалап отыр. Ал Иранға шығарылатын астық экспортының көлемі өткен жыл деңгейінде қалып отырғанын айтады жүк тасымалын ұйымдастырушы мамандар. Және бұл елге жөнелтілетін астықтың 90% көлемі Ақтау порты арқылы жүзеге асырылып отыр екен.    Қазақстандық астықтың негізгі тұтынушылары болып әдеттегідей Орталық Азия елдері, Иран, ұн бойынша Ауғанстан  елі қалып отыр. Қытай тарапынан да қазақстандық астыққа сұраныс өскен. Сол себепті аспан асты еліне астық тасымалы жақсы жүріп жатыр. Белгілі болғандай, қазір астықты контейнермен тасымалдау жағы қарқын алып отырған көрінеді.   Сөзіміз сүйекті болу үшін, үстіміздегі жылдың есепті мерзіміндегі астық тиелімі көрсеткішіне сүйенсек, 5200 тонна астық контейнерлерге тиеліпті. Соның ішінде 792 тонна астық Жалтыр станциясынан Вьетнамға қарай бағытталған. ОЛ Ляньюньган порты арқылы жүзеге аспақ.  

Ислам ТАЛҒАТ

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды