Абай бол, өткел!
Өткен айда Шетпе – 13-бекет аралығында орналасқан 305 км 3 пикеттегі темір жол өтпесінде дрезина АС-1А №1403 және «IVECO» маркалы, мемлекеттік нөмірі «О 815 ОТ 102 RUS» ауыр жүк көлігі соқтығысқан оқиға орын алды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.
Десе де мұның өзі болмауға, егер жүргізуші абай болғанда орын алмайтын оқиға болатын. Қазір осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүк көлігін Уфалық азамат тізгіндепті. Ол жылжымалы құрамды байқамай қалдым деп ақталған көрінеді. Көлік төменгі жылдамдықпен келіп соққандықтан абырой болып үлкен шығынға ұшыратқан апатты жағдай орын алмаған. Дегенмен осы оқиғадан кейін дистанция бойынша «Абайлаңыз, өткел!» айлығы жарияланған. Айлық дистанцияға қарасты барлық жол өтпелерінде желілік ішкі істер бөлімінің инспекторлары мен көліктік бақылау комитетінің өкілдері, әкімдік қызметкерлерімен бірлесе өткізілуде екен.
– Айлық аясында автокөлік жүргізушілеріне темір жол өтпелерінің ережелерін тағы бір рет таныстырып, олардың қатысуымен темір жолдағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жұмыстанудамыз. Дистанция тарапынан жол өткелдерінде жыл сайын бейнебақылау құруға мекеме бюджетіне тапсырыс берілуде. Темір жол өткелі қауіпті аймақ болғандықтан жүргізушілердің жолдан өту кезінде қарапайым ережені сақтауын тағы да қатаң ескертеміз, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Тоқтар Тұрғазиев.
Жетекші инженердің сөзінше, Маңғыстау жол дистанциясында осыған ұқсас жағдай 2014 жылдан бері бірінші рет қайталануда. Оған дейін, 2013 жылы 399 шақырымдағы өткелде мұнай тасымалдаушы көліктің темір жол өткелінде тұрып қалуы салдарынан болған алапат өрт оқиғасы әлі ешкімнің есінен шыға қоймаған болса керек. Ал Бейнеу дистанциясы бойынша ағымдағы жылдың басында бір оқиға тіркеліп, газ таситын көлік жылжымалы құраммен соқтығысып, жарылыс болуға шақ қалған. Сондықтан мамандар жол қауіпсіздігін сақтау туралы түсінік жұмыстарын ұдайы жүргізе бермек, деген ол көп жағдайда шлагбаум жабылса да автокөліктердің ережеге бағына бермейтініне қынжылыс танытты.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ