Абай бол, өткел!  

Жаңалықтар
03.11.2017, 10:32
Оқуға 2 мин
Өткен айда Шетпе – 13-бекет аралығында орналасқан 305 км 3 пикеттегі темір жол өтпесінде дрезина АС-1А №1403 және «IVECO» маркалы, мемлекеттік нөмірі «О 815 ОТ 102 RUS» ауыр жүк көлігі соқтығысқан оқиға орын алды.  Абырой болғанда адам шығыны жоқ.     Десе де мұның өзі болмауға, егер жүргізуші абай болғанда орын алмайтын  оқиға болатын. Қазір осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Жүк көлігін Уфалық азамат тізгіндепті. Ол жылжымалы құрамды байқамай қалдым деп ақталған көрінеді. Көлік төменгі жылдамдықпен келіп соққандықтан абырой болып үлкен шығынға ұшыратқан апатты жағдай орын алмаған. Дегенмен осы оқиғадан кейін дистанция бойынша «Абайлаңыз, өткел!» айлығы жарияланған. Айлық дистанцияға қарасты барлық жол өтпелерінде желілік ішкі істер бөлімінің инспекторлары мен  көліктік бақылау комитетінің өкілдері, әкімдік қызметкерлерімен бірлесе өткізілуде екен.         – Айлық аясында автокөлік жүргізушілеріне темір жол өтпелерінің ережелерін тағы бір рет таныстырып, олардың қатысуымен темір жолдағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жұмыстанудамыз. Дистанция тарапынан жол өткелдерінде жыл сайын бейнебақылау құруға мекеме бюджетіне тапсырыс берілуде. Темір жол өткелі қауіпті аймақ болғандықтан жүргізушілердің жолдан өту кезінде қарапайым ережені сақтауын тағы да қатаң ескертеміз, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Тоқтар Тұрғазиев.       Жетекші инженердің сөзінше, Маңғыстау жол дистанциясында осыған ұқсас жағдай  2014 жылдан бері бірінші рет қайталануда. Оған дейін, 2013 жылы 399 шақырымдағы өткелде мұнай тасымалдаушы көліктің темір жол өткелінде тұрып қалуы салдарынан болған алапат өрт оқиғасы  әлі ешкімнің есінен шыға қоймаған болса керек. Ал Бейнеу дистанциясы бойынша ағымдағы жылдың басында бір оқиға тіркеліп, газ таситын көлік  жылжымалы құраммен  соқтығысып, жарылыс болуға шақ қалған. Сондықтан мамандар жол қауіпсіздігін сақтау туралы түсінік жұмыстарын ұдайы жүргізе бермек, деген ол көп жағдайда шлагбаум жабылса да автокөліктердің  ережеге бағына бермейтініне қынжылыс танытты.

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды