Тағы бір сәбидің кіндігі кесілді
Маңғышлақ – Атырау бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында тағы бір тосын оқиға орын алды. Жаз айында клиникалық өлімдегі сәбиді аман алып қалған жолсерік Алтынай Рамбаеваның ерлігін кеше әріптесі Ақмарал Өтепова қайталап, бұл жолы пойызда дүнеге келген сәбиге кіндік шеше атанды.
Жолаушылар пойызында жолсерік болып 15 жылдан бері еңбек етіп келетін Ақмарал Орынбасарқызы пойыз бастығы міндетін атқарушы болып жолсапарға шыққан 13-ші қарашаға қараған түні Жұпар Мутиева есімді жолаушы келіншекті аман-есен босандырып алды.
Ақтаудан шыққан соң барлық жолаушылардың жайғасқанын тексеріп өттім. Бәрі жақсы болатын. Шетпе станциясынан өткен соң, жүкті әйелдің толғағы қысқанын естіп бардым. Жүктілік уақыты 7 ай екен. Өзі Атырау өңірінің Құрманғазы ауданынан екен. Шетпеден соң Сайөтес станциясы жақын болған соң, акушер-фельдшер, кезекші полициясына хабар бердік. Алайда Сайөтестегілер толғатқан жолаушыны алып қалуға тәуекел етпеді. Сосын фельдшерді медициналық құрал-жабдықтарымен пойызға мінгізіп алдық. Оның жүкті әйелді босандырып көрген тәжірибесі жоқ болып шықты. Жүкті әйелдің қан қысымы жоғары болып және басқа да денсаулығында кілтипан бар екенін білген соң оны қалай да Бейнеуге жеткізуге тәуекел еттік. Толғағы жиілеп кетіп, қатты қорыққан әйелді алдандырып, баласы Әлиханға бауыр сыйлайтынын айтып, тыныштандырумен болдық. Өзіміз медициналық қолғап халат киіп, су қайнатып, купені заласыздандырып, қолдан келгенше дайындалдық, кім біленді қандай жағдай боларын деп ойладық...
Бір мезетте толғақ тым жиілеп кетті де, әйелді Бейнеуге жеткізе алмайтынымызды түсіндік те, тәуекел деп босандырып алуға кірістік. Қырсыққанда бала аяғымен де емес, басымен де емес, құйрығымен келіп, әупірімаламен зорға дегенде шығарып алып, кіндігін кестік, – деген Ақмарал Орынбасарқызы дүниеге келген қыз баланың жыламағанынан, көзін ашпағанынан қорыққанын, бірақ абдырамай сәбидің жаңа өмірге бейімделуіне қалай әрекет еткендерін айтып берді.
Жолаушылар мен жолсеріктерді әбігерге түсіріп, кейін қуанышқа кенелткен сәби түнгі сағат 01.50 де жарық дүниеге келген. Әлсіреген жас анадан сүт шықпай, Ақмарал басқа вагонда 4 айлық сәбиімен келе жатқан келіншекті шақыртып алып, шарана әл жинау үшін еміздірген көрінеді. Балаға памперс, киім, орайтын жаялық та бәрі табылған. Жас босанған ананы тамақтандырып, баласын құндақтаған Алмагүл мен акушер-фельдшер Жадыра Исдаулетовалар ана мен баланы аман-есен Бейнеу станциясында күтіп тұрған аудандық аурухана дәрігерлеріне табыс еткен.
Біз кеше Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық ауруханасына хабарласып ана мен баланың жағдайын білдік. Бейнеу аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Тыныштық Жақсылықованың айтуынша, жүйткіген пойызда дүниеге келген қыз баланың салмағы 2 кг 150 гр, бойының ұзындығы 49 см. Ана мен баланың жағдайы жақсы екен.
«Күнінен бұрын туған баланы тәжірибесі жоқ адамдардың аман-есен босандырып алуы – өте сирек кездесетін жағдай. Оның үстіне бала құйрығымен келген. Адамдардың ниеті, періштенің жарық дүниеге асығуы көмектескен шығар, ана мен баланың денсаулығына зиян болмай,бәрі қалыпты болғаны қуантады», – деген дәрігер Т.Жақсылықова ана мен сәби әзірге өз бақылауларында болатынын айтты.
Тұрсын Қалимова, Атырау
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ