Тағы бір сәбидің кіндігі кесілді

Жаңалықтар
17.11.2017, 11:16
Оқуға 3 мин
Маңғышлақ – Атырау бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында тағы бір тосын оқиға орын алды. Жаз айында клиникалық өлімдегі сәбиді аман алып қалған жолсерік Алтынай Рамбаеваның ерлігін кеше әріптесі Ақмарал Өтепова қайталап, бұл жолы пойызда дүнеге келген сәбиге кіндік шеше атанды.    Жолаушылар пойызында жолсерік болып 15 жылдан бері еңбек етіп келетін Ақмарал Орынбасарқызы пойыз бастығы міндетін атқарушы болып жолсапарға шыққан 13-ші қарашаға қараған  түні Жұпар Мутиева есімді жолаушы келіншекті аман-есен босандырып алды.   Ақтаудан шыққан соң барлық жолаушылардың жайғасқанын тексеріп өттім. Бәрі жақсы болатын. Шетпе станциясынан өткен соң, жүкті әйелдің толғағы қысқанын естіп бардым. Жүктілік уақыты 7 ай екен. Өзі Атырау өңірінің  Құрманғазы ауданынан екен. Шетпеден соң Сайөтес станциясы жақын болған соң, акушер-фельдшер, кезекші полициясына  хабар бердік. Алайда Сайөтестегілер толғатқан жолаушыны алып қалуға тәуекел етпеді. Сосын  фельдшерді медициналық құрал-жабдықтарымен пойызға  мінгізіп алдық. Оның  жүкті әйелді босандырып көрген тәжірибесі жоқ болып шықты. Жүкті әйелдің қан қысымы жоғары болып және басқа да денсаулығында кілтипан бар екенін білген соң  оны қалай да Бейнеуге  жеткізуге тәуекел еттік. Толғағы жиілеп кетіп, қатты қорыққан  әйелді алдандырып, баласы Әлиханға бауыр сыйлайтынын айтып, тыныштандырумен болдық. Өзіміз медициналық қолғап халат киіп, су қайнатып, купені заласыздандырып, қолдан келгенше дайындалдық, кім біленді қандай жағдай боларын деп ойладық...  Бір мезетте толғақ тым жиілеп кетті де, әйелді Бейнеуге жеткізе алмайтынымызды түсіндік те, тәуекел деп босандырып алуға кірістік. Қырсыққанда бала  аяғымен де емес, басымен де емес, құйрығымен келіп, әупірімаламен зорға  дегенде шығарып алып, кіндігін кестік, – деген Ақмарал Орынбасарқызы дүниеге келген қыз баланың жыламағанынан, көзін ашпағанынан қорыққанын, бірақ абдырамай сәбидің жаңа өмірге бейімделуіне қалай әрекет еткендерін айтып берді.  Жолаушылар мен жолсеріктерді әбігерге түсіріп, кейін қуанышқа кенелткен сәби түнгі сағат 01.50 де жарық дүниеге келген. Әлсіреген жас анадан сүт шықпай,  Ақмарал басқа вагонда 4 айлық сәбиімен келе жатқан келіншекті  шақыртып алып, шарана әл жинау үшін еміздірген көрінеді.  Балаға памперс, киім,  орайтын жаялық та бәрі табылған. Жас босанған ананы тамақтандырып, баласын құндақтаған Алмагүл мен акушер-фельдшер Жадыра Исдаулетовалар ана мен баланы аман-есен Бейнеу станциясында күтіп тұрған аудандық аурухана дәрігерлеріне табыс еткен. Біз кеше Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық ауруханасына хабарласып ана мен баланың жағдайын білдік. Бейнеу аудандық орталық аурухананың перзентхана  бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Тыныштық Жақсылықованың айтуынша, жүйткіген пойызда дүниеге келген қыз баланың салмағы 2 кг 150 гр, бойының ұзындығы 49 см. Ана мен баланың жағдайы жақсы екен.  «Күнінен бұрын туған баланы тәжірибесі жоқ адамдардың аман-есен босандырып алуы – өте сирек кездесетін жағдай.  Оның үстіне бала құйрығымен  келген. Адамдардың ниеті, періштенің жарық дүниеге асығуы көмектескен шығар, ана мен баланың денсаулығына зиян болмай,бәрі қалыпты болғаны қуантады», – деген дәрігер Т.Жақсылықова ана мен сәби әзірге өз бақылауларында болатынын айтты.

Тұрсын Қалимова, Атырау

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды