Ұстанымы – жауапкершілік және сауаттылық
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінде әлеуметтік мәселелер және еңбек қатынастары инспекторы болып еңбек ететін Шәмшагүл Алпысбаеваның өмірлік ұстанымы осы – жауапкершілік һәм сауаттылық.
Теміржолшылар арасында «кадр бөлімі» аталып кеткен қазіргі персоналды басқару бөліміне бас сұқсаңыз, бейне бір семинар сабақ өткізіп жатқандай, біреулерге жаңадан келген құжаттардың жайын түсіндіріп, екіншісіне қандай да бір жеңілдік алуға құқығын түсіндіріп, тағы біреуіне қағаз бен қалам беріп өтініш жаздырып жататын Шәмшагүлді көресіз. Жиырма жылдан астам уақыт бір орында жұмыс жасап келе жатқан тәжірибелі маманның білмейтіні жоқ, сондықтан ананың жайы қандай болады, мынаны қалай істейміз деп, әлеуметттік-құқықтық мәселемен Шәмшагүлге теміржолшылар жиі келеді.
–Кадр жұмысы өте мазасыз да тынымсыз. Бүкіл аймақ теміржолшылары, шалғайдағы станциялардан ат терлетіп дегендей түрлі мәселелермен келіп жатады, ертеңнен кешке дейін бір босамаймыз. Бірі демалыс орнына жолдама сұраса, бірі бала тууға байланысты құжат рәсімдейді, бірі жәрдемақы туралайды дегендей. Осындай жұмыста Ұлттық компания тарапынан жаңадан келген құжаттарды, заңнамалық ереже, актілерді дер уақытында игеріп әріптестерінің құжат айналымы жұмысына көмек көрсетіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін Шәмшагүл Алпысбаеваның еңбегін ерекше бағалаймын. Бөлімдегі мамандар арасында оның сол тәжірибесі де әріптестеріне үлгі. Ол кісі сол біліктілігінің нәтижесінде белгіленген уақытта өткізілетін мамандарды аттестациялау, кәсіби біліктілігін тексеру сынақтарынан мүдірмей өтетініне ешкім шек келтірмейді. Өз кәсіби міндетімен қатар бөлімшеде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шараларына да белсене араласып теміржолшылардың жоғын жоқтап, барын түгелдеп жүретін жауапкершілігімен танылған маман, – дейді әріптесі жайында пікір білдірген бөлім басшысы Нұрлан Бимұратов.
Теміржолшылардың сауалына тұщымды жауап беріп, қажетті құжаттарын уақытылы пәттелеп олардың рахметіне бөленген Шәмшагүл қашанда бөлімше басшылығының алғысын алып, марапат биігінен көрініп жүреді. Аймақ теміржолшыларының іс-қағаздарын ретке келтіру, тіпті өзінің жеке жұмысымен бас сұққан, кеңес сұраған теміржолшыларды да тыңдап, қолдан келгенше көмек көрсетіп, қамқорлық жасап жүретін осы бір өз ісіне адам, тірлігіне мығым әйелді бөлімшенің үлкен-кішісі бір кісідей сыйлайды, бір-біріне «Шәмшагүлге барсаңшы, оның білмейтіні жоқ, сол түсіндіреді, содан білесің...» деп жатқанының талай куәсі болдық.
Облыстың Жалағаш ауданында 1962 жылы дүниеге келіп, еңбек жолын 1991 жылы Батыс Қазақстан теміржолына қарасты Қызылорда жол бөлімшесінің кадр бөлімінен бастаған екен. Қазіргі уақытта бөлімшенің персоналды басқару бөлімінде әлеуметтік және еңбек қатынастары инспекторы. Күнделікті мамандардың құжаттарын ретке келтірумен қатар жаңа өзгерістерімен келетін нұсқаулықтарды саралап реттеу, еңбек қатынастарына қатысты өзгерістерді іске асыру, мамандардың кезегімен біліктілігін арттырып, еңбек демалыстарына жіберіп, оралғандарын жұмысқа қосу секілді күнделікті толып жатқан іс қағаздарын даярлап, бір тынбайтын маман қашанда ізденіс үстінде. Өйткені, жауапкершілікпен қоса сауаттылық – кез келген маманның ең бірінші кәсіби қаруы екенін жақсы түсінеді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ