Ұстанымы – жауапкершілік және сауаттылық  

Жаңалықтар
28.11.2017, 19:39
Оқуға 3 мин
Қызылорда ЖТ бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінде әлеуметтік мәселелер  және еңбек қатынастары инспекторы болып еңбек ететін Шәмшагүл Алпысбаеваның өмірлік ұстанымы осы – жауапкершілік һәм сауаттылық. Теміржолшылар арасында «кадр бөлімі» аталып кеткен қазіргі персоналды басқару бөліміне бас сұқсаңыз, бейне бір семинар сабақ өткізіп жатқандай, біреулерге жаңадан келген құжаттардың жайын түсіндіріп, екіншісіне қандай да бір жеңілдік алуға құқығын түсіндіріп, тағы біреуіне қағаз бен қалам беріп өтініш жаздырып жататын  Шәмшагүлді көресіз.  Жиырма жылдан астам уақыт бір орында жұмыс жасап келе жатқан тәжірибелі маманның білмейтіні жоқ, сондықтан ананың жайы қандай болады, мынаны қалай істейміз деп, әлеуметттік-құқықтық мәселемен Шәмшагүлге теміржолшылар жиі келеді. –Кадр жұмысы өте мазасыз да тынымсыз. Бүкіл аймақ теміржолшылары, шалғайдағы станциялардан ат терлетіп дегендей түрлі мәселелермен келіп жатады, ертеңнен кешке дейін бір босамаймыз. Бірі демалыс орнына жолдама сұраса, бірі бала тууға байланысты құжат рәсімдейді, бірі жәрдемақы  туралайды дегендей. Осындай жұмыста Ұлттық компания тарапынан жаңадан келген құжаттарды, заңнамалық ереже, актілерді дер уақытында игеріп әріптестерінің құжат айналымы жұмысына көмек көрсетіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін  Шәмшагүл Алпысбаеваның  еңбегін ерекше бағалаймын. Бөлімдегі мамандар арасында оның сол тәжірибесі де әріптестеріне үлгі. Ол кісі сол біліктілігінің нәтижесінде белгіленген уақытта өткізілетін мамандарды аттестациялау, кәсіби біліктілігін тексеру сынақтарынан мүдірмей өтетініне ешкім шек келтірмейді. Өз кәсіби міндетімен қатар бөлімшеде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шараларына да белсене араласып теміржолшылардың жоғын жоқтап, барын түгелдеп жүретін жауапкершілігімен танылған маман, – дейді әріптесі жайында пікір білдірген бөлім басшысы Нұрлан Бимұратов. Теміржолшылардың сауалына тұщымды жауап беріп, қажетті құжаттарын уақытылы пәттелеп олардың рахметіне бөленген Шәмшагүл қашанда бөлімше басшылығының алғысын алып, марапат биігінен көрініп жүреді. Аймақ теміржолшыларының іс-қағаздарын ретке келтіру, тіпті өзінің жеке жұмысымен бас сұққан, кеңес сұраған  теміржолшыларды да тыңдап, қолдан келгенше көмек көрсетіп, қамқорлық жасап жүретін  осы бір өз ісіне адам, тірлігіне мығым әйелді бөлімшенің үлкен-кішісі бір кісідей сыйлайды, бір-біріне «Шәмшагүлге барсаңшы, оның білмейтіні жоқ, сол түсіндіреді, содан білесің...» деп жатқанының талай куәсі болдық.  Облыстың Жалағаш ауданында 1962 жылы дүниеге келіп, еңбек жолын 1991 жылы Батыс Қазақстан теміржолына қарасты  Қызылорда жол бөлімшесінің кадр бөлімінен бастаған екен.  Қазіргі уақытта бөлімшенің персоналды басқару бөлімінде әлеуметтік  және еңбек қатынастары инспекторы. Күнделікті мамандардың құжаттарын ретке келтірумен қатар жаңа өзгерістерімен келетін нұсқаулықтарды саралап реттеу, еңбек қатынастарына қатысты өзгерістерді іске асыру, мамандардың кезегімен біліктілігін арттырып, еңбек демалыстарына жіберіп, оралғандарын жұмысқа қосу секілді күнделікті толып жатқан іс қағаздарын даярлап, бір тынбайтын маман қашанда ізденіс үстінде. Өйткені, жауапкершілікпен қоса сауаттылық – кез келген маманның ең бірінші кәсіби қаруы екенін жақсы түсінеді.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды