«Цифрлы теміржол» жобасына үлес немесе диджиталиция дәуірі  

Новости
15.12.2017, 16:17
Қазақстан темір жолында  Елбасының  «Цифрлы Қазақстан» ұсынысы аясында «Цифрлы теміржол» жобасын жүзеге асыруға қомақты үлес қосып келе жатқан мекеме – Ақтөбе желілік жүйелер әзірлеу орталығының директоры Александр Акулининмен сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз. Айта кетейік, 2017 жылдың ақпан айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен еншілес ұйымдарында процестерді цифрлау және автоматтандыру деңгейін арттыру үшін жаңа сандық технологияларды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация және автоматика жүйелерін өңдеу, енгізу және дамыту мақсатында әзірлеу, енгізу мақсатында «Автоматизация және цифровизация дирекциясы» құрылды. Оның құрамына Ақтөбе қаласында орналасқан желілік жүйелерді әзірлеу департаменті де енді. Департамент «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық және жүйелерді дамыту және жүзеге асыру, сонымен бірге, ақпараттық технологияларды пайдалану үшін құрылды. Департаменттің негізгі мақсаттары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі ақпараттық жүйелерді инновациялық дамыту, жаңа бағдарламалық-технологиялық жобалар, басқару жүйелері, техникалық құралдар әзірлеу, желілік жүйелерді автоматтандыру және қолданыстағы ақпараттық технологияларды бейімдендіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.   – Александр Евгеньевич, «Цифрлы Қазақстан» жобасы теміржолда қалай көрініс тауып отыр және оның  операторлары өзге емес, ақтөбелік бағдарламашылар болып отырғанын мақтан ететін боларсыз?   – Сөзсіз. Жыл өткен сайын ақтөбелік программистердің шеберлігі артып, тың жобаларының сапалылығы мен тиімділігі сан тараптан жоғары бағаланып, мықтымын деген сарапшылардың оң бағасын алып келе жатқаны біз үшін үлкен қуаныш және мақтаныш. Департамент қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен инновациялық белсенділігі есебінен ұлттық компаниядағы еңбек өнімділігін арттыру үшін жағдайлар жасалып жатыр деуге болады. Ендеше, мақтанышымыз орынды дер едім. Ұлттық компания қашаннан теміржолдың бойындағы бағдарламаларды жүйелендіріп және  жетілдіріп келеді. Осы мақсатта біздің мекеме программистері қолға алып отырған жобалардың да негізгі мақсаты – болат жолды цифрландыру, дижиталицияландыру болып табылады.  Бүгінде төрт бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде диспетчерлік орталық қызметі де бар. Сонымен бірге, электр энергиясының коммерциялық есебін жүргізу жобасы қарастырылған. Үкімет қолдау танытып отырған ауқымды жоба теміржол жүйесіне енеді деп жоспарланған.   Әрине, саланы цифрландыруға барлық мекеме атсалысуда. ШЧ, ПЧ, ЭЧ, ПТО, тағы басқалары түрлі ұсыныстар айтып келеді. Автоматтандырудың бір жақсы жері – адам күші аса қажет болмайды. Әрине, одан жұмысшыларды қысқартып жатыр екен деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұрын станция диспетчерлерінің күніне 4 сағат уақыт алатын жұмыстарын бүгінде санаулы минутта орындап тастауға болады. Әрі ашық, әрі жылдам. 25-30 станцияға телефон шалып, мәлімет жинағаннан гөрі, автоматтандырылған жүйенің көмегімен, бос тор көздерді түртіп шығу арқылы өте аз уақытта тындыруға болады. Адамдар осыны түсінуге тиіс.   –Автоматтандырылған жұмыс орындары аясын қаншалықты кеңітуге болады деп айтуға болады?   – Мүмкіндік көп және ол осынша болады деп айтуға болмайды. Өйткені, даму үдерісіне байланысты әлі талай мүмкіндік ашылары сөзсіз. Бүгінде 32 автоматтандырылған жүйе мен автоматтандырылған жұмыс орындары ақпараттық-технологиялық қолдауға ие. Автоматтандырылған жүйе қолданушылардың өтініші бойынша үнемі жетілдіріледі. 24 жоба әзірленіп жатыр. Автоматтандырылған басқару жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, ескерту телеграммаларын қалыптастыру модулі мен технологиялық терезелерді іске асыру, бірегей автоматтандырылған басқару жүйесін құру жоспарда бар. Сонымен бірге, ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен бірлесе отырып, «Электронды – сандық кітапхана» енгізу жоспарда бар. «Өндірістік қауіпсіздік» ақпараттық жүйесін өңдеу, «Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор» автоматтандырылған жүйесінің 3-ші кезегін өңдеу, «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» автоматтандырылған жүйесін өңдеу,  «Экология» және «Метрология» жүйелерінің екінші кезектері, «Пойыз және жүк жұмыстарының ауысымдық-тәуліктік жоспарлау» жүйесін өңдеу жоспарланып отыр. Алдағы жылы өндірістегі қауіпсіздік жобасының да жүзеге асырылатынын айтып өтуге болады. Оның ішінде «метрология», «экология», «еңбек қорғау» пункттері қарастырылған.  Қандыағаш – Шұбарқұдық, Шұбарқұдық – Сағыз, Шалқар – Жем аралығындағы диспетчерлік пойыз телімдерінде «Дисчетчерлік орталықтың микропроцессорлы автоматтандырылған жүйесі» жобасына арналған даму және дайындық шараларының негізгі сатылары анықталды. Келешекте 35 телімге көбейтіп, диспетчерлік орталық жүйелерін интеграциялау көзделіп отыр. Электрмен жабдықтау дистанциясында электр қуатының көтерме нарығын ескере отырып, электр энергиясының коммерциялық есебін жүргізуге арналған отандық автоматтандырылған жүйе дайындалды.          Бүгінде «Бұрмалар мен сигналдарды микропроцессорлы орталық» автоматтандырылған басқару жүйесін өңдейді. Станциялардағы пойыздар қозғалысын басқаруды қауіпсіз әрі тиімді етудің амалы. Шығындарды азайту мақсатында сырттан қаражат тартпай-ақ жобаларды енгізу жұмыстары қолға алынуда. Келесі жылы жүзеге асыру жоспарлап отырған жобалар қатарында сынақ полигонын құру, енгізілген жүйелер сынағын ұйымдастыру, 35 учаскеде «Диспетчерлік орталықтың микропроцессорлық автоматтандырылған жүйесі» жобасын енгізу, т.б. көзделіп отырғанын да айта кетуге болады.   –Қазақстан бойынша әзірге ақтөбелік бағдарламашылар көш басында тұр. Ұжымның даңқты жолы қалай басталды?   –Ақтөбе темір жолы бөлімшесінде автоматтандырылған басқару жүйесі 1995 жылы енгізіле бастады. Соңғы 5 жылда аталған жүйелер әрдайым жаңартылып келеді. Жетілдіру туралы үнемі ұсыныстар келіп түсуде. Қандай өтініш келіп түспесін, бірден қарап, сол бойы өңдеп, енгізіп, оны жан-жаққа таратамыз. Қазақстан теміржол саласының 14 бөлімшесінің 11-де біздің әзірлеген жобалар ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Біздің  бағдарламашылар Шалқар – Сексеуіл, Ақтөбе – Жайсаң учаскелерінде де жаңашыл жүйелер енгізген, алдағы жылы Ембі – Шалқар, Шұбарқұдық – Сағыз, Қандыағаш – Шұбарқұдық аралықтарында көп маңдай тер төгуге тура келеді. Қысқасы, автоманттандыру жүйелерін  Қазақстандағы 81 учаскенің 35-інде немесе тең жартысында енгізу көзделген. Шамамен 415 станция алдағы үш жылдың ішінде автоматтандырылу керек. Бұл дегеніміз «Сандық Қазақстан» жобасы аясында ұлттық компанияда ауқымды шаралар қолға алынатынын көрсетеді.   –Департаментте биыл орын алған құрылымдық өзгерістер немен байланысты? –Оның ешқандай құпиялылығы жоқ әрине, екі бөлінген орталықтың функциялары – бағдарлама әзірлеу және оны пайдалану болып бөлінеді. Айналып келгенде, екеуінің де басты міндеті, қазіргі тілмен айтқанда, теміржол саласын цифрлауға келіп тіреледі. –Рас болса, Ақтөбелік орталықтың жұмысына ресейлік әріптестері де қызығады деседі...  –Көршілес елдердің өзінде цифрландыру жұмыстары әлдеқайда кешігіп жүзеге асырылып жатқаны жасырын емес. Соның ішінде ресейлік әріптестердің де бізден үйренері аз болмайды, біз олардан, олар бізден. Цифрландыру дәуірінде даму сатысы осылай болуы заңдылық та шығар.  Бүгінде еліміздегі өзге компаниялардан «ҚТЖ» компаниясындағы цифрлық жүйеге көшу артық болмаса, еш кем емес. Бір ғана Ақтөбе бөлімшесінде сыналып, кейін өзге теміржол бөлімшелерінде қолданысқа енгізіліп және маңыздығы оның нәтижесіне  біздің бағдарламашылар бірден қол жеткізген жоқ. Бұл ұзақ жылдар бойғы дайындықтың, үлкен жұмыстың, көптеген кемшіліктерді қайта түзетудің нәтижесінде қол жеткізілген жетістік дер едім.   Әрине, диджитализация дәуірінде бір жетістікпен аялдап қалу дұрыс емес. Ақпараттық дәуір  цифрландыру процесінің үнемі алға жылжып, күн сайын өзгеріп,  жетілдіріліп жатқанын қалайтынын уақыттың өзі көрсетіп отыр.  

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Новости
26.11.2024
Более 155 мостов построят во время строительства новых железных дорог в Казахстане
Новости
26.11.2024
Олжас Бектенов дал ряд поручений Минтранспорта и КТЖ
Новости
26.11.2024
До 2027 года КТЖ построит 9 терминалов
Новости
26.11.2024
Развитие железнодорожной отрасли и транзитного потенциала рассмотрели в правительстве Казахстана
Новости
26.11.2024
Объемы контейнерных перевозок за три года выросли на 30%
Грузовые перевозки
26.11.2024
Минтранс: объем грузоперевозок вырос на 3,5% в Казахстане
Новости
26.11.2024
Более 1600 договоров с отечественными производителями заключило КТЖ в 2024 году
Инфраструктура
26.11.2024
Ремонтные работы железных дорог завершили на 96% в Казахстане
Грузовые перевозки
26.11.2024
Годовой план по сдаче грузов через Достык – Алашанькоу выполнили досрочно
Пассажирские перевозки
26.11.2024
Нацперевозчик напомнил правила использования стоп-крана в пассажирских вагонах
Новости
26.11.2024
Развитие ТМТМ обсудили в Стамбуле
Инфраструктура
26.11.2024
Инфраструктуру железных дорог продолжают улучшать в Павлодарском отделении магистральной сети
Новости / Архив
26.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №100 от 26 ноября 2024 года
Новости
25.11.2024
Неизвестные похитили болты скрепления пути на перегоне Көкпекті – Нұра
Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году
Регионы
25.11.2024
Тянь-шаньские ели посадили сотрудники Алматинского отделения ГП
Новости
25.11.2024
Обучение по повышению компетенций провели для работников узла Кокшетау
Регионы
25.11.2024
С выходом бродячего скота на железнодорожные пути продолжают бороться в Костанайском регионе
Спорт
25.11.2024
Команда КТЖ заняла первое место на ІХ спартакиаде «Самрук-Қазына»
Регионы
25.11.2024
Итоги работы за 10 месяцев подвели в Алматинском отделении ГП