«Цифрлы теміржол» жобасына үлес немесе диджиталиция дәуірі
Жаңалықтар
15.12.2017, 16:17
Қазақстан темір жолында Елбасының «Цифрлы Қазақстан» ұсынысы аясында «Цифрлы теміржол» жобасын жүзеге асыруға қомақты үлес қосып келе жатқан мекеме – Ақтөбе желілік жүйелер әзірлеу орталығының директоры Александр Акулининмен сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз.
Айта кетейік, 2017 жылдың ақпан айында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен еншілес ұйымдарында процестерді цифрлау және автоматтандыру деңгейін арттыру үшін жаңа сандық технологияларды, ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация және автоматика жүйелерін өңдеу, енгізу және дамыту мақсатында әзірлеу, енгізу мақсатында «Автоматизация және цифровизация дирекциясы» құрылды. Оның құрамына Ақтөбе қаласында орналасқан желілік жүйелерді әзірлеу департаменті де енді.
Департамент «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық және жүйелерді дамыту және жүзеге асыру, сонымен бірге, ақпараттық технологияларды пайдалану үшін құрылды. Департаменттің негізгі мақсаттары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріндегі ақпараттық жүйелерді инновациялық дамыту, жаңа бағдарламалық-технологиялық жобалар, басқару жүйелері, техникалық құралдар әзірлеу, желілік жүйелерді автоматтандыру және қолданыстағы ақпараттық технологияларды бейімдендіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
– Александр Евгеньевич, «Цифрлы Қазақстан» жобасы теміржолда қалай көрініс тауып отыр және оның операторлары өзге емес, ақтөбелік бағдарламашылар болып отырғанын мақтан ететін боларсыз?
– Сөзсіз. Жыл өткен сайын ақтөбелік программистердің шеберлігі артып, тың жобаларының сапалылығы мен тиімділігі сан тараптан жоғары бағаланып, мықтымын деген сарапшылардың оң бағасын алып келе жатқаны біз үшін үлкен қуаныш және мақтаныш. Департамент қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен инновациялық белсенділігі есебінен ұлттық компаниядағы еңбек өнімділігін арттыру үшін жағдайлар жасалып жатыр деуге болады. Ендеше, мақтанышымыз орынды дер едім.
Ұлттық компания қашаннан теміржолдың бойындағы бағдарламаларды жүйелендіріп және жетілдіріп келеді. Осы мақсатта біздің мекеме программистері қолға алып отырған жобалардың да негізгі мақсаты – болат жолды цифрландыру, дижиталицияландыру болып табылады.
Бүгінде төрт бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде диспетчерлік орталық қызметі де бар. Сонымен бірге, электр энергиясының коммерциялық есебін жүргізу жобасы қарастырылған. Үкімет қолдау танытып отырған ауқымды жоба теміржол жүйесіне енеді деп жоспарланған.
Әрине, саланы цифрландыруға барлық мекеме атсалысуда. ШЧ, ПЧ, ЭЧ, ПТО, тағы басқалары түрлі ұсыныстар айтып келеді. Автоматтандырудың бір жақсы жері – адам күші аса қажет болмайды. Әрине, одан жұмысшыларды қысқартып жатыр екен деп айтуға болмайды. Дегенмен, бұрын станция диспетчерлерінің күніне 4 сағат уақыт алатын жұмыстарын бүгінде санаулы минутта орындап тастауға болады. Әрі ашық, әрі жылдам. 25-30 станцияға телефон шалып, мәлімет жинағаннан гөрі, автоматтандырылған жүйенің көмегімен, бос тор көздерді түртіп шығу арқылы өте аз уақытта тындыруға болады. Адамдар осыны түсінуге тиіс.
–Автоматтандырылған жұмыс орындары аясын қаншалықты кеңітуге болады деп айтуға болады?
– Мүмкіндік көп және ол осынша болады деп айтуға болмайды. Өйткені, даму үдерісіне байланысты әлі талай мүмкіндік ашылары сөзсіз. Бүгінде 32 автоматтандырылған жүйе мен автоматтандырылған жұмыс орындары ақпараттық-технологиялық қолдауға ие. Автоматтандырылған жүйе қолданушылардың өтініші бойынша үнемі жетілдіріледі. 24 жоба әзірленіп жатыр.
Автоматтандырылған басқару жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, ескерту телеграммаларын қалыптастыру модулі мен технологиялық терезелерді іске асыру, бірегей автоматтандырылған басқару жүйесін құру жоспарда бар.
Сонымен бірге, ғылыми-техникалық ақпарат орталығымен бірлесе отырып, «Электронды – сандық кітапхана» енгізу жоспарда бар. «Өндірістік қауіпсіздік» ақпараттық жүйесін өңдеу, «Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор» автоматтандырылған жүйесінің 3-ші кезегін өңдеу, «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» автоматтандырылған жүйесін өңдеу, «Экология» және «Метрология» жүйелерінің екінші кезектері, «Пойыз және жүк жұмыстарының ауысымдық-тәуліктік жоспарлау» жүйесін өңдеу жоспарланып отыр. Алдағы жылы өндірістегі қауіпсіздік жобасының да жүзеге асырылатынын айтып өтуге болады. Оның ішінде «метрология», «экология», «еңбек қорғау» пункттері қарастырылған.
Қандыағаш – Шұбарқұдық, Шұбарқұдық – Сағыз, Шалқар – Жем аралығындағы диспетчерлік пойыз телімдерінде «Дисчетчерлік орталықтың микропроцессорлы автоматтандырылған жүйесі» жобасына арналған даму және дайындық шараларының негізгі сатылары анықталды. Келешекте 35 телімге көбейтіп, диспетчерлік орталық жүйелерін интеграциялау көзделіп отыр. Электрмен жабдықтау дистанциясында электр қуатының көтерме нарығын ескере отырып, электр энергиясының коммерциялық есебін жүргізуге арналған отандық автоматтандырылған жүйе дайындалды.
Бүгінде «Бұрмалар мен сигналдарды микропроцессорлы орталық» автоматтандырылған басқару жүйесін өңдейді. Станциялардағы пойыздар қозғалысын басқаруды қауіпсіз әрі тиімді етудің амалы. Шығындарды азайту мақсатында сырттан қаражат тартпай-ақ жобаларды енгізу жұмыстары қолға алынуда. Келесі жылы жүзеге асыру жоспарлап отырған жобалар қатарында сынақ полигонын құру, енгізілген жүйелер сынағын ұйымдастыру, 35 учаскеде «Диспетчерлік орталықтың микропроцессорлық автоматтандырылған жүйесі» жобасын енгізу, т.б. көзделіп отырғанын да айта кетуге болады.
–Қазақстан бойынша әзірге ақтөбелік бағдарламашылар көш басында тұр. Ұжымның даңқты жолы қалай басталды?
–Ақтөбе темір жолы бөлімшесінде автоматтандырылған басқару жүйесі 1995 жылы енгізіле бастады. Соңғы 5 жылда аталған жүйелер әрдайым жаңартылып келеді. Жетілдіру туралы үнемі ұсыныстар келіп түсуде. Қандай өтініш келіп түспесін, бірден қарап, сол бойы өңдеп, енгізіп, оны жан-жаққа таратамыз. Қазақстан теміржол саласының 14 бөлімшесінің 11-де біздің әзірлеген жобалар ойдағыдай жұмыс істеп жатыр.
Біздің бағдарламашылар Шалқар – Сексеуіл, Ақтөбе – Жайсаң учаскелерінде де жаңашыл жүйелер енгізген, алдағы жылы Ембі – Шалқар, Шұбарқұдық – Сағыз, Қандыағаш – Шұбарқұдық аралықтарында көп маңдай тер төгуге тура келеді. Қысқасы, автоманттандыру жүйелерін Қазақстандағы 81 учаскенің 35-інде немесе тең жартысында енгізу көзделген. Шамамен 415 станция алдағы үш жылдың ішінде автоматтандырылу керек. Бұл дегеніміз «Сандық Қазақстан» жобасы аясында ұлттық компанияда ауқымды шаралар қолға алынатынын көрсетеді.
–Департаментте биыл орын алған құрылымдық өзгерістер немен байланысты?
–Оның ешқандай құпиялылығы жоқ әрине, екі бөлінген орталықтың функциялары – бағдарлама әзірлеу және оны пайдалану болып бөлінеді. Айналып келгенде, екеуінің де басты міндеті, қазіргі тілмен айтқанда, теміржол саласын цифрлауға келіп тіреледі.
–Рас болса, Ақтөбелік орталықтың жұмысына ресейлік әріптестері де қызығады деседі...
–Көршілес елдердің өзінде цифрландыру жұмыстары әлдеқайда кешігіп жүзеге асырылып жатқаны жасырын емес. Соның ішінде ресейлік әріптестердің де бізден үйренері аз болмайды, біз олардан, олар бізден. Цифрландыру дәуірінде даму сатысы осылай болуы заңдылық та шығар. Бүгінде еліміздегі өзге компаниялардан «ҚТЖ» компаниясындағы цифрлық жүйеге көшу артық болмаса, еш кем емес. Бір ғана Ақтөбе бөлімшесінде сыналып, кейін өзге теміржол бөлімшелерінде қолданысқа енгізіліп және маңыздығы оның нәтижесіне біздің бағдарламашылар бірден қол жеткізген жоқ. Бұл ұзақ жылдар бойғы дайындықтың, үлкен жұмыстың, көптеген кемшіліктерді қайта түзетудің нәтижесінде қол жеткізілген жетістік дер едім.
Әрине, диджитализация дәуірінде бір жетістікпен аялдап қалу дұрыс емес. Ақпараттық дәуір цифрландыру процесінің үнемі алға жылжып, күн сайын өзгеріп, жетілдіріліп жатқанын қалайтынын уақыттың өзі көрсетіп отыр.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда