Формализмнен арылатын уақыт жетті... 

Новости
24.12.2017, 16:44
Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесінің Семей локомотив пайдалану депосы өндірістегі үнемділік бойынша тың табыстарға қол жеткізіп отыр. Жетістіктер қатарына локомотив бригадаларын ұйымдастырудағы тиімділік, кадр саясаты бірінші кезекте себеп болуда.  Осы орайда локомотившілер ұжымындағы қызметті ұйымдастыру барысындағы жаңашыл шаралар туралы ұзақ жылдардан бергі депо директоры, «Құрметті теміржолшы» Дәулет Ыдырысовты әңгімеге тартқан едік. – Дәулет Тайтөлеуұлы, «бәрін де кадр шешеді» деген нақыл күні бүгінге дейін маңызын жоймаған секілді. Деподағы мамандар біліктілігін арттыру бағытындағы шаралар қатарына тоқтала кетсеңіз. – Иә, бұл тарапта бұрынғы жылдарға қарағанда бірқатар өзгерістер орын алуда. Әуелгі кезектегі жаңашылдықтар қатарына тоқталсақ, техникалық дәріс өткізуге өзгерістер енгізілді. Инструкция барысы толығымен тексеруден өтеді. Қауіпсіздікке байланысты орын алған кез келген ақаулық қатаң тексеріліп, талқыға түседі. Бұл шаралардың басы-қасында мекеме басшысы ретінде өзім жүремін. Кейбір кездерде барлық келеңсіздік тех. дәрістердегі жіберілген кемшіліктерге алып баратыны бар. Сол себептен, мұндай сабақтарға арнайы қатысып, ойдағыдай жүргізілуін қадағалаймын. Жалпы, бүгінде формализмнен арылатын уақыт келді. Сол себепті, депода өтетін барлық жиындарды локомотившілердің өзіндік «тілінде» жүргізіп, барша қызметкерлер болып жұмыс жасау қажет деп санаймын. –Қызмет барысындағы кемшіліктердің алдын алып, ақаулықтарға жол бермеу мәселесіне қатысты не айтасыз?   –Бұрындары орын алған ақаулықтарға байланысты көп жағдайда орындаушы тарап  – машинистер мен машинист көмекшілері жазаланса, қазіргі күні бұл тәсіл өзгерді. Барлық сапасыз орындалған міндеттемелерге басшылық тарап бірінші кезекте жауапты. Соның аясында деподағы инструкторлық құрам жіберген кемшіліктер толық тексеріліп, депо кезекшілеріне дейін сұрау салынады. Арнайы хаттама толтырылып, тың міндеттер белгіленеді. Сараптама көрсеткендей, бұл әдіс қозғалыс және еңбек қауіпсіздіктерін сақтауда оң нәтижесін беруде.   Локомотив шаруашылығы бейқамдықты көтермейді. Әрдайым бабыңда болып, қалтқысыз қызмет ету міндет. Жұмыс барысында мүлт кету - үлкен шығын әкелуі мүмкін. Міне, осы орайда локомотив бригадаларының кәсібилігін шыңдау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Бұл шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін де маңызды саналады. Басты мақсат – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, машинистер өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету. Бұл орайда арнайы әзірленген жоспар аясында желі бойындағы қауіпсіздік жұмыстарын сақтауда локомотив бригадалары бойынша арнайы инструктаждар өткізілді. Қазіргі күні әр айдағы жұмыстар қорытындыланып, сарапталатын болды. Түйіндей келе, локомотившілер әрдайым сергек болуы тиіс. – Биылғы нәтиже көңіліңізден шыға ма?   – Көрсеткіштерге тоқталар болсақ, биылғы жылды жемісті қорытындылаймыз деген сенім басым.  Осы мерзімге дейінгі межеленген міндеттемелердің барлығын да толығымен орындадық. Жолдың баллдық деңгейінің жақсаруы ұзын жылжымалы құрамдардан тұратын ауыр салмақты пойыздарды сапарға шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Ал бұл жайт өз кезегінде экономикалық көрсеткіштерді де еселейтіні белгілі. Ең маңыздысы – сапалы жұмыс.  Жолаушылар мен сеніп тапсырылған жүктерді діттеген жерге мерзімінде әрі қауіпсіздікті сақтай отырып жеткізу зор жауапкершілікті жүктейді. Біздің басты мұратымыз да – осы. – Еңбектеріңіз жемісті болсын! 

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Новости
20.08.2026
Члены согласительной комиссии прошли обучение по рассмотрению трудовых споров
Грузовые перевозки
19.08.2026
Более 19 млн тонн угля перевезено в рамках подготовки к отопительному сезону в Казахстане
Регионы
19.08.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения степного пожара в Карагандинской области
Регионы
19.08.2026
Погрузка в Костанайском отделении ГП превысила план
Регионы
19.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели 154 профилактические беседы и 80 рейдов
Новости
18.08.2026
Более 2 тыс. водителей приняли участие в акции КТЖ «Безопасный переезд» в шести регионах страны
Регионы
18.08.2026
Рейд в рамках акции «Безопасный переезд» прошел на станции Актасты
Пассажирские перевозки
18.08.2026
Более 7,5 млн пассажиров перевезено поездами КТЖ с начала года
Новости
18.08.2026
Единую цифровую систему мониторинга поставок угля запускают в Казахстане
Новости
18.08.2026
Модернизация железнодорожных вокзалов продолжается в области Жетысу
Новости
18.08.2026
Тренинг по ИИ и вайб-кодингу прошёл в Дирекции перевозочного процесса
Новости / Архив
18.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №65 от 18 августа 2026 года
Новости
17.08.2026
Профилактические мероприятия по безопасности на железной дороге прошли в детских лагерях Борового и Алматы
Спорт
17.08.2026
Железнодорожник завоевал серебро на чемпионате Казахстана по пара-пауэрлифтингу
Грузовые перевозки / Цифра недели
17.08.2026
Более 184 млн тонн грузов перевезено на сети КТЖ
Регионы
17.08.2026
Волонтеры-железнодорожники приняли участие в экологической акции в Караганде
Регионы
17.08.2026
Рейды в рамках акции «Безопасный переезд» проходят в Акмолинском регионе
Регионы
17.08.2026
Профком КТЖ обсудил с работниками участка Кызылорда вопросы охраны труда и соцподдержки
Новости
15.08.2026
Елжас Отыншиев посетил ключевые объекты железнодорожной инфраструктуры Алматинского региона
Регионы
14.08.2026
Акция «Безопасный переезд» проходит в ВКО