Формализмнен арылатын уақыт жетті...
Жаңалықтар
24.12.2017, 16:44
Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесінің Семей локомотив пайдалану депосы өндірістегі үнемділік бойынша тың табыстарға қол жеткізіп отыр. Жетістіктер қатарына локомотив бригадаларын ұйымдастырудағы тиімділік, кадр саясаты бірінші кезекте себеп болуда.
Осы орайда локомотившілер ұжымындағы қызметті ұйымдастыру барысындағы жаңашыл шаралар туралы ұзақ жылдардан бергі депо директоры, «Құрметті теміржолшы» Дәулет Ыдырысовты әңгімеге тартқан едік.
– Дәулет Тайтөлеуұлы, «бәрін де кадр шешеді» деген нақыл күні бүгінге дейін маңызын жоймаған секілді. Деподағы мамандар біліктілігін арттыру бағытындағы шаралар қатарына тоқтала кетсеңіз.
– Иә, бұл тарапта бұрынғы жылдарға қарағанда бірқатар өзгерістер орын алуда. Әуелгі кезектегі жаңашылдықтар қатарына тоқталсақ, техникалық дәріс өткізуге өзгерістер енгізілді. Инструкция барысы толығымен тексеруден өтеді. Қауіпсіздікке байланысты орын алған кез келген ақаулық қатаң тексеріліп, талқыға түседі. Бұл шаралардың басы-қасында мекеме басшысы ретінде өзім жүремін. Кейбір кездерде барлық келеңсіздік тех. дәрістердегі жіберілген кемшіліктерге алып баратыны бар. Сол себептен, мұндай сабақтарға арнайы қатысып, ойдағыдай жүргізілуін қадағалаймын. Жалпы, бүгінде формализмнен арылатын уақыт келді. Сол себепті, депода өтетін барлық жиындарды локомотившілердің өзіндік «тілінде» жүргізіп, барша қызметкерлер болып жұмыс жасау қажет деп санаймын.
–Қызмет барысындағы кемшіліктердің алдын алып, ақаулықтарға жол бермеу мәселесіне қатысты не айтасыз?
–Бұрындары орын алған ақаулықтарға байланысты көп жағдайда орындаушы тарап – машинистер мен машинист көмекшілері жазаланса, қазіргі күні бұл тәсіл өзгерді. Барлық сапасыз орындалған міндеттемелерге басшылық тарап бірінші кезекте жауапты. Соның аясында деподағы инструкторлық құрам жіберген кемшіліктер толық тексеріліп, депо кезекшілеріне дейін сұрау салынады. Арнайы хаттама толтырылып, тың міндеттер белгіленеді. Сараптама көрсеткендей, бұл әдіс қозғалыс және еңбек қауіпсіздіктерін сақтауда оң нәтижесін беруде.
Локомотив шаруашылығы бейқамдықты көтермейді. Әрдайым бабыңда болып, қалтқысыз қызмет ету міндет. Жұмыс барысында мүлт кету - үлкен шығын әкелуі мүмкін. Міне, осы орайда локомотив бригадаларының кәсібилігін шыңдау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Бұл шаралар инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін де маңызды саналады. Басты мақсат – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, машинистер өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету. Бұл орайда арнайы әзірленген жоспар аясында желі бойындағы қауіпсіздік жұмыстарын сақтауда локомотив бригадалары бойынша арнайы инструктаждар өткізілді. Қазіргі күні әр айдағы жұмыстар қорытындыланып, сарапталатын болды. Түйіндей келе, локомотившілер әрдайым сергек болуы тиіс.
– Биылғы нәтиже көңіліңізден шыға ма?
– Көрсеткіштерге тоқталар болсақ, биылғы жылды жемісті қорытындылаймыз деген сенім басым. Осы мерзімге дейінгі межеленген міндеттемелердің барлығын да толығымен орындадық. Жолдың баллдық деңгейінің жақсаруы ұзын жылжымалы құрамдардан тұратын ауыр салмақты пойыздарды сапарға шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Ал бұл жайт өз кезегінде экономикалық көрсеткіштерді де еселейтіні белгілі. Ең маңыздысы – сапалы жұмыс. Жолаушылар мен сеніп тапсырылған жүктерді діттеген жерге мерзімінде әрі қауіпсіздікті сақтай отырып жеткізу зор жауапкершілікті жүктейді. Біздің басты мұратымыз да – осы.
– Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар