Қауіпсіздік қағидасы
Темірхан Бекебаев – 32 жылдан бері Састөбе бекетінде вагон қараушы-жөндеуші болып еңбек етеді. Дөңгелектің «денсаулығын» балғадан шығатын дыбыстан анықтайтын маман бұл істе нағыз шебер деп танылған.
Тәуліктегі 24 сағаттың жартысында күндіз, 12 сағатында түнде жұмыс істейтіндіктен, бұл кестеге бой үйреткелі қашан. Састөбедегі Цемент зауытына кірген-шыққан вагондардың дөңгелегін көзбен шолып тұратын кәнігі маман қарап тұрып-ақ ақауды алыстан байқайтынын әріптестері жыр қылып айтады.
– Ұжымда 5 вагон қараушы жұмыс атқарамыз. Жүк пойыздарында елуден төмені жоқ, кемі 55-57 вагон болады. 45 минута электровоздың басына барып, қысымын тексереміз. Қыста қалың киіммен кейде құрамның бір басынан екіншісіне жеткенше алқынатынымыз бар. Алайда, шүкір, үлгереміз. Қауіпсіздік қағидасы – біле білгенге көзге көрінбейтін ұсақ жұмыстардан, сақтауы тиіс ережелерден тұрады. Қазір пойыздар саны сиреп қалды. 1992 жылдары мүлдем аз еді, бүгінде көбейгені. Ал, біздің жас күнімізде күніне 40 жұп, 40 тақ, яғни 80-90 пойыз өтетін,- дейді Темірхан Ақтасұлы.
Қазір Састөбедегі тақ және жұп жолдарда КТСМ аппараты орналасқан. Бірі 3342 шақырымның - 5, екіншісі 3359 шақырымның - 9 пикетінде. Вагон дөңгелегінің дискісі, буксасы қызып, бүйір рамасында ақау болса компьютерден көрініп тұрады. Бұл әмбебап құрылғы келгелі жұмыс жеңілдеген. Түлкібастан Састөбеге қарай ойға түсетіндіктен, құрамның салмағы ауыр тартып, осы себептен дөңгелектің дискісі жиі қызады екен. Ал, оны қырағы мамандар дер кезінде анықтап, қауіптің алдын алуға үйренген.
Жаңа жыл түні тәжірибелі вагон қараушы Темірхан Бекебаев ауысымға түседі екен. Бірінші жыл емес, бірнеше рет Жаңа жылды жұмыста қарсы алғаны бар. Тек бірінші қаңтар күні жұмысты тапсырып көңілін демдеген соң ғана отбасына барып, бәйбішесі құйған қызыл сайды ішіп тағы бір жылды қарсы алғанымды сезінімін, дейді ол.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ
Спорт
09.10.2026
Председатели профкомов филиала «Астана» отметили профессиональный праздник спортивными состязаниями
Новости
09.10.2026
Глава КТЖ – Грузовые перевозки оценил работу Trip Optimizer в пути
Новости
09.10.2026
Модернизация мостов в порту Курык повысила эффективность паромных перевозок
Грузовые перевозки
09.10.2026
Более 77 млн тонн угля перевезено по сети КТЖ с начала года
Новости
09.10.2026
Студенты ALT Университета прошли геодезическую практику на объектах КТЖ
Новости / Архив
09.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №80 от 09 октября 2026 года
Новости
08.10.2026
Профсоюзный актив Акмолинской области повысил правовую грамотность на семинаре в Кокшетау
Регионы
08.10.2026
Четыре выезда на пожары совершил пожарный поезд ПП-12 станции Павлодар
Новости
08.10.2026
КТЖ инициирует ужесточение штрафов за выпас скота вблизи железных дорог
Новости
08.10.2026
Более 60 железнодорожников вышли на субботник в Астане
Регионы
07.10.2026
Сервис вышел на новый уровень: как преобразился вокзал станции Оскемен-1
Новости
07.10.2026
КТЖ провело ярмарку вакансий для студентов ALT Университета
Регионы
07.10.2026
День пожилых людей отметили карагандинские железнодорожники
Новости
07.10.2026
Более 400 школьников прошли уроки безопасности на железной дороге в Астане
Регионы
06.10.2026
Память почетного железнодорожника Ерика Жидилова увековечили в Павлодаре
Новости
06.10.2026
Железнодорожники проводят месячник профилактики для школьников
Инфраструктура
06.10.2026
Более 1056 км ж/д путей отремонтировано в Казахстане
Новости
06.10.2026
Еще 18 локомотивов пополнили парк КТЖ